Балаңыздың күш-қуатын керекті арнаға жібергіңіз келе ме? Біздің бейне-ресурстардың арқасында оның табысты кәсіпкер болуына көмектесіңіз. Осы бейне-ресурстардың көмегімен балаңыз барлық қажетті ақпараттық қолдауды алады! Бейнематериалдар «Шеврон» компаниясымен және Атырау облыстық әкімдігімен серіктестікте іске асырылатын «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының бір бөлігі.

Сізге бастапқы бизнес-жоспарды жасаудан бастап қаржылық сауаттылық негіздеріне дейінгі, өз ісіңізді жүргізудің барлық қыр-сыры туралы айтып береміз; табысты бизнес жүргізу үшін іскерлік қарым-қатынасты жолға қоюды үйретеміз. Ең бастысы – біз әлеуметтік кәсіпкерліктің қоғамның өзекті проблемаларын шешуге қалай көмектесетінін және адамдардың өмірін қалай жақсартатынын түсіндіреміз.

Дайынсыз ба? Онда біздің бейнероликті қараңыз:

  • Кәсіпкерлік туралы қарапайым тілмен. Кәсіпкерлік деген не және кәсіпкерлер немен айналысады? Осы роликтен біліңіз.
  • Қаржы-қаражат – оп-оңай! Ақшаны тиімді жолмен басқару дағдысы сізге тек кәсіпкерлікте ғана емес, сонымен қатар болашақта жеке қаржыңыздың есебін жүргізу үшін де кәдеге жарайды. Өз бюджетіңізді дұрыс басқарудың жолы қандай? Біздің бейнероликтен біліңіз.
  • Біздің қоғам – біздің жауапкершік. Қазіргі заманның түйінді мәселелері мен күрделі жақтары туралы білу неліктен маңызды? Себебі әрбір адам өзі тіршілік ететін қоғам үшін жауапкершілік көтереді. Сіздің күнделікті іс-әрекетіңіз айналадағы дүниеге қалай әсер етеді? Осы жерден қараңыз.
  • Әлеуметтік кәсіпкерлер. Әлеуметтік кәсіпкерлер де, кәдімгі кәсіпкерлер сияқты, коммерциялық қызметпен айналысады, бірақ кірісінің бір бөлігін әлеуметтік мәселелерді шешу үшін пайдаланады. Осы бейнероликтен адамдардың өмірін жақсартатын бизнесті қалай құруға болатынын білесіз.
  • Нетворкинг. Өз бизнесіңізді құру үшін жеткізушілер мен клиенттерден бастап өзіңіздің іскери серіктестеріңізге дейін көптеген адамдармен жемісті түрде араласу қажет. Нетворкинг деген осы – ісіңізді табысты жүргізуге көмектесетін іскери байланыстарды жолға қою. Бұл туралы толық ақпарат біздің бейнероликте.
  • Кәсіпкердің сипаттары. Фрейзер Доэрти 14 жасында өзінің ата-анасының асүйінде джем қайната бастады, ал екі жылдан кейін ол Ұлыбританиядағы тосап жасайтын аса ірі зауытпен шартқа отырды да, қазір табысты кәсіпкер әрі миллионер. Табандылық, білуге құмарлық және түйінді мәселелерді жасампаздықпен шеше білу қабілеті – Фрейзердің осындай табысқа жетуіне көмектескен қасиеттер. Фрейзердің табысқа жету тарихы туралы толық мағлұмат осы бейнероликте.
  • Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспар – бұл сіздің бизнесіңіздің табысқа жетуінің 50%-ы, сондықтан оның барынша тиімді әрі айқын болуының маңызы зор. Сауатты бизнес-жоспарды қалай құру керек? Біздің бейнероликтен біліңіз.