Жас адамдардың өздерінің әлеуетін іске асырудағы басты кедергідердің бірі қазіргі кезде бар жұмыстардың түрлері туралы білімнің жетіспеушілігі немесе олардың алдарынан шыққан жұмысқа орналасу жолдары бар екенін түсінбеу болып табылады. Бұл әсіресе қызмет жолын дәстүрлі академиялық жолмен дамыту не қолжетімсіз, не тартымсыз болып табылатын оқушыларға қатысты.

"Education and Employers" британиялық қайырымдылық қоры бұл проблеманы кәсіптік әлемдегі волонтерлер және  мектептер мен колледждерді біріктіретін өзінің инновациялық бағдарламасының көмегімен шешеді. Төменде "Education and Employers" британиялық қайырымдылық қоры көптеген оқушылардың баламалы өсу мүмкіндіктерін көруге көмектесетін, ынталандыратын тәжірибе алмасудың мысалдарын келтіріп, техникалық және кәсіптік білімнің айналасындағы жағымсыз аңыздарды жоюға көмектеседі.

Бүгінде Прафул жаһандық "Mercer" консалтингтік фирмасында инвестициялар жөніндегі табысты менеджер болып табылады. Алайда, осындай деңгейдегі басқа да көптеген менеджерлерден айырмашылығы сол, оның қызметтік жолы стандартқа сай болған жоқ және ол орта мектепті бітірген бойда түскен кәсіптік курстан басталды.  «Мектеп бітіру емтихандарында алған бағаларым жаман болды, сонда мен табысқа жетуді қаласам, өзге жолды таңдап көруім керек екендігін түсіндім»,- дейді ол. «Кәсіптік оқыту курстары туралы көп жағдайда нашар айтылатын болса да,  бизнес пен қаржы бойынша үшінші деңгейдегі оза оқытатын курстың маған сәйкес келетінін аңғардым. Ол менің, егер де күш-жігерді дұрыс жұмсасам, не нәрсеге де қол жеткізе алатынымды түсінуіме мүмкіндік берді».

Енді Прафул оқушыларға қызметтік өсуде көмек көрсету үшін біздің "Inspiring the Future" бағдарламасы шеңберінде өз тәжірибесімен бөліседі. Бұл бағдарлама мектептер мен колледждерде сабақ өткізу үшін әртүрлі жұмыс салаларынан волонтерлерді тартып, жастардың кәсіп әлемін және табысты кәсіптік қызметке апаратын жолдарды дұрыс түсінуіне көмектеседі.

«Сол жылдарда өзімнің қандай болғанымды ойласам, мен қызметті дамытуға баламалы жолдарды қарастыру үшін ешқандай білімім де, қалауым да болмағанын еске алам» дейді Прафул. «Бұл жолды салыстырмалы түрде оңай өткенім – жолымның болғаны, енді мен балаларға осындай сыни сәттерде көмектесу үшін өз тәжірибеммен бөлісуге қай жерге болса да баруға әзірмін».

"Inspiring the Future" бағдарламасы біз өзіне мамандық таңдайтын жас адамдардың алдында тұрған кедергілерді зерттеу үшін жүргізген жұмыс негізінде пайда болды.  Оқушылардың мектеп қабырғасында жүрген кезде жұмыс берушілермен кездесу мүмкіндігі неғұрлым көп болған сайын олар соғұрлым көп табыс табады және олардың болашақта білімсіз және жұмыссыз қалу қаупі соншалықты азаяды.  

Жұмыс берушілерді жастармен тығыз жұмыс істеу үшін тарта отырып және жастарға волонтерлер ішіндегі еліктеу үлгілерімен тікелей араласу мүмкіндігін бере отырып, біз оқушылардың білім алуы мен жұмысқа тұру мүмкіндіктерінің сол кездері бар барлық жолдарын тануына жол ашамыз. Біздің сондай жобалардың бірі - "Career Footsteps", оны біз Edge Foundation тәуелсіз қорымен бірлесе өткізіп келеміз. Жоба мектептер мен кәсіптік білім беру жолынан өткен волонтерлер арасында тікелей   байланыс орнатуға арналған. Оқушылар үшін кезінде тап өздері сияқты жағдайды басынан өткізген адаммен сөйлесу  оның мамандық таңдауында аса маңызды қадам болуы мүмкін. Бұл әсіресе, қызметті жалғастыруда университетке баламалы жолдарды қарастырып жүрген оқушылар үшін маңызды. Мұндай әңгімелесулер оқушыларға кәсіптік-техникалық білім беруді жұмысқа тұру үшін болашағы зор, перспективалы жол ретінде тануына мүмкіндік береді.

"Inspiring the Future"  бағдарламасы арқылы белгілі бір тақырыпқа немесе индустрияға арналған біздің кездесулерде мектептер, колледждер мен қызметтің барлық түрлерінен шыққан волонтерлер арасында  және біздің қазіргі кезде 39 мың волонтер және 12 мың мұғалімдер тіркелген онлайн платформа арқылы біз байланыстар орнатамыз. Осы платформаны пайдалана отырып, мұғалімдер  өз мектептерінде іс-шаралар, соның ішінде қызмет таңдаудың түрлі аспектілері бойынша таныстырылымдар, резюме жазуды және сұхбат алудан өтуді үйретуге арналған жаттықтырушы сессиялар ұйымдастыру үшін волонтерлермен тегін және қауіпсіз байланыс орната алады. Сондай-ақ біз бүкіл ел бойынша таныстырылымдық іс-шаралар, соның ішінде   "Career Footsteps" бағдарламасы бойынша іс-шаралар ұйымдастырамыз. Оларда жұмысқа орналасу үшін кәсіптік-техникалық оқудан өткен волонтерлер студенттер топтарымен өз тәжірибелерімен бөліседі.

Волонтерлік бағдарламалар неліктен соншалықты тиімді?

  1. Олар іс-шараларға қатысу үшін өздерінің уақытын қиюға дайын волонтерлерді табудың тамаша тәсілі болып табылады. Бұл олардың ынталы екендігін және өздерінің тәжірибесін жастармен бөлісуді шынайы құндылық деп танитынын көрсетеді.
  2. Олар нақты өмірдің тәжірибесіне сүйенеді – студенттер кезінде осындай жағдайда болған адамдармен тікелей араласу мүмкіндігіне ие болады, сондықтан олардың ақыл-кеңестерін шынайы етіп көрсетеді және араласуға үлкен мән береді.
  3. Олар икемді – мектептер мен колледждер олар өздері қарастырғысы келетін кез келген өңірден, қызметтің немесе мамандықтың кез келген саласынан өздерінің мақсаттарына сәйкес келетін волонтерлерді таба алады – және волонтерлердің жұмысы олардың білім беру мәнмәтінінің ерекшелігіне бейімделе алады. 

"Inspiring the Future" бағдарламасы британиялық болып табылғанымен, бірқатар елде бұл тұжырымдама мен брендті қабылдап, өз елдеріне – мысалы, 

Австралия мен Ирландияда, ал біздің "Inspiring Women" (Әйелдерді қанаттандыру) бағдарламаны – Қытайда бейімдеген. Біз басқа да көптеген елдер білім беру мәнмәтіні мен жергілікті жұмыс берушілер және компаниялар арасында саналы қарым-қатынастар құру үшін біздің осы модельді пайдаланатын болады деп үміттенеміз. "Inspiring the Future" бағдарламасы аясында жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасай отырып, біз барған сайын көптеген компаниялар оқу орындарымен ынтымақтастық жасау бағдарламасының құндылығын түсіне бастағанын және оларға мектептер мен колледждердің келешектегі түлектерінің жұмысқа орналасу дағдыларын дамытудың тиімді тәсілі ретінде қарайтынын көреміз. Барлық тараптарда да қызығушылық бар – мәселе дұрыс байланыс орнатуда.

Сыртқы сілтемелер