Creative Spark: жоғары оқу орындарына арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарламаның алғашқы жылының табысты болғанын назарға ала отырып, біз тағы 12 халықаралық серіктестіктің қаржыландырылатынын қуана хабарлаймыз. Әр серіктестік 40,000 фунт стерлингке дейін алады. 

Өтінімдер 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 2019 жылғы 12 мамырға дейін қабылданады.

БҰҰ жасампаз экономиканы әлемдік экономиканың тез өсіп келе жатқан секторларының бірі ретінде мойындады. Бағдарламаға қатыса отырып, сіз келесі ұрпақ өкілдерінің жұмысқа орналасу үшін қажетті машықтарды меңгеруіне көмектесесіз, сондай-ақ өз еліңіздегі жасампаз экономиканың дамуына ықпалдасасыз.  

Қандай тұстарға назар аудару керек

Грант алу туралы өтінімдерде ең бірінші кезекте мыналар қарастырылуға тиіс:

  • студенттер мен жасампаз жас кәсіпкерлердің машықтарын дамыту
  • жаңа кәсіпорындарға қолдау көрсету және бизнес-инкубация
  • білім алмасу. 

Ең үлкен қаржыландыру сомасы – бір серіктестік үшін бір академиялық жылға (2019 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы маусым) 40 000 фунт стерлинг. 

Серіктестікті Ұлыбританиядан таңдалған кем дегенде бір ұйымның және бағдарламаға қатысушы елдердегі кем дегенде бір ұйымның арасында құруға болады. Өтінімнің түпкілікті нұсқасын британдық серіктес беруге тиіс. Серіктестіктерді жекелеген ұйымдардың немесе консорциумдардың (яғни, Ұлыбритания мен қатысушы елдердің университеттерінің немесе ұйымдарының шағын топтарының) арасында құруға болады. 

Толық ақпарат алу үшін парақтың астыңғы жағындағы өтінім беру бойынша нұсқаулықты қараңыз.

Кім қатыса алады

Creative Spark бағдарламасына қатысушы елдердегі (Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан) серіктестермен бірлесе отырып, Ұлыбританияның ұйымдары:

  • университеттер (немесе университеттердің байланысқан мекемелері мен институттары)
  • жергілікті және ұлттық қорлар (бағдарламаның мақсаттарына сай келетін мақсаттары мен мүмкіндіктері болса)
  • мемлекеттік органдар (сай келетін мақсаттары бар қалалық және ұлттық билік органдарына жұмыс істейтін үкіметтік және жартылай үкіметтік ұйымдар)
  • үкіметтік емес ұйымдар
  • жасампаздық хабтар, кластерлер және инновациялық орталықтар.

Өтінімді қалай беру керек

Біз өтінімнің Word пішіміндегі пішінін дайындадық (парақтың астыңғы жағынан қараңыз), ол серіктестермен бірлесіп бастапқы нұсқаларын жазуға ыңғайлы. Алайда бұл пішін тек осы мақсаттарға ғана арналған. Өтінімнің түпкілікті нұсқасын беру үшін онлайн пішінді пайдалану қажет.

Егер сұрақтарыңыз болса, өтінім беру мерзімі өткенше – 2019 жылғы 12 мамырға дейін Creative Spark бағдарламасының ұжымына немесе біздің жергілікті кеңсеге хабарласыңыз.