Activate Learning атты өмір салты факультетінің мүшесі Энди Слэтер колледждің студенттері мен кәсіби спорт клубының арасындағы баршаға пайдалы серіктестік туралы әңгімелейді

Өмір салты факультеті – Activate Learning, бүкіл дүние жүзінде байланыстары бар жаңартпалық білім беру тобының бір бөлігі. Топқа жоғары және дипломнан кейінгі білім беру мекемелері, мектептер, өндірістік машықтану бағдарламалары және бизнес бойынша білім беру мекемелері кіреді..

Өмір салты факультеті кәсіптік-техникалық оқытудың бірқатар бағыттарын қамтиды: спорт, шаштараз ісі, сұлулық индустриясы, кәсіби макияж, қонақүй ісі. Біздің мұратымыз – бизнес үшін кадрлар даярлау және өзіміздің оқыту философиясының көмегімен өмірді басқа түрге келтіру.

Біздің жұмыс берушілермен қарым-қатынасымыз – бізді табысқа апаратын кілт. Өмір салты факультетімен ынтымақтаса отырып, бизнес өндірістік машықтану бағдарламалары, жұмыс тәжірибесі және оқып-үйрену мүмкіндіктер беретін барлық артықшылықтарды иеленеді.

Reading Rockets баскетбол клубымен ынтамықтастық

Activate Learning өмір салты факультеті Ұлыбританияның жетекші кәсіби баскетбол клубтарының бірі – Reading Rockets клубымен ынтымақтаса отырып, жастардың жаттықтырушылық машықтарын дамытуына, сөйтіп, спорт жаттықтырушыларының келесі буынына айналуына мүмкіндік берді.

Өзара қарым-қатынас екі жаққа да пайдалы болды: Activate Learning студенттері жетекші ұлттық жаттықтырушылар мен қоғамдастық көшбасыларынан құнды сабақ алды, ал Reading Rockets жаттықтырушылардың жаңа буынын алды. Нәтижесінде Ұлыбританияның баскетбол клубтары жаңа жаттықтырушы кадрлар мен жаңа оқыту бағдарламасын иеленеді.

Спорт жаттықтырушылары болуға дайындалып жүрген студенттер Activate Learning факультетінде оқуына қосымша, клуб кәсіпқойларынан тікелей оқып-үйренеді. Ынтымақтастың арқасында бұл ұйымдар академиялық білім мен іс-тәжірибелік машықтарын сәтті ұштастыра отырып, біліктілікті бере де, бағалай да алады.

Тікелей оқып-үйрену мүмкіндіктерімен қатар студенттер Клубтың Қоғамдастық бағдарламасына қосылады да, соның арқасында олар жергілікті қоғамдастықтағы жаттықтырушылық бағдарламаларды жүзеге асырған кезде тәжірибелі жаттықтырушы кадрларды қамтамасыз етуге үйренеді.

Нәтижесінде студенттер Ұлттық басқару органының (NGB) баскетбол жаттықтырушысының бірінші деңгей біліктілігіне ие болады.

Студенттер мен спорт командасына беретін пайдасы

Reading Rocket қоғамдастығы бағдарламаларының жетекшісі Стеф Джонсон былай деді: Reading College студенттерімен біздің ынтымақтастығымыз екі мекеме үшін де оң мәнді сипатқа ие болды. Ол клубтың сыныптарда студенттермен тығыз ынтымақтаса жұмыс істеуіне мүмкіндік берді де, олар өздерінің тапсырмаларды орындауына  көмектескен биік деңгейдегі спорт мамандарымен жұмыс істей алатын болды. Бұл сондай-ақ сыныптардағы сабақ пен іс-тәжірибеде машықтану арасындағы алшақтықты толтыруға және студенттердің нақты спорт индустриясы дегеннің не екенін және оның талаптарының қандай екенін түсінуіне жағдай жасады. Түрлі жағдайларда жұмыс істеген кезде алынған іс жүзіндегі білімді бере отырып, біз теориялық оқып-үйретуге іс-тәжірибедегі мысалдарды кіргізіп, студенттердің нағыз жұмыс орнында жұмыс істеп көруіне мүмкіндік бере алдық».

Студенттер тамаша кәсіпқой стандарттар мен сипаттарды көрсетеді және жұмысқа орналасу үшін қажетті араласу машықтарын жақсартады. 

Серіктесудің сәтті екені айқын: бұрынғы алты студент Reading Rockets баскетбол клубына жұмысқа қабылданып, қоғамдастық командасының жаттықтырушылары болды.

Студенттер үшін Reading Rockets клубында болудың пайдасы анық, сондықтан біз студенттердің жұмысқа орналасуы болашақта ұзақ мерзімді үрдіске айналады деп үміттенеміз.

Сыртқы сілтемелер