БАРШАҒА СӘЛЕМ ЖОЛДАЙМЫН ЖӘНЕ BRITISH COUNCIL-дың  КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУҒА МҮДДЕЛІ МҰҒАЛІМДЕР МЕН БАСШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «VOCATIONAL EDUCATION EXCHANGE» ИНТЕРНЕТ-ЖУРНАЛЫНЫҢ БЕТТЕРІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР

Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, біз осы  журнал кәсіптік-техникалық білім беру және дағдыларды дамыту саласында жаңа алаңша болады деп ойладық және сіздер де солай ойлайсыздар деген үміттеміз. 

Қазақстан мұғалімдері бізбен ой бөлісіп, жас адамдардың жұмысқа тұруына көмектесу бойынша Ұлыбританиядан жаңа тұжырымдамалар алудың, өз проблемаларын басқалармен талқылаудың және идея алмасудың молырақ мүмкіндігі болса деген тілектерін жеткізеді. Сонымен бірге, Ұлыбританияның кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы мұғалімдері мен басшылары  іс жүзінде Қазақстан әріптестеріндей жолдан өткен. Олар да бүкіл әлем бойынша білім мен дағдыларды алмасу процесіне тартылғылары келеді және мүмкін болатын болса, өз студенттерінің де тартылуына жол ашқылары келеді.  

 «Vocational Education Exchange» интернет-журналы не ұсынбақшы

Бірінші санында біз кәсіптік дамыту саласында – әсіресе, 16-19 жастағы жастарға бағытталған салаларда  жұмыс істейтін адамдар бетпе-бет келетін кейбір проблемалар туралы – олар бұл проблемаларды қалай шеше алатынын және олардың ойынша табыс дегеннің не екенін білеміз.  Джон Маунтфорд, колледждер қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры, Ұлыбританиядағы кәсіптік-техникалық білім беру секторы бетпе-бет келетін кейбір проблемалар туралы әңгімелейді. Сондай-ақ біз Харроу колледжінің директоры Пэт Карвалходан осы проблемалардың колледж үшін қандай мәні бар екенін білеміз.

Біз Білім беру және кәсіби дайындық қорындағы әріптестеріміздің арқасында сіздерге Ұлыбританиядағы Ұлттық білім беру қорынан алынған кәсіптік-техникалық білім беру қандай болуы керектігі туралы мақаланы ұсынып отырмыз.   

Және бұдан да маңыздысы сол, сіздердің Білім беру және кәсіби дайындық қорындағы оқытып-үйрететін базаны мүлде тегін қарау мүмкіндігіңіз бар!  

Біз колледждер қауымдастығының атқарушы директоры Мартин Доэл СВЕ және Білім беру және кәсіби дайындық қорының бас басқарушысы Дэвид Расселді қоса алғанда, Ұлыбританияның Кәсіптік-техникалық білім беру кәсіби дайындық саласындағы көшбасшылардан өзіміздің бастамамызға қуатты қолдау тапқанымызға өте қуаныштымыз!   

Біз үшін неғұрлым маңыздысы  –  бұл сіздердің пікірлеріңізді білу! Сіздер журнал беттерінен нені көргілеріңіз келер еді? Бұл журнал – бұл кәсіптік білім берудің болашағы туралы пікірлер мен идеяларды алмасу туралы бастама. Сіздер Facebook және Twitter  әлеуметтік желілерінде #VEexchange деп жазып, бізбен байланыса аласыздар, және өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар.  

Біздің журналдың бірінші саны сіздерге ұнайды деп үміттенемін.   

Ең ізгі тілектермен,

Хелен Сильвестер

Білім беру саласындағы жобалардың өңірлік директоры, British Council

Хелен Сильвестер Оңтүстік және Шығыс  Европа мен Орталық Азияның  15 елінде British Council-дың Білім беру саласындағы жұмыстарына басшылық жасайды.  Оның жұмысы Ұлыбританияның және Оңтүстік және Шығыс  Европа мен Орталық Азияның  үкіметтері, университеттері, колледждері мен адамдары арасындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында жоғары білім беру, ғылым, кәсіптік білім беру және кәсіпкерлік салаларын қамтиды.