Жергілікті жұмыс берушілер консультациялар өткізудің және өзінің болашақ қызметін ойлайтын студенттерге арналған ұсынымдар берудің  озық көздері қатарында бола алады. Коммерциялық компаниялармен ынтымақтастық жасай отырып, мектептер мен колледждер өз оқушыларына нақты өмірде жұмыс істей тәжірибесін беріп, оларды оқытуға көбірек мән беріп, қызметтің әртүрлі түрлеріне көздерін аша алады.

Morgan Sindall – бұл Ұлыбританиядағы он жылдан астам уақыттан бері оқу орындарымен ынтымақтастық жасап келе жатқан құрылыс бизнесі. Бұл жерде компания өкілдері білім беру саласындағы әріптестік байланыстардың құндылығы, оқушылардың өздері үшін жұмысқа тұрудың қолжетімді мүмкіндіктерінің барлығын түсінуіне көмектесуге бағытталған өздерінің бастамалары және кәсіптік білім беру мен оқытуды, дағдылар үйретуді (КжТБ) табысты қызмет етудің сенімжі жолы ретінде қарау керектігі туралы әңгімелейді. 

Morgan Sindall-да біз өз қызметтерімізді жүргізетін жергілікті қауымдастықтармен тығыз байланыста болуды қолдаймыз. Құрылыста білікті мамандардың жетіспеушілігі кеңінен танымал болғандықтан, біз назарымызды аударатын түйінді салалардың бірі жастарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Бірқатар бастамалар шеңберінде біз ықтимал жұмыскерлерді кәсіптік қызмет әлемімен таныстыру және олардың құрылыс саласында қызмен бабымен өсуіне бағытталған мүмкіндіктерді көрсету үшін  мектептермен, колледждермен және университеттермен тікелей жұмыс істейміз.

Бұл саладағы көптеген іс-шараларды оқушылардың келешек буындарын, құрылысты қоса алғанда, түрлі секторлардағы қызметтерді зерттеуге ынталандыратын біздің корпоративтік консультанттар ұйымдастырады және үйлестіреді. Бізде сол сияқты, елшілерден тұратын арнайы STEM командасы бар, олар қазіргі кезге дейін 7000-нан астам жастарға қолдау көрсетіп, бұған волонтерлік жұмысқа кеткен 300-ден астам сағатты жұмсады.

Сонымен бір мезгілде күн өткен сайын жұмыс берушілердің көпшілігі студенттермен олар оқып жүрген кезеңдерде қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын мойындайды, мектептер мен колледждерде  жергілікті кәсіпорындарда алған білімдері мен дағдыларын пайдалана отырып, өздерінің КжТБ бағдарламаларын жетілдіру мүмкіндіктері пайда болады. Бұл жерде біз мектептер мен колледждерде  пайдаланып жүрген кейбір, неғұрлым тиімді тәсілдерді ұсынып отырмыз, олар жұмыс берушілермен ыгтымақтастықта болғысы келетін оқу орындары үшін шабыт көзі бола алады. 

Практикалық кеңестер мен ұсынымдар

Мектептермен және колледждермен ынтымақтастық бойынша біздің бастамалардың көбісі студенттерге оқу кезінде нақты көмек көрсетуге арналған. Осылайша, біз оларға құрылыс саласында жұмысқа тұрудың олар үшін қолжетімді барша диапазонын көрсетіп, олардың тиісті дағдыларды, сондай-ақ түрлі секторлардағы жұмыс берушілер ықтимал кандидаттардан күтетін қабілеттер мен қатынастар түрлерін үйренуіне қолдау көрсете аламыз.  

Біз өзіміздің құрылыс бойынша менеджерлерімізден, сайттар менеджерлерінен және инженерлерден мектептер мен колледждерде  болып, өздерінің командада атқаратын жұмыстары туралы айтып беруді сұраймыз. Біздің жас қызметкерлеріміздің кейбіреулері де оқушыларға өздерінің тәжірибесі туралы айтып, олармен түрлі мәселелерді бірге талқылайды. Резюме жазуға және сұхбаттан өтуге арналған сессияларды ұйымдастыра отырып біз студенттерге кандидаттардың негізгі міндеттері мен мінезлдемелерін атап көрсетеміз және жұмысқа тұру үшін қажетті түйінді дағдыларды дамытуға арналған практикалық іс-қимылдарды атап көрсетеміз. 

Білім берудің сын-қатерлері

Проблемаларды шешумен байланысты түрлі бастамалардың арқасында біз мектептер мен колледждерге жастардың бойында құрылыс саласына қатысты тиісті дағдыларды дамыту үшін жаңа оқу тәжірибелерін енгізуге көмектесеміз. Осындай бастамалардың бірі  "Constructionarium" (Конструкционарий) болып табылады, ол бүкіл әлемдегі инженерлік жобалардың кішірейтілген көшірмелерін жасауды ұсына отырып, студенттерге құрылыстың нақты тәжірибесін ұсынады. Бұл бастама академиялық мекемелер мен мердігерлер және консультанттар арасында әріптестік қатынастар орнатып, өз бойында академиялық, дизайнерлік және практикалық перспективаны біріктіре отырып, білім беруді өнеркәсіппен сәтті ұштастырады.

2017 жылы Британиялық ғылым апталығы шеңберінде біз Уайтхейвен, Камбриядағы Әулие Бенедикт мектебінің оқушыларына (11-12 жас) жаңа планетаны су мен қоқыстарды шығару, өндіріс, көлікке арналған энергия, азық-түлік өндіру және құрылысты ескере отырып, орнықты отарлау бойынша өз ұсыныстарын әзірлеуді ұсындық. Жоба оқушылардың ғылым, құрылыс және қоршаған орта арасындағы байланыс туралы ойлап, олардың өздерінің қоршаған ортаға әсер етуін бағалауға арналған еді. Студенттердің командалары өздерінің қандай зерттеулер жүргізгенін және жобаларды басқару бойынша дағдыларын қалай дамытқанын, коммуникацияға және командалық жұмысқа қабілеттерін көрсете отырып, ұсыныстарын бизнес өкілдеріне таныстырды. 

«Осы жобаны жүргізген уақытта студенттер жетінші сынып оқушыларынан күтетін ойлылық, ақылдылықтың әлдеқайда жоғары деңгейін көрсетті. Олар командаларда тамаша жұмыс істеді және өздерін оң қырларынан көрсетіп, кәсіпке даярлығын танытты. Таныстырылым жасау және оны мұғалімдер мен олардың меңгерушілері, жергілікті компания өкілдері және өз қатарластарының алдында сеніммен жасау оңай емес – бұл шынымен де әсерлі болып шықты»,  - дейді Джиллиан Джонстон,  осы іс-шараға қатысқан Morgan Sindall –ның қауымдарға инвестиция салу жөніндегі үйлестірушісі.

Практикалық жұмыстың мүмкіндіктері

Сапалы тағыламдамалар өткізу жастарды еңбек әлемімен таныстырып қана қоймайды, сонымен бірге  өздерінің болашақ қызметі туралы шешім қабылдауында да түйінді рөл атқарады. 2017 жылы біз  өзіміздің өңірде 28 студенттің 170 күн бойы тағылымдамадан өтуіне қолдау көрсеттік. Осы оқушылардың бірі Саффолктегі  Стоапланд мектебінен келген Джек Чаплин.  Ол өзінің үш апталық тағылымдамасы оның колледжде өтпек болған курс туралы пікірін өзгерткенін айтады, сондықтан да ол Батыс Саффолктегі  колледждің «Қоршаған орта» деген мамандығы бойынша үшінші деңгейдегі курсына   оқуға түскен. Сондай-ақ ол өзі зерделейтін теорияны толықтыру үшін аптасына бір рет Morgan Sindall –да  жұмыс істейтін болған. Жұмыс берушінің көзқарасы бойынша, студенттердің бойына практикалық тәжірибені сіңіру талапкерлердің бастапқы кезден-ақ таланттар жиынтығын кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жастардың өз қабілеттері мен сенімділігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Егер де сіз білім беру саласында байланыс орнатқысы келетін жұмыс беруші болсаңыз немесе жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастық жасағысы келетін мектептің немесе колледждің өкілі болсаңыз, "Careers and Enterprise" компаниясы әзірлеген нұсқаулықтар мен тақырыптық зерттеулер бар практикалық онлайн-ресурсқа қол жеткізе аласыз.

Сыртқы сілтемелер