FameLab жас ғалымдар мен инженерлерді қоғаммен және басқа да мүдделі тұлғалармен белсене  араласу, шабыттандыру, ынталандыру және олардың дағдыларын дамыту мақсатымен өткізіледі.

Ғылым саласындағы нәтижелі коммуникация стереотиптерді өзгертуге, қызығушылықты көтеруге және де ақыр аяғында мемлекеттің ғылыми зерттеулерді қаржыландыруын негіздемелеуіне әкеледі.

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАТЫСУЫ

Ұлыбритания ғылыми коммуникация саласы бойынша озық тәжірибенің орталығы бола тұра ғылымның көпшілікке жетімділігі әлем ғалымдары үшін басты мәселелердің бірі екенін мойындайды.

FameLab конкурсының халықаралық финалы жыл сайын The Times Cheltenham ғылыми фестивалі аясында Ұлыбританияда өткізіледі. Фестивальға ғылыми коммуникациялар саласындағы  шеберліктерін көрсету, басқа да энтузиасттармен танысу және британдық мамандардан үйрену мақсатымен бүкіл дүние жүзіндегі ұлттық конкурстардың жүлдегерлері жиналады. 

ТАРИХЫ

The Times Cheltenham ғылыми фестивалінің аясында алғаш рет 2005 жылы өткізілген уақытынан бастап FameLab әлемдегі ғылыми коммуникация саласындағы жетекші конкурсқа айналды. British Council-мен ынтымақтастық 2007 жылдан басталды және ол конкурстың халықаралық деңгейге шығуына септігін тигізді: 25 мемлекеттен 5000-н (ғалым мен инженерлер) астам адам қатысқан. 2015 жылыFameLab қатарына жаңа елдер қосылды.

FameLab Қазақстанда 

«Шеврон» компаниясының қолдауымен British Council Қазақстанда FameLab-ты сәтті іске асыруда. 

Соңғы екі жылда конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 180-нен астам бейнеролик берілген. Әрбір жылдың үздік он қатысушысы Астанада өткен екі күндік шеберлік сабақтарына қатысты, содан кейін ұлттық финал шеңберінде сайысты. 

FameLab-тың 2015 жылғы жеңімпазы Дана Ақылбекова 2016 жылғы халықаралық финалға қатсыты; 2017 жылғы жеңімпаз Артур Саудабаев Қазақстанның атынан 2017 жылғы маусым айында қатысты. 

FAMELAB ҚАЗАҚСТАН 2019 ЖЕҢІМПАЗЫ

Мереке Алибек 

Аубакиров Асхат 

Давлидова Салима  

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ FAMELAB 2019 ЖЕҢІМПАЗЫ – ТИМ ГОРДОН

FAMELAB ҚАЗАҚСТАН 2017 ЖЕҢІМПАЗЫ

Артур Саудабаев

Тақырып: Блокчейн технологиясы дегеніміз не және ол әлемді қалай өзгерте алады?

Артурдың қызықты орындауын осында көруге болады

FAMELAB ҚАЗАҚСТАН 2016 ЖЕҢІМПАЗЫ

Дана Ақылбекова

Тақырып: Drug Delivery Vehicle

Дананың қызықты орындауын осында көруге болады

Жобаның қалай өтетінін көріңіз!