EUNIC деген не?

EUNIC – Еуропа Одағына мүше елдердің халықаралық мәдени ұйымдарының қоғамдастығы.   2006 жылы құрылған қоғам 26 елден өкілдік ететін 30 мүшеден құралады.   EUNIC мүшелері 150-ден астам елде жұмыс істейді. Олардың құрамында 2 000-нан астам бөлімше бар.  Олар өнер, білім, мәдениеттер арасындағы сұхбат, жастарға қолдау көрсету және дамыту саласында жұмыс істейді.

EUNIC Алматы

EUNIC Алматы мүшелері:

  • Алматы французық альянсы
  • Қазақстандағы British Council
  • Comitato ‘Dante Alighieri’ Алматы
  • Гёте-Институт Алматы
  • Венгрияның Алматыдағы консулдығы
  • Итальян елшілігі

EUNIC Алматы Президенті Қазақстандағы Гёте-Институт директоры Ева Шмидт болып табылады.

EUNIC қоғамдастығы дегеніміз:

  • Өзінің қатысушыларын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ынталандыратын белсенді қоғамдастық.
  • Қатысушылармен идеяларын және тәжірибесін бөлісетін, оқып-үйрететін қоғамдастық.
  • Түрлі серіктестермен, соның ішінде Еуропалық Комиссиямен, Еуропалық Кеңеспен және бүкіл дүние жүзіндегі серіктестермен жұмыс істейтін серіктес қоғамдастық.
  • Бүкіл дүние жүзінде адамдардың арасында мәдени байланыс орнатудың пәрменділігін насихаттайтын белсенді әрі жария қоғамдастық.

Сыртқы сілтемелер