Донкастер колледжіндегі Бизнес, жұмыс берушілерді тарту және өндірістік машықтану жөніндегі директор Ник Рудкин колледждер үшін жұмыс берушілермен ынтымақтасудың неліктен соншалықты маңызды екенін және неліктен оқытушылардың сала туралы ең жаңа білімі болуы керек екенін түсіндіреді.

Күрделі міндеттер

Донкастер колледжі өндірістік машықтану бағдарламаларын ұзақ уақыт бойы табысты жүзеге асырып келді, алайда соңғы бірнеше жылда ол түбірінен жаңа сан алуан мүмкіндіктерді, соның ішінде салық есебінен қаржыландырудың жаңа жүйесін ұсынды. 

Ұлыбритания үкіметі өндірістік машықтану бағдарламаларын ілгерілету үшін көп күш жұмсады және оған жұмыс берушілерді қатыстыру үшін түрткі болатын құралдарды ендірді, алайда экономикалық құлдыраудан кейін бизнес-қоғамдастықта оған инвестиция құю жағынан қауіптену болды. Өнеркәсіптің көптеген секторларында білікті кадрлардың өте қатты тапшылығын назарға ала отырып, біз жұмыс берушілер мен студенттерді тартудың жаңа жолдарын іздеуге тиіспіз. Өндірістік машықтануды қамтамасыз етушілер машықтанушылардың көп ақша мен уақыт жұмсауды қажет етпейтініне және олардың сенімді екеніне жұмыс берушілердің көзін жеткізуге, сондай-ақ студенттердің төмен еңбекақы мен келешегі жоқ жұмыс туралы тысқары пікірін жоққа шығаруға тиіс.

Донкастер шешімі

Біз Донкастер колледжінде жұмыс берушілердің форумдарын ұйымдастырдық, бұл форумдар саланың мамандарына өз секторларында машықтарды дамытуды насихаттауға мүмкіндік береді. Бұл біздің оқытушылардың машықтарын жетілдіруге және студенттеріміз үшін өнеркәсіпте жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

Біз колледжде шеберлік сабақтарын өткізу үшін сала мамандарын тарта бастадық, сондай-ақ біздің оқытушылардың іс-тәжірибедегі білімін жаңалап, саланың қазіргі сәттегі талаптарын жақсырақ түсінуі үшін оларды салада жұмыс істеуге жібере бастадық. 

Құрылыс саласы біздің білікті кадрларды даярлауға қолданатын жаңартпалық тәсілдемеміздің бір бөлігі болып табылады, оған 9 апталық қарқынды оқу бағдарламасы кіреді, ал одан кейін 4 апталық машықтану, содан соң өндірістік машықтану бағдарламасы кіреді. 

Жұмыс берушілердің студенттерді іріктеп алуын оңайлату үшін біз рекрутинг жөніндегі арнайы топ құрдық, ол бос жұмыс орындары туралы хабарлайды, үміткерлерді сұхбатқа дайындайды, сондай-ақ жұмыс берушілер мен студенттер үшін осы бүкіл үдерісті барынша оңайлатады.

Мен өзім де бір кезде машықтанушы болғандықтан, мен осы жүйені қатты жақтаймын және оның білікті кадрлар тапшылығын шешетініне сенемін. Егер бизнес кеңейетін болса немесе білікті кадрларға мұқтаж болса, машықтанушылар түрінде «жаңа леп» енгізу оңай әрі тиімді түрде жүзеге асырыла алады.

Жұмыс берушілер мен студенттерді қолдау

Жұмыс берушілер мұны маңызды іс деп санайды. Smith Brothers Wholesale Ltd. компаниясының өндіріс жөніндегі менеджері Дейв Хорнер былай дейді: «Жұмыс орындарына машықтанушыларды тарту – шын мәнінде маңызды іс. Менің қол астымда тамаша жұмыскерлер бар, бірақ олар мәңгі жұмыс істемейді, сондықтан мен босаған орындарды машықтанушылардың жаңа буынымен толықтыруға тиіспін».

Таша Джексон – цифрлық маркетинг саласында машықтанушы. Ол былай дейді: «Мен маңайымдағы адамдардан көп нәрсені үйрендім және компанияға жақсы үлес қосып жүргеніме сенімдімін. Қазір менің біліктілігім төртінші деңгейде, және де университетте берешегім жоқ, сонымен қатар толық күндік жұмысым бар».

Сыртқы сілтемелер