Бұл – Еуропалық білім беру қорынан (ЕБҚ) "Vocational Education Exchange" интернет-журналында жарияланған кәсіпкерлік қызметке оқыту бойынша озық практикалар мысалдарының сериясынан алғашқы мысал. Қараша және желтоқсан айларында жарияланатын озық практикалардың барынша көп мысалын біліңіздер.

Израиль әлемдегі жоғары технологиялық стартаптардың ең көп санымен және жан басына шаққандағы ең ірі венчурлық индустрия  капиталымен мақтана алады ("Israel Venture Capital Research Centre" - "Израильдің венчурлық капиталының зерттеу орталығы"). Жетекші технологиялық және ғылыми-ағартушы желі ретінде ORT (орысша "Общество Ремесленного Труда" атауының акронимі) бастамаларды іске асыру арқылы, колледждердің 100 000-нан астам студенттеріне қамқорлық жасайтын осы табысты кәсіпкерлік экожүйені қолдауға көмектеседі.    

Осындай бастамалардың бірі ORT технологиялық кәсіпкерлік бағдарламасы болып табылады, ол техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің соңғы оқыту жылында оқитын студенттерді еңбектің жоғары технологиялық әлеміне және  кәсіпкерлік әлеміне қадам басуға дайындайды.

Бизнес  көшбасшыларынан тәлім алған бағдарламаға қатысушы студенттер ұстаздарының басшылығымен нарық қажеттіліктерін айқындау мақсатында мультипәндік командаларда бірге жұмыс істейді және содан кейін өнімді жасап, оны нарыққа шығарады. Осылайша олар кәсіпкерліктің идеядан бастап, оны шынайы өмірге іске асыруға дейінгі барлық жолын іс жүзінде білетін болады.

Ізашар жобаның 2013 жылғы табысты іске асырылуынан кейін осы кезде бағдарлама ORT-ның тұтас желісі бойынша 16-дан 18- жасқа дейінгі 160 жас азаматты және 24 мұғалімді қоса алғанда, алты мектепті қамтиды.

Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, бағдарламаның басқарушы комитетінің құрамына кіретін  Дэн Шехтман «жоғары технологиялар, креативтілік пен кәсіпкерлік қол ұстаса қатар келеді. Идея Израильдегі әр баланы сіз оны  математикаға, физикаға, химия мен ағылшын тіліне оқытқандай, кәсіпкерлікке оқыту болып табылады» дейді.   

Идеяларды шынайы өмірге айналдыру

Бағдарламаның түйінді аспектісі – өнімді әзірлеу үшін мектептің бюджеті немесе қолжетімді арнайы техникалық жабдығының болмауы.  Студенттер демеушілік қаржыландыруды және сыртқы әлемнен серіктестерді өз беттерімен тауып, ұсталған құраушы компоненттерін онлайн сатып алулары керек және кәсіпорындарды өз ресурстарын жұмыстан тыс уақытта компоненттердің прототиптерін өндіру үшін пайдалануға рұқсат беруге көндірулері керек.

Мұның бәрі де баламалы білім беру ортасын құру мақсаты болып табылады. Ғылым мен инженерия мұғалімі Орен Ламдан былай дейді: «Бұл шынайы оқыту! Біз студенттерді тәуекелге баруға, бастамашыл болуға және инновациялар жасауға ынталандырамыз».

Студент қыз Мэй Шушан бұл әдістің тиімді екенін айтады. «Біз компаниялармен кездескен кезде, біз нақты іс істеп жүргенімізді сезінеміз» дейді ол. «Мен өзімді ересек адамдай, бұл менің жұмысымдай және оны орындағым келетіндей сезінемін. Бұлай ету көңілді!»

Бағдарламаның басқа маңызды ерекшелігі оның адамгершілік мақсаты болып табылады. Бағдарлама шеңберінде студенттер өз идеяларын әзірлеу барысында кәсіпкерлік қызмет тек баюдың тәсілі емес, әлеуметтік капиталды ұлғайту тәсілі екенін ескере отырып, әлеуметтік проблемаларды шешулері керек. 

Табысқа ұмтылу

Кәсіпкерлік – бұл байқап көруге деген батылдық, егер де сіз сәтсіздікпен бетпе бет келсеңіз, бұл – қайтадан бастай алу батылдығы. Міне, сондықтан да, бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу соңғы өнімнің табысына негізделмеген – студенттер тіпті соңғы өнімді шығармауына да болады. Оның орнына жетістік олар бағдарлама шеңберінде оқуы кезінде өздері бетпе-бет келген қиыншылықтарды қалай жеңгенімен  өлшенеді.

Кәсіпкерлік қызметке оқу жолын өткеннен кейін студенттер өмірлік маңызы зор және еңбек дағдыларын дамытады, сондай-ақ бойында сенімділік пайда болады. Бұл олардың кәсіпкерлік және инновациялық ойлауын, сондай-ақ командада жұмыс істеудің маңызды дағдыларын және коммуникация дағдыларын дамытуға көмектеседі. Олар жеке бизнеспен айналысады ма, жоқ па, бәрібір студенттер еңбектің нақты әлемінде табысқа жету үшін жақсырақ дайындалатыны сөзсіз.

Колледж де бұл оқытудан пайда табады. Студенттер академиялық білімдерді нақты әлемде қалай пайдалануға болатыны туралы тікелей бағдарлама өкілдерінен білгенде, әлдеқайда ынталы болады. Сондай-ақ жергілікті бизнес қоғамдастықпен байланыс та нығая түседі. 

Ең алдымен бағдарлама оқыту парадигмасын өзгертуде маңызды рөл атқарады. Мұғалім енді барлық білімдердің көзі болмайды, ол студенттер оқыту мақсаттарына қол жеткізуі үшін гидке және бапкерге айналады. Мұғалім рөлінің «шеберден» «тәлімгерге» дейін өтуіне қол жеткізу көшбасшылық пен мұғалімдерді дамытуға инвестицияларды талап ететін маңызды қадам болып табылады. 

Кәсіпкерлікке оқыту бойынша сәтті бағдарлама жасауға арналған ең үздік кеңестер:

  • студенттер белсенді және мультипәндік командаларда автономды түрде жұмыс істейтін жағдай тудырыңыз.
  • бизнес-ортадан тәлімгерлер тартыңыз
  • кәсіпкерлік қызметті идеядан сұранысқа ие өнімді нарыққа енгізгенге дейін кешенді оқытуға назар аударыңыз 
  • oқушыларды сыртқы әлемнен демеушілер мен серіктестер іздеуге ынталандырыңыз
  • oқушылар өнімінің табысын бағаламай, оқыту барысында оқушылардың қол жеткізген табыстарын бағалаңыз.

Сыртқы сілтемелер