Crafting futures БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Crafting Futures бағдарламасы бүкіл дүние жүзінде қолөнер мен қолданбалы өнердің дамуына қолдау көрсетеді. British Council жүзеге асыратын осы бағдарлама білім алмасу және экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан даму мақсатында ресурстарға қол жеткізу ауқымын кеңейтуді көздейді. Crafting Futures бағдарламасы шеңберіндегі жобалар зерттеу жүргізу, ынтымақтастықты кеңейту және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру жолымен тәжірибе алмасуға және шеберлердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға бағытталған.

Халықаралық ынтымақтастықты жолға қоя отырып, Crafting Futures бағдарламасы Ұлыбританияның және басқа елдердің арасында жаңа әріптестік байланыстар орнатады және тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер жасайды. Бағдарлама аясында қолданбалы өнер мен кәсіптерді қолдауға және дамытуға бағдарланған маңызды зерттеушілік және білім беру бастамаларына қолдау көрсетіледі. Crafting Futures дизайнерлер мен шеберлердің жаңа тәжірибе үйренуіне көмектеседі және жаңа нарықтар мен жаңа аудиторияға шығуға мүмкіндік береді де, сол арқылы қолөнер мен қолданбалы өнердің маңызын арттырады әрі бұл секторда білім алмасудың жалғасуына ықпалдасады.

Қазіргі кезде бағдарлама Шығыс және Оңтүстік Азия мен Латын Америкасы елдерінде міне бірнеше жыл іске асырылып отыр. Жобаның мақсаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына сәйкес келеді: 

  • 4-мақсат – Сапалы білім беру: машықтарды, кәсіпкерлікті дамыту және шығармашылық процесспен жасалған бұйымдардың сапасын жақсарту үшін білім беру және оқыту. Халықаралық ауқымда білім мен тәжірибені таратуға арналған зерттеулер және құрал-сайман; 
  • 5-мақсат – Гендерлік теңдік: қолөнермен айналысатын әйелдерді және әйелдер қоғамдастықтарын тану және олар үшін экономикалық мүмкіндіктер жасау; 
  • 8-мақсат – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: шығармашылық әлеует пен инновацияларды инклюзивтік дамыту және баршаға лайықты жұмыс жағдайларын жасау мақсатында жастарды тарту; 
  • 10-мақсат – Теңсіздікті азайту: жаңа мен ескіні, майдагерлік кәсіпті және технологиялық әдістерді, ауыл мен қалаға, мәдени және экономикалық өндіріске тән нәрселерді біріктіру есебінен теңсіздікті қысқарту – баршаға теңдікті қамтамасыз ету; 
  • 12-мақсат – Жауапкершілікпен тұтыну және өндіру: өнімдердің экологиялық тұрақтылығын және көп айналымды түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында орнықты әрі этикаға сай өндіру мен тұтынуды дамыту; 
  • 17-мақсат – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік: жобалардың барлығын халықаралық ынтымақтастық және білім мен тәжірибе алмасудың негізінде жүзеге асыру.

Crafting futures ШЕҢБЕРІНДЕГІ әріптЕСТІК

Әріптестік – Crafting Futures бағдарламасының және оның нәтижелерінің негізі. Қолөнершілердің арасында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың мақсаты – қолданбалы өнердің болашақта өркендеуін қамтамасыз ету және бұл сектордың проблемаларын ғаламдық деңгейде шешуге көмектесу. Ұлыбританияда біз ұйымдардың әріптестік желісімен жұмыс істейміз, бірлескен жобаларды іске асыруы үшін оларға шет елдерден әріптестер табуына көмектесеміз. 

2019 жылы British Council Қзақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Армения, Әзірбайжанда осы бағдарламаны бастайды. Біз өз өңірінде бағдарламаны дамытуға мүдделі әлеуетті әріптестерді іздеудеміз. Бағдарлама аясында алуан түрлі қатысу мүмкіндіктері қарастырылған, соның ішінде: 

  • стратегиялық әріптестік (мысалы, кеңестемелер немесе тоғыспалы ілгерілету); 
  • жобаларды іске асырудағы әріптестік;
  • бірлескен зерттеулер жүргізу; 
  • конференцияларға, форумдарға, дөңгелек үстелдерге, пікірталастарға және т.б. қатысу; 
  • ақпарат құралдарымен және әр түрлі контент жасаушылармен әріптестік құру;
  • өкіл ретінде қатысу  (мысалы, спикерлер ретінде шығып сөйлеу, презентациялар жасау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу).

Crafting Futures жобаларының жергілікті қоғамдастықтың мүдделері мен мұқтаждықтары ескеріліп әзірленуінің маңызы зор. Біз сондай-ақ барлық әлеуетті әріптестер үшін бағдарламаға қатысудың анық шарттарын қамтамасыз етеміз.

БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Алдын ала өтінімдерді жинау барысында біз қазіргі кезде Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда жұмыс істейтін, бағдарламаның мақсаттарын қолдайтын және бағдарламаны одан әрі дамытуға мүдделі ұйымдар туралы ақпарат аламыз деп сенеміз. Өтінімдерді жинау аяқталғаннан кейін біз бағдарламаға қызығушылық білдіргендердің барлығына хабарласамыз және одан әрі ынтымақтастық жасау мүмкіндігін талқылаймыз.

Біз тәжірибе алмасуға және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуға мүдделі әріптестерді іздейміз, бұл:

  • қолөнершілердің қауымдастықтары, кооперативтері мен одақтары;
  • қолөнер секторына өкілдік ететін ұлттық ұйымдар (мысалы, қолөнершілердің кеңестері мен мемлекеттік органдар); 
  • дизайнерлермен және шеберлермен жұмыс істейтін ұйымдар, соның ішінде ҮЕҰ; 
  • қолданбалы өнер және дизайн саласының мамандықтары бар жоғары оқу орындары және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары; 
  • мұражайлар және қолөнер кәсібі мен қолданбалы өнерге өкілдік ететін басқа да мәдениет ұйымдары; 
  • қолөнер кәсібі мен дизайн мәселелерін ашып көрсететін БАҚ, медиа-платформалар; 
  • қолөнер кәсібіне маманданбайтын, бірақ жапсарлас салаларда жұмыс істейтін және қолөнер мен қолданбалы өнер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті платформалар (сән апталықтары, дизайнерлік іс-шаралар, жастар ұйымдары мен әйелдер ұйымдары, мәдениет пен өнер фестивальдары, мәдени мұра жөніндегі ұйымдар және т.с.с.).

Осы жолы біз ұйымдардың (жеке тұлғалардың емес) ішінен серіктестерді іздейтінімізге назар аударуды өтінеміз.  

Біз сондай-ақ сауда ұйымдарынан да өтінімдер қабылдаймыз, бірақ бағдарламада сауда дамыту мәселелерінің қамтылмайтынын ескеруді өтінеміз. 

ӨТІНІМДІ ҚАЛАй ЖОЛДАУ КЕРЕК

Алдын ала қатысу туралы өтінімді ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде, мына төмендегі ақпаратты көрсете отырып 2019 жылғы 10 мамырға дейін беруді өтінеміз: 

  • ұйымыңыз, қолданбалы өнер саласындағы жұмыс тәжірибеңіз және маманданған кәсібіңіз туралы қысқаша ақпарат (500 сөзден көп емес);
  • Crafting Futures бағдарламасына неге қызығушылық білдіргеніңіз және оның мақсаттары мен ұйымыңыздың мақсаттарының арақатынасы қандай екені туралы қысқаша ақпарат (200 сөзден көп емес); 
  • бағдарламаға қандай түрде қатысқыңыз келетіні туралы қысқаша ақпарат (200 сөзден көп емес); 
  • өзіңіз қажет деп санайтын кез келген басқа ақпарат. 

Өтінімдерді хаттың тақырыбын Crafting Futures деп жазып белгілеп, info@kz.britishcouncil.org электрондық мекенжайына жолдау керек. Назар аударыңыз! Хаттың тақырыбын Crafting Futures деген белгі қойылуы келіп түскен өтінімдерге мониторинг жасауымызды оңайлатады. Қоса тіркелген құжаттардың жалпы өлшемі 5 мегабайттан аспауға тиіс.