©

Luke Fowler, ENCEINDRE, 2018. Courtesy of the artist and The Modern Institute/Toby Webster Ltd, Glasgow

OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS – British Council және LUX халықаралық арт-агенттігінің коллекциясындағы қазіргі заманғы британдық суретшілердің медиа-арт туындыларының жаңа көрмесі. Экспозиция Шымкент қаласының Бейнелеу өнері мұражайында 2019 жылғы 15 маусымнан 14 шілдеге дейін назарға ұсынылады. Шымкентте көрменің әлемдік премьерасы өтеді, және де бұл  British Council ұйымы мен Бейнелеу өнері мұражайының Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ынтымақтастық жасауының бірінші тәжірибесі.

Қазіргі заманғы әлем жаңа қоғамдық құрылымдардың және адамдар топтарының пайда болуымен, бұрыннан бар адамдар бірлестіктерінің трансформациялануымен ерекшеленеді. Үйреншікті қоғамдық шекараларды өзгерте отырып, біз аса өзекті сәйкестік және тиістілік мәселелеріне тап боламыз. Мұндай жағдайда тарих бізге қандай әңгіме айтуы мүмкін? 

Көрменің OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS деген атауын қазақ тіліне «Бұрынғы әлемдік тәртіп / Жаңа әлемдік тәртіптер» деп аударуға болады. Назарға ұсынылған жұмыстар материалдық және материалдық емес мәдени мұра, қазіргі заманғы мәдениет, жалпы сәйкестік және қоғамның ынтымағы тақырыптарын ашады. 

Британдық алты суретші бұл мәселелерді өмірбаяндық және деректі кино жанры, поэзия және көркемдік ойдан шығару арқылы зерттейді. 

Шымкент қаласы Бейнелеу өнері мұражайының мекенжайы: Мәделі Қожа көшесі, 2Б

2019 жылғы 15 маусым – 14 шілде
Мұражай күн сайын сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін жұмыс істейді 
Көрмеге кіру - 300 теңге

OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS көрмесі We Are Here: British Council және LUX арт-агенттігінің коллекциясынан медиа-арт бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған.

Жобаның кураторы Тендай Джон Мутамбу, Британдық кеңестің шақырылған кураторы (Ұлыбритания)
Қазақстандағы жобаның кураторы Айгүл Ыбыраева, өнертанушы және PLATFORM.PROJECTROOM қазіргі заманғы өнер білім беру-эксперимент алаңының (Нұр-Султан) кураторы
Суретшілер Каллум Хилл, Розалинд Нашашиби, Люк Фаулер, Морган Куэйнтенс Айо Акингбаде, Оньеки Игве

Көрме шеңберінде медиа форматта жұмыс істейтін суретшілермен, сондай-ақ шығармашылығында алдағы мультимедиялық көрменің тақырыптары көрініс тауып отырған зерттеушілермен апта сайынғы жария дәрістер өткізу жоспарланып отыр. Толық ақпарат төменде берілген:

©

Ayo Akingbade, Tower XYZ, 2016. Courtesy of the artist and LUX 

©

Morgan Quaintance, Another Decade, 2018. Courtesy of the artist and LUX

©

Onyeka Igwe, Sung, 2018. Courtesy of the artist and LUX

15 маусым: «Шығармашылық бастамалар. Платформадағы мультимедиалық көрмелер»

Айгүл Ибраева. Өнертанушы, Platforma project room жетекшісі. Дәрістің тақырыбы:  «Шығармашылық бастамалар. Платформадағы мультимедиалық көрмелер».

Дәріс сағат 15:00-де мұражайда өтеді, кіру тегін, тіркеу қажет: https://www.surveymonkey.com/r/WAH-lecture-1

22 маусым: Суретші Саид Атабековпен жүргізілетін «Шығармашылық туралы» артистолк

Артистолк пішімінде «Дала қасқырлары» топтамасының құрылуы туралы тақырыпты жалғастырып, бейнежазбалар мен фотосуреттердің қалай жасалғаны туралы, суретшінің шығармашылық тарихы туралы көрерменмен сұхбаттасқым келер еді. Бұрынғы фото және бейне еңбектердің, сондай-ақ жаңа еңбектердің тұсаукесері. 

Дәріс сағат 15:00-де мұражайда өтеді, кіру тегін, тіркеу қажет: https://www.surveymonkey.com/r/WAH-lecture-2 

29 маусым: суретші Смайыл Баялиевпен артистолк

«Қызыл Трактор» тобының даму тарихы». Автор деректі фильмін, жүзеге асырылған жобалардың бейне және фотоматериалдарын көрсетеді.

Дәріс сағат 15:00-де мұражайда өтеді, кіру тегін, тіркеу қажет: https://www.surveymonkey.com/r/WAH-lecture-3

06 шілде: суретші Виталий Симаковтың «Пішін, кеңістік, құрылым» атты дәрісі

Автор кеңістіктік-құрылымдық теория әдістемесімен таныстырып, өзінің педагогикалық қызметі туралы айтып береді.

Дәріс сағат 15:00-де мұражайда өтеді, кіру тегін, тіркеу қажет: https://www.surveymonkey.com/r/WAH-lecture-4

Сыртқы сілтемелер