Колледждердің серіктестігі жөніндегі атқарушы директор Дугалд Крейг оқу орындары мен шағын компаниялардың өндірістік машықтану сапасын арттыру жолында бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін еуропалық бағдарлама туралы әңгімелейді.

Өндірістік машықтану бағдарламалары жұмыс орнында оқытудың барынша сәтті түрі болып табылады, ол өндіріс орнында оқыту кезеңдері мен колледжде оқыту кезеңдерін ұштастыруға мүмкіндік береді: жұмыс орнында оқып-үйрену құнды машықтану тәжірибесі мен машықтарды беріп, оларды теориялық біліммен және машықтармен толықтырады.

Мақсат

SAPS (Жоғары кәсіптік білім беру мекемелері мен шағын және орташа компаниялардың өндірістік машықтануына қолдау көрсету) – Австрия, Чех Республикасы, Франция, Литва, Мальта, Португалия, Сербия, Словения мен Шотландиядағы серіктестердің қатысуымен EURASHE (Жоғары оқу орындарының еуропалық қауымдастығы) жүзеге асыратын өтпелі ынтымақтастық жобасы. Оны Erasmus және Саясат реформаларын қолдау бағдарламасы қаржыландырады.

Erasmus пен бағдарламаның ынтымақтастығының мақсаттары:

  • шағын және орташа бизнес кәсіпорындарының (ШОБ – 250-ден аспайтын жұмыскері бар ұйымдар) оқу орындарының машықтанушыларын қабылдаудың пайдасын түсінуін жақсарту                                                           
  • оқу орындары мен ШОБ арасындағы ынтымақтастықтың алдында тұрған тосқауылдарды жою                                                                                         
  • кәсіптік және жоғары білім берудің, сондай-ақ озық кәсіптік-техникалық оқытудың жоғары тұрған ұйымдарының (мысалы, EURASHE және оның Еуропа мен Азия елдеріндегі 60-тан астам мүшелері мен желілері) және ШОБ саласындағы ұйымдардың арасындағы жүйелірек әрі жақсырақ құрылымдалған ынтымақтастықты жолға қою.

Жоба Еуропа елдеріндегі жастардың арасындағы жеткіліксіз біліктілік және жұмыссыздық мәселелерін шешу үшін өндірістік машықтанудың әлеуетін паш ететін түрлі зерттеулердің нәтижелері бойынша басталған болатын. Жобаның жұмысы мен нәтижелері мемлекеттік деңгейде шаралар қабылдау және мүдделі тараптардың ерікті үлес қосуы жолымен Еуропа елдеріндегі өндірістік машықтану бағдарламаларының сапасын, материалдық базасын, бет-бейнесі мен ұтқырлығын жақсартуға бағытталған Еуропалық өндірістік машықтану одағы (EAfA) сияқты Еуропа Одағының басқа бастамаларына сәйкес келеді.

Нұсқаулық әзірлеу үшін еуропалық сарапшылардың арасындағы ынтымақтастықты жолға қою

SAPS жобасында осы мәселелерді шешу кезінде екі жақты тәсілдеме қолданылып, ШОБ ұйымдарының пайдалануы үшін оқу материалдарын әзірлеу мақсатында еуропалық мамандардың арасындағы өндірістік машықтану бойынша ынтымақтастық жолға қойылады және өндірістік машықтанудың кеңінен пайдаланылуына ықпалдасатын оқу орындарына арналған процедуралар әзірленеді. Чех, ағылшын, француз, неміс, литва тілі, португал, серб және словен тілдерінде брошюралар шығарылды, олар:

  • ШОБ ұйымдары мен оқу орындары арасындаңы ынтымақтастықты жеңілдетеді әрі қарапайым етеді                                                         
  • өндірістік машықтанудың маңызын паш етеді                                                                             
  • машықтанушыларды тарту мен оқып-үйрету бойынша ақыл-кеңес береді.

Бұл брошюраларға *Сапалы өндірістік машықтану бойынша нұсқаулық* қоса жүреді, онда оқу орындары мен ШОБ үшін түрлі тақырыптар бойынша ұсыныстамалар жазылады, соның ішінде:

  • басқару және стратегия                                                                                       
  • оқыту 
  • іс-шаралар.

Нұсқаулықта жалпы үдерістер, өлшемдер мен талаптар сипатталады, сондай-ақ іс-тәжірибелік материалдар, сауалдамалар мен пішіндер суреттеледі.

ШОБ ұйымдарын тарту

Жобаның соңғы сатысы ШОБ үшін өндірістік машықтанудың артықшылықтарын түсіндіруге және өндірістік машықтанудың жобаға қатысушы он елде таратылуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға арналатын болады.

Сыртқы сілтемелер