Why partner with us
Why partner with us image

British Council-мен ынтымақтастық жекелеген іс-шараға демеу етуді де, сондай-ақ ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды да білдіруі мүмкін. British Council-мен ресурстары мен күштерін біріктіру біздің серіктестерімізге айтарлықтай артықшылықтар береді.

British Council-мен ынтымақтастық сізге төмендегідей мүмкіндіктер береді:

Мақсатты аудиторияға жету

Біздің прогрессивті жастармен жұмыс істейтінімізді әрі жергілікті және халықаралық ұйымдармен ауқымды байланыстарымыз бар екенін ескере отырып, біз сізге мақсатты аудиторияңызды кеңейтуге көмектесе аламыз.  Егер сіз British Council ұйымдастырған іс-шараның, көрменің немесе бағдарламаның демеушісі болсаңыз, сіз біздің маркетингілік инфрақұрылымымыз бен онлайн және оффлайн маркетинг саласындағы тәжірибеміз бен біліміміз беретін артықшылықтарды пайдалана аласыз. 

Біздің сарапшылық білімімізге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болу

Біз сізге өз мақсаттарыңызға жетуде көмек көрсету үшін өнер, ағылшын тілін үйрену және қоғамын зерттеп-танысу секілді салалардағы біздің сарапшылық білім қорымызға қол жеткізу мүмкіндігін ұсына аламыз. Біз 75 жылдан астам уақыт бойы Ұлыбритания мен басқа елдердің арасында қатынастар құрып келеміз. Осының арқасында бізде мемлекеттік басшылармен, саясаткерлермен және кеңесшілермен байланысымыз мықты.

Сіздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы мақсаттарыңызға жету

Біздің сарапшылық біліміміз бен байланыстарымыз бізге серіктестермен бірлестікте жаһандандыру, жоғары білім беру ісін интернационалдандыру немесе жергілікті қоғамдастықтарды жандандыру секілді резонансты тақырыптарға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Біз сіздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы мақсаттарыңызға жетуде көмек көрсету мақсатында өзіміздің сарапшылық білімімізді әлеуметтік маңызды бағдарламалар өткізуде пайдалана аламыз. Бағдарламаны іске асырудың барлық сатыларында – әзірлеу мен ілгерілетуден бастап байланыстарды жолға қою мен қызметкерлердің ынтасын арттыруға дейін – біз сіздің жұмсаған күшіңіздің тиімді болатынына кепілдік беру үшін толық құқылы серіктес ретінде әрекет ететін боламыз. 

Бүкіл әлемде сенім артылатын өз брендіміздің арқасында біз сіздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаңызды ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейде ілгерілетуге ат салыса аламыз.

Ағылшын тілін ең озық технологияларға сүйене отырып үйрену

British Council ағылшын тілі саласындағы әлемдік көшбасы болып табылады. Біз дәл сіздің ұйымыңыздың талаптарын ескеретін арнайы оқу бағдарламаларын дайындай аламыз. Ағылшын тілін бізбен бірге 110 елдегі клиенттер үйреніп, емтихан тапсырады. 

Сіздің брендіңіздің танымалдығын арттыру

British Council брендіне бүкіл дүние жүзіндегілер сенім артады және Ұлыбритания ұсына алатын бар жақсыны білдіреді. Біз 75 жылдам астам уақыт бүкіл әлемдегі адамдар мен ұйымдарға көмектесіп келеміз.

Біздің бренд адамдарға құрметпен қарау, адалдық, өзара көмек, шығармашылық және кәсіпқойлық секілді қағидаларға негізделеді, ал бұлар біз атқаратын барлық істің негізінде жатыр.