Selector - British Council-дің екі сағаттық музыкалық радиобағдарламасы, ол түрлі елдердегі тыңдармандарға апта сайын жаңа британдық музыканы ұсынады. Бағдарламаны жүргізуші – диджей Голдирокс. Selector заманауи музыканың барлық жанрларын, Ұлыбританияның қазіргі кездегі ең дарынды орындаушылармен жүргізілген сұхбаттарды және олардың өз даусымен орындайтын шығармаларын ұсынады.

Қазақстанда Selector Tengri FM радиостанциясының эфирінде әр дүйсенбіде 22:00 беріледі. Сіз сондай-ақ хабардың тікелей трансляциясын немесе өткен шығарылымдардың жазбаларын Selector веб-сайтынан тыңдай аласыз.

Twitter @SelectorRadio желісінде Selector бетіне және біздің Facebook-тағы бетімізге жазылыңыз.

Selector бағдарламасы жайында көбірек біліңіз

Selector бағдарламасын әлемнің түрлі елдерінде үш миллионнан астам адам тыңдайды. Бағдарлама британдық музыканың бүкіл сан алуан туындыларын ұсынады, өз тыңдармандарын үздік композициялармен, дарынды орындаушыларымен және бүгінгі Ұлыбританияның музыкалық мәдениетімен таныстырады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – британдық өнердің бүкіл сан алуандығы мен жаңашылдығын көрсетіп, Ұлыбритания туралы дәстүрлі түсінікті өзгерту. Selector бағдарламасының ойнату тізіміне әдетте тыңдармандарға бұрыннан белгілі танымал музыка кірмейді, бағдарлама қызметкерлері баламалы және тәуелсіз музыкалық материалды көбірек ұсынуға тырысады.

Хабарға түрлі уақытта Тайни Темпа, Графф Рис, Foals тобы, Файф Дэнжерфильд, Гостпоэт, Sparrow & The Workshop тобы, DELS және  Джейми Вун қатысқан болатын. 

Голдирокс

"Ол поп-мәдениеттегі ең ықпалды әйелге айналуы мүмкін” – Evening Standard

Голдирокс (шын аты Сэм Холл) – дүние жүзіне әйгілі ди-джей әрі танымал радиожүргізуші, оның табынушыларының қатарында Мадонна, Джорджио Армани, Ричард Брэнсон және Джейд Джаггер бар (ол осылардың әрқайсысына арналған эксклюзивті хабарларды жүргізген болатын). Музыка талғампаздары өте жоғары бағалайтын оның апталық  Selector радиохабары 37 елге трансляцияланады және 4 миллионнан астам тұрақты тыңдарманы бар. Sunday Times газетінің айтуынша, бұл – «ультразаманауи британдық музыкалық хабар». 

2011 жылы Сэм бірнеше рет BBC Radio 1-де радиожүргізуші Девтің орнына хабар жүргізді, 2012 жылы ол Manchester Warehouse жобасының шеңберінде Reebok Radio жүргізушісі болды. Сондай-ақ ол әр жұма сайын түнге қарай  Мехикода Ibero FM, Қытайда Loop FM және Варшавада Roxy FM радиоарналарында шығатын  Selector After Dark би шоуын жүргізеді. 

Радиобағдарламалармен қатар Сэм бүкіл дүние жүзі бойынша түрлі сахналарға ди-джей ретінде шығып, түрлі бағыттардың бірегей  DJ-микстерін, соның ішінде хаус, әлемдік ырғақтарды, электрондық музыка ремикстерін және басқа шығармаларды ұсынады. 

Оны үнемі өнер көрсетуге шақыратын фестивальдердің Creamfields, Latitude, Leeds, Wakestock, Secret Garden Party және Glastonbury сияқты фестивальдер бар. Оның қойылымдары көрсетілген ең бір әдеттен тыс жерлердің қатарында – Қазақстандағы кеңес дәуірінің бункерлері, Малави көлінің жағажайлары, Шанхайдағы қоймалардағы сауық кештер, Альпі тауларындағы иглулардағы және Монако мен Сиднейдің айлақтарындағы бай яхталардағы дискотекалар. Сондай-ақ ол Лондондағы өз атымен аталатын түнгі клубтың иесі және соңғы екі жылда Британдық өнер академиясының марапаттау салтанатының жүргізушісі болып табылады. 

Сэм Channel 4 телеарнасында трансляцияланған Лондондағы 2012 жылғы Параолимпиада ойындарының ашылу салтанатында 90 минуттық бағдарламамен шықты. Стадиондағы 80 000 көрермен мен миллиондаған телекөрермендерді ескергенде, бұл Сэмнің мансабындағы көптеген жетістіктердің тағы біреуі болды.

Сыртқы сілтемелер