Кәсіпкерлікке оқыту бойынша озық практикаларды анықтау тек білім беру саясатын әзірлеуге жауапты адамдарға,  бизнес-секторға және оқыту провайдерлеріне білімдерімен және ноу-хауымен бөлісуге көмектеспейді, ол сонымен бірге білім беру саясатының және оның іске асырылуының жақсаруына да көмектеседі.

ЕБҚ Еуропалық Одақтың мамандандырылған агенттігі болып табылады, оның қызметі білім беру жүйесін, оқытуды және еңбек нарығын реформалау арқылы серіктес елдерге адам капиталыың әлеуетін пайдалануға көмек көрсетуге бағытталған.

Кәсіпкерлікке оқыту бойынша озық практикаларды алмасу арқылы біз оқыту провайдерлерін анықтап, білімдерін жариялап, сарапшылық жасай отырып, білім беру қауымдастығын қолдаймыз. Осылайша біз барлық серіктес елдердегі инновацияларды қолдаймыз және білім беру саясатын әзірлеу үшін жауапты барлық адамдарды тиімді білім беру туралы, оны ұйымдастыру жағдайлары туралы және ол үшін керекті ресурстар туралы ұдайы хабардар етіп отырамыз.

Біз озық практикалармен қалай бөлісеміз?

Біз кәсіпкерлікке оқыту бойынша озық практикалардың мысалдарын біздің озық практикалардың онлайн платформасында жариялап отырамыз. Бұл платформа оқытушылар білім берудегі жаңа тәсілдерді зерделеп, талқылай алатын және оқытудың басқа провайдерлерімен тікелей байланыса алатын алаңша болып табылады.

Біздің озық практикалардың жыл сайынғы форумы білім беру саясатын әзірлеу үшін жауапты барлық адамдарды және оқытатын жекелеген провайдерлерді саясатты қалай қалыптастыру қажеттігін және озық практикалардың жеке мысалдары білім беру қауымдастығының неғұрлым көп пайда әкелуі үшін пайдаланыла алатынын талқылау үшін  жиналады.

Біздің озық практикаларды қалай айқындаймыз?

Біздің платформамызда бөлісетін озық практикалардың мысалдары жыл сайынғы өтінімдер негізінде іріктеледі. Осы кезде біз 2017 жылғы шағын және орта бизнесті интернационалдандыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдыларды негізгі құзыреттілік ретінде оқытуға  бағытталған конкурс өтінімдерін бағалаудамыз.

Бір оқыту провайдерлерінен келген барлық өтінімдерді осы саладағы басқа провайдерлер бағалайды. Олар ЕБҚ-ның бірқатар бағалар мен озық практикалардың бес критерийінен тұратын бағалау нысанын негіз ретінде пайдаланады:

  • білім беру қажеттіліктеріне талдау жасау
  • оқыту бағдарламасын жобалау
  • білім беру ортасы
  • мониторинг, бағалау және жақсарту
  • маркетинг және тәжірибені тарату.

Кәсіпкерлікке  оқыту бойынша озық практикалардың тақырыбына арналған біздің шығарылымдарды қарап отырыңыз

Күз айларында біз "Vocational Education Exchange" интернет-журналымызда ЕБҚ-ның кәсіпкерлікке оқыту бойынша озық практикаларының бірқатар мысалдарын жариялайтын боламыз. Біздің қазан айындағы шығарылымда Израильдің кәсіпкерлікке оқыту бойынша табысты бағдарламаны практикалық мысалдармен әңгімелейміз. Оның шеңберінде студенттер идеяларды шын өмірге айналдыру міндеттерімен бетпе-бет келеді. Сондай-ақ ЕБҚ-ның озық практикаларының одан да көп практикалық мысалдары біздің қараша және желиоқсан айларындағы шығарылымдарда жарияланады.

Сыртқы сілтемелер