Бұл бөлімде

  • құпиялық, cookies файлдары, ақпарат бостандығы
  • British Council веб-тораптарын пайдалану шарттары, веб-торапты пайдалану шарттары, вебөторапқа қол жеткізу мүмкіндігі, шағым берү саясаты
  • British Council өз жұмысында басшылыққа алатын қағидалар туралы ақпарат берілген. 

Веб-торапты пайдалану шарттары мен басшылық алынатын қағидалар үнемі жаңартылып отырады. Соңғы жаңартылған күні – 2014 жылғы 22 желтоқсан.

ҚҰПИЯЛЫҚ және COOKIE ФАЙЛДАРЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТ

ҚҰПИЯЛЫҚ

Жеке деректерді заңды және дұрыс қолдану біздің қызметіміздің серіктестеріміз бен клиенттеріміздің сеніміне лайық болуға мүмкіндік беретін маңызды шарты болып табылады. Сондықтан, бұл қағида British Council-дің барлық өкілдіктерінде қатаң орындалады.

Сіз Құпиялықты сақтау саясатының толық мәтінімен ағылшын тілінде таныса аласыз.

COOKIE ФАЙЛДАРЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТ

Біздің веб-торапқа келушілердің жеке деректерін сақтамастан, оларды сәйкестендіру мақсатында осы веб-торапта cookie файлдары пайдаланылады. Бұл веб-торап бойынша шарлауды жақсартуға, сондай-ақ оның жұмысын оңтайландыруға көмектеседі.

Сіз Cookie файлдарына қатысты саясаттың толық мәтінімен ағылшын тілінде таныса аласыз.

АҚПАРАТ БОСТАНДЫҒЫ

British Council халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтасудың жаңа әрі ашық әдістерін іздеудегі өзінің жетістіктерін мақтан тұтады. Жақсы атақ пен сенімге лайық болу үшін өзіміздің ашық әрі көлегейсіз қызметтің үлгісін көрсетуіміздің үлкен маңызы бар.

Сіз Ақпарат бостандығы туралы саясаттың толық мәтінімен ағылшын тілінде таныса аласыз.

Веб-торапты пайдалану шарттары

British Council осы веб-торапты қалай пайдалану керек екені туралы ақпарат дайындады. Мұнда сіз веб-тораптың кез келген пайдаланушы оған жете алатын етіп қалай жобаланғанының суреттемесін табасыз. Сондай-ақ біздің авторлық құқықтар мен cookie файлдарына қатысты саясатымыз туралы ақпарат, сондай-ақ шағымдар беру процедурасы туралы айтылады.

ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

British Council осы веб-тораптың материалдары мен веб-торапқа апаратын немесе веб-тораптан сілтемелерді пайдаланудың белгілі бір шарттарын қарастырады.

Сіз шарттардың толық мәтінімен ағылшын тілінде таныса аласыз.

ВЕБ-ТОРАПҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МҮМКІНДІГІ

Біз www.britishcouncil.kz веб-торабын пайдаланушылардың қандай браузерді пайдаланатынынан және қосылу үшін қандай да бір ерекше жабдықты қолданатынынан тәуелсіз, веб-торапты ыңғайлы етуге бар күшімізді салдық.

Сіз British Council веб-торабына жету мүмкіндігін жақсарту үшін қабылданатын шаралар туралы ақпаратпен ағылшын тілінде таныса аласыз.

ШАҒЫМ БЕРУ

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Біз өзіміздің жұмысымызды жақсартуға тырысамыз, сондықтан сіздің лебіздеріңіз бен ұсыныстарыңызға разы боламыз. Сіздің біздің жұмысымыздың сапасына қаншалықты қанағаттанғаныңыз немесе қанағаттанбағаныңыз біз үшін маңызды.  Сондай-ақ, егер сіз жұмысы өзіңізге ұнаған немесе ұнамаған қызметкерлерді атасаңыз, біз ризашылық білдіреміз.

Сіз Шағым беруге қатысты саясаттың толық мәтінімен ағылшын тілінде таныса аласыз.

Басшылыққа алынатын қағидалар

Бұл бөлімде сіз British Council жергілікті өкілдігінің жұмыс қағидаларымен таныса аласыз:

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ САЯСАТЫ

British Council қордың бағдарламаларына қатысатын балаларға қамқорлық жасау, соның ішінде оларға қатыгездікпен қараудан қорғау бойынша бізге міндет жүктелетінін мойындайды. Балаларды қорғау бойынша саясатты ұстану балаларды қорғау саласындағы британдық заңнаманы және British Council өзінің қызметін жүзеге асыратын елдерде қолданылатын тиісті заңнаманы орындау, сондай-ақ БҰҰ-ның 1989 жылғы Бала құқығы туралы конвенциясын (UNCRC) орындау есебінен қамтамасыз етіледі.

Сіз Балаларды қорғау бойынша саясаттың толық мәтінімен ағылшын тілінде таныса аласыз.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША САЯСАТ

British Council қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсерді бақылау саласындағы британдық және халықаралық нормаларды орындауға жауапкершілікпен қарайды. Біз өз қызметіміздің қоршаған ортаға ықпал ететінін мойындаймыз. Біз сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдары қоғамға, әлеуметтік әділетке және өмір сапасына қатер төндіруі мүмкін екенін түсінеміз. Осының барлығын ескере отырып, біз қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бақылауды және азайтуды қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салуды міндетімізге аламыз.

Сіз Қоршаған ортаны қорғау бойынша саясаттың толық мәтінімен ағылшын тілінде таныса аласыз.

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИ САН АЛУАНДЫҚ

British Council Ұлыбритания мен басқа елдердің азаматтарының арасында мәдениетаралық алмасу және олардың арасында бір біріне сенім артуды нығайту үшін мүмкіндіктер жасау жолында жұмыс атқарады. Біздің қызметіміз мәдени дәстүрлері мен менталитеті әртүрлі адамдардың арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған. Сондықтан біздің жұмысымыздың маңызды бағыты мәдени сан алуандықпен және бірдей мүмкіндіктер қағидасын ілгерілетумен байланысты.

Сіз Тең мүмкіндіктер және мәдени сан алуандық саясатының толық мәтінімен ағылшын тілінде танысып, ол қағидалардың біздің бағдарламаларымыз бен жобаларымызда қалай ескерілетіні, сондай-ақ қосымша ақпарат үшін кімге хабарласу керек екені туралы біле аласыз.