Британдық Кеңес қызметінің басты бағыттарының бірі Ұлыбританияның оқу орындарына өкілдік ететін білім агенттерімен ынтымақтасу болып табылады. Шетелде білім алу бойынша агенттермен,  консультанттармен және кеңесшілермен бірлесе атқарылатын жұмыс сапаны, кәсіпқойлық пен сенімділікті қамтамасыз етуге бағытталады.

Study UK агенттеріне арналған British Council оқыту бағдарламасының екі деңгейі бар:

  • Агенттерге арналған British Council базалық курсы
  • Агенттерге арналған British Council жетілдірілген курсы 

АГЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН Study UK ТРЕНИНГІЛЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ? 

  • Британдық оқу орындарымен серiктестiк қарым-қатынасты нығайту мен кеңейту және агенттіктің маркасын насихаттау мақсатында тұтастай британдық білім беру ісін және оның ішінде білім беру жүйесінің әр секторын жеке-жеке түсіну.
  • Британдық әр білім беру өнімін түсіну және Қазақстанның нарығына тиімді түрде шығару үшін оны іс жүзінде қолдану.
  • Британдық оқу орындары таныған, халықаралық үлгідегі кәсіби біліктілік. 
  • Оқу курсы аяқталғаннан кейін British Council британдық оқу орындарымен ынтымақтасу үшін ұсынылатын аккредитацияланған агенттердің тізімін жариялады.

АГЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН Study UK ТРЕНИНГІНЕ ТІРКЕЛУ 

Егер сіз Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда немесе Тәжікстанда жұмыс істейтін білім агенті болсаңыз және базалық немесе жетілдірілген курсты оқығыңыз келсе, бізге studyuk.kazakhstan@britishcouncil.org электрондық мекенжайы бойынша хабарласыңыз.

Жуық арадағы онлайн-курс 2018 жылғы 12 қарашадан бастап 2019 жылғы 18 қаңтарға дейін өтеді.  

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2018 жылдың 5-ші қаращасы.