Жұмысқа орналасуға арналған жоғары білім

Британдық Кеңес Оңтүстік Кавказда (Армения, Әзірбайжан, Грузия), Орта Азияда (Қазақстан, Өзбекстан), Украина мен Түркияда “Жұмысқа орналасуға арналған жоғары білім” аймақтық бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарламаның мақсаты үш жыл ішінде Қазақстандағы жоғары білім беру реформасын қолдау арқылы түлектердің жұмысқа орналасуын арттыру болып табылады (19/20 - 21/22).

Үш жылдық бағдарлама үш бағытта жүзеге асырылады:

1.Жоғары білім беру саласындағы ағылшын тілі

Жұмыс барысы: қазіргі жағдайды түсіну үшін Қазақстан мен Қырғызстандағы білім берудегі ағылшын тілінің алатын орнын зерттеу, проблемаларды сипаттау және жұмысқа орналасу бағдарламасы бойынша оқудың 2-ші және 3-ші жылында жоғары нәтижелі іс-әрекеттерді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін анықтау.

 

2.Еңбек нарығында түлектердің жұмысқа орналасудағы тең мүмкіндіктер 

Іс-шара: 25-26 ақпан 2020 жыл

Университеттің мансап орталықтарына арналған тренинг-семинар Advance HE шақырылған Морин Тибби өткізеді. Бұл семинарда қатысушыларға білім мен дағдыларды үйрететін, сондай-ақ қатысушыларға қазіргі проблемаларды анықтап, оларды талдап, шешім табуға көмектесетін икемді тәсілдер қолданылады. Қатысушыларға университеттер арасында топтар құрып, жобаларды жасау ұсынылады. Семинарға қатысушылардың ең жақсы екі жобасы өз жобаларын іске асыру үшін байқау снегізде әрқайсысы 7500 фунт стерлинг көлемінде грант алады (тренингке қатысушыларының гранттық өтініштері жеке қабылданады).

 

3.           

Оқу сапасы

 

Іс-шара: 25-26 ақпан 2020 жыл

 

Сапаны қамтамасыз ету саласындағы университеттер басшылығына арналған оқыту семинарын Oxford University Innovation шақырылған Майя Чанкселиани өткізеді. Бұл семинарда қатысушыларға білім мен дағдыларды үйрететін, сонымен қатар қатысушыларға қазіргі проблемаларды анықтап, талдауға көмктесетін және алдағы жұмыс барысын дамытуды жүзеге асыруға арналған икемді тәсілдер қолданылады. Қатысушылар университеттер аралық топтар құруға және жобаларды жасауға шақырылады.  Семинарға қатысушылардың ең жақсы екі жобасы өз жобаларын іске асыру үшін байқау снегізде әрқайсысы 7500 фунт стерлинг көлемінде грант алады (тренингке қатысушыларының гранттық өтініштері жеке қабылданады).

 

 

 

 

Қатысу шарттары:
Университет басшылығы (ректор, проректор, декан, кафедра меңгерушілері, мансап орталықтарының жетекшілері және т.б.)
●18 жастан асқан болу керек
●Қазақстан жоғары оқу орындарының штаттық қызметкері болу керек
●Кәсіби қызметі оқу семинарының мақсаттарына сәйкес болу керек
●Жоба идеясының ерекшелігі болу керек

 

Маңызды ескертулер:
●Тренингке қатысу үшін өтініш формасымен бірге басшының рұқсат-қағазын тапсыру қажет
●Өтінішпен бірге жұмыс туралы анықтаманы тапсыру қажет
●Қатысушыларды іріктеу кезінде университеттердің географиялық алуандығы мен қатысушылардың гендерлік әртүрлілгі ескеріледі. 
●Британдық Кеңес Нұр-Сұлтанға ұшу және тұру шығындары төлейді, сондай-ақ қатысушыларға таңғы, түскі, кофе-брейк және кешкі аспен қамтамасыз етеді. 

 

Сұрақтарыңыз болса, nargiz.kairgaziyeva@britishcouncil.org арқылы Наргиз Қайырғазиева хабарласуға болады

Сыртқы сілтемелер