Жұртшылық кәсіптік-техникалық білім беруді (КжТБ), сондай-ақ шәкірттік бағдарламаны жоғары білім алу сияқты ұдайы оң қабылдай бермейтіні көпке белгілі. Еуропаның көптеген елдерінде абырой-беделдің мұндай тапшылығы экономиканың көптеген секторларында қалыптасқан дағдылар деңгейіндегі айырмашылықты тереңдете түсіп, қызметтің әр түрлі түрлерінде маңызды, өміршең рөл атқара алатын білікті түлектердің жетіспеушілігі артуына себепші болады.

Британиялық Edge Foundation қайырымдылық ұйымы КжТБ имиджін  әсіресе ата-аналар мен оқушылар арасында жақсарту бағытында жұмыс істеп, ахуалды өзгертуге ұмтылуда. Бұл мақалада Қор өкілдері КжТБ-ны жұмысқа орналасудың ең тиімді жолы ретінде сәтті ілгерілету тәсілдері туралы әңгімелейді. 

Шәкірттік және КжТБ бағдарламасының мәнін төмендетуге болмайды. Ұлыбританияда тіршілік ету құралдарын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде шәкірттік бағдарламасының  бай тарихы бар; ол орта ғасырдағы кәсіпшілік гильдияларынан бастау алады, ал көптеген ұлы өнертапқыштардың, инженерлер мен ғалымдардың  жетістікке жетуінің   негізінде кәсіптік білім   жатыр. 

Солай болғанымен де факт – факті болып қалады: кәсіптік-техникалық білім мен шәкірттікке ата-аналар мен оқушылардың көзқарастары әлі де бұрынғыдай  - бағалай бермейді, оны жұмысқа орналасудың сенімді жолы деп қарамайды. Бұл әсіресе, университетте алған академиялық біліммен салыстырғанда қатты білінеді. Біз білім беру саласындағы саясатқа ықпал ету бойынша зерттеулер жүргізіп, науқандар ұйымдастыратын білім беретін Edge Foundation тәуелсіз қайырымдылық ұйымында кәсіби білімі бар жас ұрпақты оқытып, тәрбиелегіміз келсе,  білім мен дағдылардағы өсіп келе жатқан айырмашылықты толтыру үшін және цифрлық төңкерістің сын-қатерлеріне жауап беруге дайын болу үшін, көптеген нәрселерді өзгертуге болады деп санаймыз. 

Соңғы бес жыл ішінде біз Ұлыбритания үкіметінің жүргізіп отырған, 2020 жылға дейін жұмысқа алғаш тұрған жас адамдар санын үш миллионға жеткізуге  бағытталған  науқанын қолдау мақсатында,  шәкірттікті қоғамдық қабылдауға трансформация жасау үшін жұмыс істеп келеміз.  Біз кәсіптік-техникалық білім беруді қабылдауда үлкен өзгерістер болғанын байқасақ та, бұл бағытта әлде де көп жұмыс істеуіміз керек. Бұл жерде біз шәкірттікті  КжТБ-нің кең мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттырудың озық тәжірибесі ретінде танытып-таратуға көмектескен кейбір түйінді салалардың атынан өкілдік етіп отырмыз. 

Бұл ұстаным Англияда жүргізілген, ата-аналардың шәкірттік туралы пікірін не өзгертетіні туралы әңгімелерді қамтитын зерттеулерге негізделсе де, КжТБ тұтастай бетпе-бет келіп отырған проблемалар тұтастай Еуропаға тән проблема болып табылады, сондықтан да біз, өзіміз ұсынып отырған бастамалар басқа өңірлерде де сәтті өткізіле алады деп санаймыз.  

Жұртшылықтың хабардарлығын арттыру

Зерттеудің түйінді нәтижелерінің бірі – тек қызметтің дәстүрлі түрлерінде ғана емес, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, заңгерлік және қаржылық қызметтер көрсету сияқты салалардағы шәкірттіктің әртүрлі қолжетімді нысандарының белгілілігін және танымалдығын ұлғайту қажеттігін түсіну болды.  

Англияда шәкірттіктің әртүрлі аспектілері туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттырудың неғұрлым тиімді амалдарының бірі  – Шәкірттіктің ұлттық апталығы болып табылады. Ол мүдделі адамдардың, үкіметті, оқу орындарын және жекелеген оқушыларды қоса алғанда, тараптардың барлығына өз тәжірибесін жұртшылықпен бөлісудің мол  мүмкіндігін береді.  Әр жылдардағы әртүрлі тақырыптарды ескере отырып, бұл бастама  мүдделі тараптарды мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыру үшін тұтас бір: ұлттық іс-шаралардан және жергілікті ашық күндерден бастап,  әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен жарыстарға дейін іс-шаралар қатарын өткізуге итермелейді. Бұл ретте таныстырылымдар мен араласулардың нысандары неғұрлым шығармашыл және ерекше болса, соғұрлым жақсырақ. 2018 жылғы Шәкірттіктің ұлттық апталығы қазір жоспарланып қойған және бұрын өткізгендердің барлығынан ауқымдырақ болуға тиіс.  

Шәкірттік  практикасының  құндылығы туралы жұртшылықтың  хабардарлығын арттыру бойынша жұмыстың тағы бір аспектісі, адамдардың жетекші брендтермен ассоциациялық байланысын орнату үшін  тәлімгерлердің қарамағында белгілі компанияларда тәжірибеден өтуді көрсету болды.  Мұндай қызметтің түйінді түрлерінің бірі шәкірттіктің арқасында өз қызметінде жетістікке жеткен жас адамдардың тарихын айтатын ұлттық жарнама науқаны болды. Науқанда телевизия, ата-аналарға арналған жарнама плакаттары,  сондай-ақ әлеуметтік желілердегі болашақ оқушыларға арналған жарнама болды.   

Табысты тойлау 

Зерттеу, сондай-ақ, ата-аналар мен студенттер шәкірттіктің сан қилы түрлерін ұсына алатын нақты мүмкіндіктерін бағалаулары үшін табыстармен, жетістіктермен бөлісу және шәкірттіктің сәтті мысалдарын атап көрсету қажеттігін көрсетті.    

Практиканттарға арналған марапаттау жүйесін құру  КжТБ жетістіктерін атап өтудің тамаша тәсілі бола алады, ал 2018 жылы Англияда Тәлімгерлік үшін ұлттық сыйлықтың 15 жылдығы атап өтіледі. Бұл іс-шара практиканттардың да, жұмыс берушілердің де жетістікке жетуге бағдарланған санаттарын қамтиды, бұл ретте жұмыс берушілердің санаттары  қатысушылардың әділ ұсынылуын қамтамасыз ету үшін бизнестік өлшемдері бойынша ерекшеленеді. Сондай-ақ жергілікті, өңірлік және ұлттық сайыстар бар, олар бұл тәжірибелердің барлық деңгейлерде барынша мол дәріптелуін көздейді.  

Желілер құру

Шәкірттіктің ең күшті жағы, бәлкім, оқушылардың өздері мен кәсіпорындар болып табылады, сондықтан мұндай елшілер шәкірттікті дәріптеуге арналған кез келген коммуникациялық стратегияның маңызды тізбегіне айналуы керек.  Шәкірттік елшілерінің желісі – жұмыс берушілер желілерін құру және қазіргі бар және болашақтағы қызмет көрсетуді жеткізушілер арасындағы байланысты нығайту үшін тамаша форум болады. Бұл желі тәлімгер функциясын алуға дайын  жаңа жұмыс берушілерді тарту арқылы шәкірттік үшін мүмкіндіктер санын ұдайы ұлғайтуға көмектеседі. 

Бағдарламаның бұрынғы қатысушылары да жастарға табысқа жетудің баламалы жолын қарап көруге көмектесе алатын бағдарламаның табысты елшілері болып табылады. Біздің «Қызмет сатылары» бағдарламамыз мектептерге өздерінде  қызметтік өсуге арналға іс-шаралар өткізуге көмектеседі, онда техникалық және кәсіптік білім беру жолынан өткен волонтерлер (еріктілер) өз тәжірибесімен бөлісіп, өздерінің рөлдері мен функциялары туралы, сондай-ақ, оқу жолындағы қадамдары туралы әңгімелейді. Бұл бағдарлама "Education and Employer" (Білім беру және жұмыс берушілер) қайырымдылық қоры ұсынған Болашаққа шабыт беру бастамасының шеңберінде өткізіледі. 

Сыртқы сілтемелер