Two students working in a lab

Еуропаның көптеген елдері жаратылыстану – STEM (ғылым, технология, инженерия мен математика) саласындағы дағдылардың жетіспеушілігімен бетпе-бет келіп отырғанда, үкіметтер, білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар жастарды STEM саласында өз карьерасын жасауды зерделеуге  талпындыру үшін жаңа және шығармашылық тәсілдерді іздестіруде.

Кәсіптік дағдылар жөніндегі шотландтық агенттік Skills Development Scotland (SDS) студенттерді STEM саласында өз карьерасын жасау мүмкіндіктерімен таныстыруға және өнеркәсіп пен білім берудің арасындағы байланыстың жоқтығын  болдырмауға арналған табысты бастама әзірледі. Бұл мақалада SDS өкілдері өздерінің«My World of Work Live!» (Менің жұмысымның бейнесі: тура қандай екенін көр!) бастамасының табысы туралы әңгімелейді және жастар мен оқытушыларды STEM-ге назар аударып, тартқысы келетін жандарға үздік ұсынымдарын ұсынады.   

Еуропада өнеркәсіптің түрлі саласында, биология, химия, инженерлік және цифрлық технологияларды қоса алғанда, Шотландияның мықты абырой-беделі бар. Алайда, қазіргі кезде жұмыс берушілердің 45%-ы STEM дағдылары бар қызметкерлерді іздеп табуда қиындық көруде, ал 59%-ы алдағы үш жылда осындай қиындықтармен бетпе-бет келеді. Әйелдер, этностық аз топтар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар да STEM-мен байланысты жұмыстарға жеткілікті тартылмаған. 

Біздің агенттік  жас шотландтықтар ертеңгі күнгі STEM салаларының көшбасшылары болуына көмектесу және біздің  STEM саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар әркімнің өркендеуі үшін экономикалық мүмкіндіктерді ұсынуға жағдай жасауды жалғастыра алуы үшін My World of Work Live! бастамасын әзірледі. Бұл бастама оқушылардың STEM саласындағы қызығушылықтарын дамытуға ынталандыра отырып және оқуға STEM-ді енгізу мәселелерінде  оқытушыларға қолдау көрсете отырып,  студенттер мен оқытушыларды тікелей практикалық тапсырмаларды орындауға және іс-шараларға қатысуға тартады.  Бастама сондай-ақ, мектептерде, орталықтарда және қоғамдық жерлерде карьераны дамыту мәселелері бойынша біздің консультанттарға қолдау көрсетеді.

«My World of Work Live!» бастамасының осы уақытқа дейінгі табысы ғаламат болды. Өткен жылы студенттердің  96%-ы енді өздерінің  мектепте ғылым немесе технологиялар пәндерін зерделеуге неғұрлым бейім  екендіктерін айтты, ал 92%-ы ғылым мен технология саласындағы карьера мен жұмыс туралы қосымша ақпарат іздейтіні ықтимал екендіктерін мәдімдеді. Біз бұл табысты   «My World of Work Live!»-ні бірегей бастама етіп отырған бірнеше мәселенің жиынтығы деп санаймыз.

Көбірек тәжірибе, көбірек көңілді жайлар

«My World of Work Live!»  шеңберінде алынған әрбір жеке тәжірибе ең алдымен практикалық оқытуға – құрылыс, өндіріс және жобалау сияқты заттарға негізделген. Біздің  интерактивті экспонаттар мен іс-шаралар бұл процеске студенттерді тарту үшін ең жаңа технологияларды барынша оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Карьераны дамытуға арналған  Minecraft Careers World немесе талай рет түрлі жүлделерге ие болған біздің  Virtual Reality қосымшамыз сияқты технологиялар бар. Біздің Space Junk инновациялық бағдарламамыз спутниктің орбитадағы қозғалысын елестету үшін LEGO® MINDSTORMS роботтарын пайдаланады. Онда ойнайтындар ғарыштық қоқыстардан қашып, спутникті үйге қауіпсіз жолмен қайтарулары керек.

Біз әрқашан өзіміздің қызметіміз бен негізгі аудиториямыз – он жас пен он бес жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етуге тырысамыз. Барлық іс-шаралар жастар  ғылым мен технология әлемімен бетпе-бет келе алатын - Глазго Ғылыми орталығы немесе Инвернесстегі  SDS карьера орталығындағы Цифрлық студиялар және карьера зертханасы сияқты мекемелерде өтеді.

Мұндай ұштасулар STEM-ді сынып бөлмесі шектерінен нақты өмірге алып шығуға және жастардың, ата-аналардың, қамқоршылар және мұғалімдердің  карьералық мүмкіндіктер спектрі мен  STEM саласындағы қызметтер түрінің әр алуандығын түсінуге көмектеседі. Жастар өздерінің карьераны басқару дағдыларын дамытады және еңбек қатынастарының ересектер әлемі мен өздері мектепте оқитын жайлар арасындағы байланысты өздері орнатады.

Мұғалімдер мен ата-аналарды тарту

Ата-аналар, тәрбиешілер мен мұғалімдер тарапынан жасалған қолдау өзінің болашағы туралы шешім қабылдайтын және біздің бағдарламамыздың ажырағысыз бөлігі болып табылатын жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Біздің бағдарламаға қатысатын оқытушылар тақырыптық іс-шараларды өткізгеннен кейінгі оқытуды қамтамасыз ету үшін My World of Work сайтында орналастырылған ресурстарға қол жеткізе алады. Сондай-ақ біз мұғалімдерге тұрақты кәсіптік дамытуды ұсынамыз және олардың ішінде бұл мүмкіндікке қолжетімді болған көбісі бізге «My World of Work Live!» бастамасының өздеріне ғылым мен технологиялар саласында жұмыс істеудің не екенін және STEM саласында жұмыс істейтін қызметкерлерден не талап етілетінін жақсырақ түсінулеріне көмектескенін хабарлады.  Жалпы алғанда қатысушы мұғалімдердің 99%-ы «My World of Work Live!» STEM-ге байланысты сабақтарда оқушылардың ынтасы өсуіне ықпал етеді деген сенімдерін білдірді. 

«My World of Work Live!» бағдарламасының бір іс-шарасына қатысқаннан кейін бір оқытушы: «Бұл тәжірибе сыныпта өткізген бірнеше сағатқа татиды» деді. Тап сол кезде қатысып жүрген бір студенттің ата-анасы: «Бұл бағдарлама ерте жастан кәсіптік білім беруді қолжетімді етеді, бұл өте тамаша» деді.

Күшті салалық серіктестер құру

«My World of Work Live!»-ті әзірлеген команда өнеркәсіпке, білім беруге және оқытуға үлкен қызығушылық танытады, бірақ оның табысты болуы біздің мықты орнықтырылған серіктестік қатынастардың арқасында мүмкін болды. 

Біз өзіміздің мақсаттарымыз бен жобаларды іске асыру амалдарымызды қолдайтын бірқатар серіктестермен жұмыс істейміз және бұл жастармен оларға таныс және жақын жағдайда қарым-қатынас жасау мүмкіндігін береді. Мысалы, біздің карьераны дамытуға арналған Virtual Reality  қосымшамыз – бұл CITB компаниясымен, Хериот-Уатт Университетімен және Animmersion ұйымымен серіктестіктің нәтижесі, ал сол кезде Minecraft Careers World бағдарламасы білім беру мәселелері жөніндегі Immersive Minds консалтингтік агенттігімен бірлесе әзірленген болатын. Біз сондай-ақ Шотландияда LEGO® Education инновациялық  студиясы мәртебесін бірінші болып алдық.