Кәсіпкерлікке оқыту бұрын тап осындай маңызды болған емес. Өскелең ұрпақкөптеген елдерде жастар арасында ұлғайып келе жатқан жұмыссыздықпен бірге жұмыс орындарының ашылуына және жұмысқа орналасу үшін кәсіпкерлік мінез-құлық мәдениетіне баса мән беруде. Технологиялық әзірлемелер біздің жұмыс орындарымызды түрлендіреді және бизнесті жүргізу тәсілдерін өзгертеді, ал бизес жүргізудің жаһандық сипаты жас адамдардың көбі континенттер мен секторлар арасында жұмыс істейтінін болжайды. Міне, жас ұрпақты біз өзімізе елестете де алмайтын еңбек нарығында бағдарлану үшін қажетті дағдылар мен ойлауға үйретудің маңызы осында.

Оқушыларды болашаққа дайындау

Жас адамдарды болашақта жұмысқа орналастыру оқыту мен үйретудің осы өзгермелі қажеттіліктерді қаншалықты  ескеретініне өте қатты тәуелді. Оқушылар жаңашыл ойлауды меңгерген, бейімделу дағдысы мен стрестерге қарсы тұру қабілеті бар, ұдайы өзгеріп отыратын еңбек нарығында бағдарлану бейімділігіне ие тұлға болуға ұмтылуы керек.

Соңғы жылдары Ұлыбританияда және басқа да елдерде ұлттық білім беру саясатындағы өзгерістердің арқасында кәсіпкерлік білім берудің айтарлықтай өсіп келе жатқаны байқалады. ТжКБ-лерде (техникалық және кәсіптік білім беру) кәсіпкерлікке оқытуды енгізу оқушыларды оқу орнынан тыс жерлердеі өмірге дайындаудың маңызды тәсілі болып табылады. 

Кәсіптік білім беру арқылы алынған дағдылармен бірге кәсіпкерлік ойлау қабілеті оқушыларды болашақта жұмысқа орналастыруды қолдаудың тамаша реңепті бола алады. Кәсіпкерлікке оқыту жас адамдарға жұмысқа тұру үшін барынша мол мүмкіндік береді, сондай-ақ ойша әлеуметтік, қоғамдық және жеке секторларда бар ұйымдардағы жұмыс орындарында өзін  "іштей кәсіпкер" болу  қабілетіне ие етеді.

Кәсіпкерлікке оқытудың пайдасы  

Жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және жасау таяу арадағы болашақта оқушылар мен мемлекет үшін түйінді басымдық болып отырғанын ескеріп, жаңа ұрпақтардың кәсіпкерлік ойлауы және кәсіпкерлік қызметі бүкіл әлемдегі экономиканың өсуіне ықпал ететін болады.

Еуропалық Комиссияның деректеріне сәйкес, кәсіпкерлік білім беру жергілікті еңбек нарықтарына және экономикаға оң әсер ете алады ("Кәсіпкерлік білім беру: Педагогтарға арналған нұсқаулық", 2014 ж.). Кәсіпкерлікке оқытуға инвестиция жасау Еуропадағы жоғары табысты инвестициялардың бірі болып табылады. Сол зерттеулер кәсіпкерлікті оқып-үйренген студенттердің болашақта өз бизнесін ашу мүмкіндігі үш-алты есе көп болады екен.

Оқушылар оқыту процесінің орталығы болып табылады және кәсптік білім беру олардың кәсіпкерлік ойлауын қамтамасыз ете алады, ал өз кезегінде ол негізгі пәндер бойынша үлкен ықыластардың оянуына алып келеді. Оқыту, егер де өмірден алынған нақты мысалдар болса, және жеке адамдарға өз табыстары үшін өзіне жауапкершілік алу мүмкіндігі берілсе, әлдеқайда қызықты бола алады.

Оқушылар сыни ойлау, проблемаларды шеше білу, коммуникация дағдылары, өзіне сын-қатер тәуекелін алу, командада жұмыс істей білу сияқты кәсіпкерлік дағдыларына үйренуі мүмкін. Кәсіпкерлік жас адамдарға жұмысқа орналасудың балама жолдарын ұсына алады, сөйтіп, олардың дағдыларын жақсартып, жұмысқа тұру мүмкіндіктерін жақсартады, бұл ретте өмірлік мүмкіндіктері экономикалық және әлеуметтік дамуды жүзеге асырады.

Кәсіпкерлікке оқытуды енгізу

Тиімді кәсіпкелік оқыту мұғалімдерге де, оқытатын мекемелердің мәдениетіне де сенеді. Мұғалімдер кәсіпкерлікке оқытуды бағдарламаға сәтті енгізу үшін құзыреттіліктердің кең ауқымына ие болулары керек. Және де бұны тәуекел көтермеленетін және оқытудың нәтижесі ретінде жұмысқа орналасу  басты басымдық ретінде қабылданатын мектеп ортасы  қолдауы мүмкін. Кәсіпкерлікті оқыту жауаптар ұсынбайды, оқушылардың дұрыс сұрақтарды айқындауына қолдау көрсетеді. Ол жаңа көкжиектерді ашуға бағытталуы керек, оқушыларды неғұрлым креативті ойлауға, және олардың өзіне сенімді болуын әрі табысқа жету үшін белгілі бір тәуекелдерге бара алуын ынталандыруға бағытталуы керек. Креативті орта да сәтсіздіктерді қолдауға тиіс. Қателіктер көп жағдайда олардың маңызды сабақтар болғаннын дәлелдей алады.

Болашақтың тағддыры болашақ ұрпаққа және жоғары сапалы оқуға байланысты, олардың қатарында олардың табысының аса маңызды бөлігі болып табылатын кәсіпкерлікке оқыту да бар. Болашақтың ақылмандары бүгінде мүмкіндіктер әлемін ашатын мұғалімдерді басқару мен қолдауға сенім артып отыр. "Vocational Education Exchange" журналының күзгі шығарылымы кәсіпкерлікке оқытудың рөлі мен маңызын басты назарға алмақшы. Қазан, қараша мен желтоқсан айларында біз техникалық және кәсіптік білім беру саласының аса маңызды бөлігін талқылау мәселелерін бағытталған, ТжКБ-нің үздік практикаларын көрсететін мақақалар сериясымен бөлісетін боламыз.