Лестердегі Де Монтфорд университеті – дәстүрлі дипломнан өзгеше білім дәрежесін алған түлектер үшін өндірістік машықтану бағдарламаларын ұсынатын көптеген оқу орындарының бірі. Олар жұмыс берушілер мен оқу ұйымдарға бірлесе отыруға мүмкіндік беріп оқу жоспарының жұмыс талаптарына сәкес келуді қамтасыз етеді. Сонымен қатар, машықтанушылардың оқып жүріп жұмыс берушілердің компанияларына үлес қосуға мүмкіндік туғызады. 

Өндірістік машықтанудың университеттік курстардан артықшылығы

Біз өндірістік машықтануды көбінесе мектептен кейін жоғары оқу орнына немесе қосымша жоғары білім беру мекемесіне түсудің баламасы болып табылатын жұмыс мамандығы ретінде елестетеміз. Алайда үміткерлер үшін басқа мүмкіндіктер, соның ішінде университеттік дипломның баламасы бар:

  1. өндірістік машықтану бағдарламалары нақты жұмыс орнына және тиісті түрде оқып-үйренуге негізделеді. Машықтанушылар еңбекақы алады, еңбек шартын жасасады және басқа жұмыскерлермен бірдей құқықтарды иеленеді.
  2. Түрлі деңгейлер бойынша өндірістік машықтану бағдарламалары бар. Бастауыш деңгейлерден бастап, бітіріп шығатын деңгейге және одан жоғары деңгейге жетуге болады.
  3. Оқу бітірушілерге арналған өндірістік машықтану бағдарламалары жоғары білімнің артықшылықтарын береді және сөйте тұра дәл сондай шығынды талап етпейді.

Жұмыс берушілер үшін

  1. Ірі жұмыс берушілер машықтанушыларды қабылдайтын-қабылдамайтынына қарамастан өндірістік машықтану үшін шамалы салық төлейтін болса, ал компаниялардың барлығы демеуқаржы берілетін жоғары сапалы оқытудан пайда ала алады.
  2. Егер қаласа, олар өндірістік машықтану стандарттарын әзірлеуге тікелей қатыса алады.
  3. Оқыту компанияның мұқтаждықтарына сәйкес келеді және кадрлар тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.
  4. Машықтанушылар әдетте өздерін алғаш жұмысқа қабылдаған компанияға адал болып қалуға бейім келеді.

Колледждер, университеттер мен басқа да оқу орындары үшін

  1. Бағдарламалар жұмыс берушілермен байланысты қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде бірлескен жаңа бағдарламалар пайда болуы мүмкін.
  2. Қатаң академиялық талаптар мен кәсіптік-техникалық машықтардың қысымы ең жақсы білім алу мүмкіндіктерін береді.
  3. Нақты қаржыландыру көздері болады, соның арқасында студенттерде қаржы-қаражат жағынан қиындық туындамайды.

Де Монтфорд университетіндегі түлектерге арналған өндірістік машықтану бағдарламалары

Бұл бағдарламаларға өтінім беру бағдарламаға қатысатын жұмыс беруші арқылы іске асырылатын болса да, үміткерлер оны университетте оқу туралы берілетін өтініммен бірге бере алады.

Дәреже берілетін өндірістік машықтану барысында машықтанушылар университетте оқуын жұмыспен ұштастырады да, бүкіл курс барысында жұмыскерлер болып табылады. Де Монтфорд университеті жергілікті жұмыс берушілермен бірге жұмыс істеп, лицензияландырылған менеджмент, киберқауіпсіздік, цифрлық және технологиялық шешімдер, сондай-ақ инженердік жобалау сияқты салалардағы бағдарламаларды ұсынады. Сондай-ақ сәулет өнері, бухгалтерия және инженерлік желілер  дизайны бойынша бағдарламалар дайындалады.

Бағдарламаларға қатысатын жұмыс берушілердің арасында Ұлттық денсаулық сақтау қызметі, British Telecom, KFC және Лестершир полициясы сияқты ұйымдар бар. Алайда дәреже берілетін өндірістік машықтану бағдарламалары ірі ұйымдармен шектелмейді. Ұсақ компаниялар да қатыс ала алады, бұл орайда шығындардың көбірек бөлігі сыртқы көздерден төленеді.

Жұмыс орнындағы машықтану тәжірибесі оқып-үйренудің 80 пайызын құрайды, яғни бұл жұмыс берушілер мен студенттердің іс жүзінде тәжірибе жинау үшін бағдарламаның аяқталуын күтпестен, бірден пайда алады деген сөз. Өндірістік машықтанудың жаңа бағдарламалары сияқты, «стандарттарды» жұмыс берушілердің топтары әзірлейді, олар белгілі бір лауазымдар үшін талап етілетін білімді, машықтар мен мінез-құлықты есепке алады. Осыны ескере отырып, оқып-үйретудің тиісті мазмұны мен нәтижелерін қамтамасыз ету үшін университеттік бағдарламаларға түзету енгізіледі.

Сыртқы сілтемелер