Қазақстан мен Өзбекстандағы British Council ұйымы үш жылдық Creative Producers бағдарламасының ашылғаны туралы жариялайды. Бағдарлама Орталық Азия елдерінде жасампаздық продюсерлікті дамытуға бағытталған. 2019 жылы Алматы мен Ташкент пилоттық қалалар болады.

Бағдарламаға қатысуға өзінің мансап жолын енді бастаған, бірақ жобаларды ұйымдастыру тәжірибесі бар, өздерінің жобаларын Алматы мен Ташкентте іске асыра алатын жасампаз продюсерлер (арт-менеджерлер де, сондай-ақ шығармашылық кәсіптердің өкілдері де: суретшілер, әртістер т.с.с.) шақырылады.

2019 жылы бағдарлама бірнеше сатыдан құралатын болады:

  • Бирмингемдегі Supersonic фестиваліне және Манчестердегі Manchester International Festival фестиваліне бару (Алматыдан 6 адам және Ташкенттен 6 адам);
  • Алматы мен Ташкентте білім беретін мастер-кластар, оларды Ұлыбританиядан келген тьюторлар өткізеді (Алматыда 20-ға дейін және Ташкентте 20-ға дейін адам қатысады);
  • жобаларды тәптіштеу және гранттарға өтінім беру (мастер-кластар барысында қатысушылардан құралған командалар);
  • жобаларды іске асыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар және өтінімдерді іріктеу өлшемдері

- Біз өзінің мансап жолын енді бастаған жасампаз продюсерлердің өтінімдерін күтеміз.

 

- Бағдарламаға түрлі жанрлар мен бағыттардың өкілдері қатыса алады: мәдени жобаларды ұйымдастыруда тәжірибесі бар мәдени алаңдардың арт-менеджерлері мен директорлары, суретшілер, кураторлар, фестивальдерді ұйымдастырушылар, театр сыншылары мен драматургтар, режиссерлер, бишілер, музыканттар және т.с.с.

 

- Өтінім беретін үміткерлер бағдарламаның барлық сатыларында оған міндетті түрде қатысуға келісім береді (төмендегі «Негізгі мерзімдер» бөлімін қараңыз).

 

- Үміткерлер визаға, сақтандыруға және Ұлыбританияның аумағында тамақтану шығыстарын, сондай-ақ фестивальдер кезінде қала ішінде жүріп-тұруға жұмсалатын көлік шығынын өз бетімен өтеуге келісім береді.

 

- Біз тек талаптарымызға сәйкес толтырылған өтінімдерді ғана қарастырамыз («Бағдарламаға қалай қатысуға болады» бөлімін қараңыз). Толық толтырылмаған өтінімдер қарастырылмайды.

 

- Біз табысты үміткерлердің әлеуметтік желілерде сапалы аудиториясы бар, сториз жүргізе алатын қабілеті, сапар туралы және бағдарламаның түрлі сатылары туралы жарияланымдар жасауға деген ынтасы бар, Ұлыбританиядан оралғаннан кейін және бағдарламаның түрлі сатыларында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда, сұхбаттарда және (немесе) блогтарда өздерінің алған әсерлерін бөлісуге дайын болады деп күтеміз.

 

Ұлыбританияға виза алу бойынша талаптарға сай болу. Талаптармен Ұлыбритания Үкіметінің сайтында танысуға болады.

 

- Ағылшын тілін жақсы меңгеру деңгейі (CEFR шкаласы бойынша B2 деңгейі болғаны жақсы) міндетті емес, бірақ құп алынатын болады.

Негізгі мерзімдер

24 мамыр – бағдарламаға қатысу үшін өтінім берудің соңғы мерзімі;

 

24 мамыр – 3 маусым – өтінімдерді іріктеу және бағдарламаға қатысушыларды айқындау;

 

3–14 маусым – Ұлыбританияға виза алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру. Виза құжаттар тапсырылған сәттен бастап 3 апта ішінде қарастырылады;

 

1–5 шілде – қатысушылардың қолында визалары бар төлқұжаттары болуға тиіс;

 

14-21 шілде – Бирмингемдегі Supersonic фестиваліне және Манчестердегі Manchester International Festival фестиваліне бару (Алматыдан 6 адам және Ташкенттен 6 адам);

 

2-6 қыркүйек – Алматы мен Ташкентте білім беретін мастер-кластар, Ұлыбританиядан келген тьюторлар өткізеді (Алматыда 20-ға дейін және Ташкентте 20-ға дейін адам қатысады);

 

2019 жылғы қазан – жобаларды тәптіштеу және гранттарға өтінім беру (мастер-кластар барысында қатысушылардан құралған командалар);

 

2020 жылғы қаңтар – ақпан – жобаларды іске асыру.

Бағдарламаға қалай қатысуға болады

Төмендегі ақпаратты ағылшын немесе орыс тілдерінде 2019 жылғы 24 мамырға дейінберуді өтінеміз:

 

1)    Түйіндемені (CV) және ұйымдастырылған жобаларға апаратын сілтемелерді жіберу, бұл орайда үміткердің ағылшын тілін білетін-білмейтінін көрсету; бағдарламаға қатысатыны туралы жариялайтын әлеуметтік желілердегі аккаунттарға (жеке аккаунттар немесе жобаларыңыздың / өзіңіз жұмыс істейтін ұйымның аккаунттары) апаратын сілтемелер;

 

2)    өзіңізге осы тәжірибенің неліктен керек екені және оны өз қалаңызда қалай қолдана алатыныңыз туралы уәждемелік хат жазу (көп дегенде 500 сөз);

 

3)    аталған бағдарламаның шеңберінде іске асырғыңыз келетін жобаның идеясын суреттеп беру (көп дегенде 500 сөз);

 

4)    Бағдарламаға қатысу ережелерінің үміткер қол қойған нұсқасының скан көшірмесін жіберу.

Өтінімдерді info@kz.britishcouncil.org электрондық мекенжайына хаттың тақырыбына Creative Producers деген белгі қойып жолдау керек. Ескерту! Хаттың тақырыбындағы Creative Producers белгісі келіп түскен өтінімдерді біздің қадағалауымызды оңайлатады. Қоса тіркелген құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауға тиіс.