Science Stars победитель получает награду
2020 жылы 18 сәуірде «Science Stars-тың» Қазақстандағы онлайн-финалы өтті. Қазақстан оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен Ұлттық ғылыми коммуникациялар байқауын жастардың арасында ғылымды насихаттау мақсатында Британ Кеңесі, OYLA журналы, Назарбаев Университеті және «Шеврон» компаниясының қолдау көрсетуімен «Ғылым қоры» АҚ-ы ұйымдастырды. 
 
Байқаудың бірінші кезеңіне 260 үміткер қатысты, олардың 10-ы финалға іріктеліп алынды. 2020 жылдың 11-12 сәуірінде финалистер үшін коммуникация және презентация машықтары бойынша арнайы онлайн-тренинг ұйымдастырылды.
 
Онлайн-финалға қатысушылар келесі ғылым салаларының бірі бойынша өнертабыстар, теориялар немесе жобалар туралы баяндалатын үш минуттық қазақ немесе орыс тіліндегі презентацияларын ұсынды: технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика. Финалистердің презентациялары Британ Кеңесінің YouTube-каналына салынды. 
 
Қазылар алқасына «Ғылым қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы Арын Орсариев, National Laboratory Astana-ның жетекші ғылыми қызметкері Алмагүл Кушугулова және «Шеврон» компаниясы қоғаммен байланыс бөлімінің координаторы Жанар Кошпанова кірді.