Біз British Council-дың (Британ Кеңесінің) бастамасымен кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы мұғалімдер мен басшыларға арналып және дағдыларды дамыту үшін шығарылатын Vocational Education Exchange онлайн-журналының бірінші санының беттерінен сіздерге сәлем жолдаймыз. Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, біз осы  журнал кәсіптік-техникалық білім беру және дағдыларды дамыту саласында жаңа алаңша болады деп ойладық және сіздер де солай ойлайсыздар деген үміттеміз. Қазақстан мұғалімдері бізбен ой бөлісіп, жас адамдардың жұмысқа тұруына көмектесу бойынша Ұлыбританиядан жаңа тұжырымдамалар алудың, өз проблемаларын басқалармен талқылаудың және идея алмасудың молырақ мүмкіндігі болса деген тілектерін жеткізеді. Сонымен бірге, Ұлыбританияның кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы мұғалімдері мен басшылары  іс жүзінде Қазақстан әріптестеріндей жолдан өткен. Олар да бүкіл әлем бойынша білім мен дағдыларды алмасу процесіне тартылғылары келеді және мүмкін болатын болса, өз студенттерінің де тартылуына жол ашқылары келеді.                                      

«Vocational Education Exchange» интернет-журналы не ұсынбақшы. 

Осы айда біз кәсіби және техникалық білім беру саласына егжей-тегжейлі тоқталып, оның өзекті мәселелерін қарастырамыз. Біз журналды назарларыңызға ұсынып, алдағы айларда қандай тақырыптарды қозғайтынымызды айтамыз. Келесі журнал санына қалай кірісе алатыныңыз жәйлі біліңіз.

Байланыс деректері

Егер сіз кәсіби білім беру бойынша ойларыңызбен бөліскіңіз келсе, бізге Алматыда +7 727 244 41 44 нөмірі немесе Астанада +7 7172 552 077 нөмірі бойынша хабарласыңыз, немесе келесі эл. мекенжайға жазыңыз vee.kz@britishcouncil.org.

In this section