Алматының қай жерлері сіздің есіңізде қалған ең бақытты сәттеріңізбен байланысты? 

28 сәуірден 25 мамырға дейін оларды Алматыдағы MEGA Park сауда орталығындағы қаланың интербелсенді картасында белгілеңіз де, британдық Invisible Flock арт-студиясы үшін шабыт көзі болатын өз хикаяларыңызды бөлісіңіз. Ең үздік хикаялар Алматыдағы Артишок театрының үлкен сахнасында 1-3 маусымда Invisible Flock көрсететін театр қойылымында көпшіліктің назарына ұсынылады. Билеттердi онлайн сатып алыңыз.

Өтетін күні Бағасы Сілтеме
1 маусым

Ересек: 5 000 теңге

Студенттiк: 4 500 теңге

Зейнеткер: 2 500 теңге

Мектеп оқушыларына: 4 000 теңге

Биллетердi онлайн сатып алыңыз
2 маусым

Ересек: 5 000 теңге

Студенттiк: 4 500 теңге

Зейнеткер: 2 500 теңге

Мектеп оқушыларына: 4 000 теңге

Биллетердi онлайн сатып алыңыз
3 маусым

Ересек: 5 000 теңге

Студенттiк: 4 500 теңге

Зейнеткер: 2 500 теңге

Мектеп оқушыларына: 4 000 теңге

Биллетердi онлайн сатып алыңыз

«Бақытты адамдар» жобасы туралы

«Бақытты адамдар» жобасын ең озық технологиялар пайдаланылатын тосын шығармашылық туындыларымен белгілі британдық Invisible Flock интербелсенді арт-студиясы жасаған. 

«Бақытты адамдар» жобасы екі құрамдас бөліктен тұрады:

  • Біріншісі – қаланың интербелсенді картасы. Онда Алматының барлық тұрғындары мен қонақтары өздерін бақытты сезінген жерлерді белгілеп, сол жердің өздері үшін неліктен маңызды екені туралы шағын жазба қалдырады. 
  • Екінші құрамдасы – жиналған бақытты естеліктердің негізінде құрылатын, Invisible Flock арт-студиясы сахнада қоятын театр көрсетілімі. Қойылым 1-3 маусымда Артишок театрының үлкен сахнасында өтеді.

Invisible Flock туралы

Invisible Flock — 2009 жылы Лидс қаласында жетекші үш суретші: Бен Итон, Виктория Пратт және Ричард Уорбертон құрған интербелсенді арт-студия. 

The Guardian оларды цифрлық және интербелсенді өнердің «нағыз жаңашылдары» деп атады: Invisible Flock өнердің түрлі пішіндерінің тоғысындағы әдеттен тыс туындыларымен белгілі. Суретшілер көрермендердің әлемге және ондағы өздерінің алатын орнына жаңаша көзбен қарауына қозғау салатын еңбектерді жасайды, ал пайдаланатын технологиялары көрермендермен тереңірек араласуға ықпалдасады.

Театр қойылымы