Мтатаның (Оңтүстік Африка) Isle of Wight College және  KSD TVET College-і (Кәсіптік білім берудің Кинг-Сабата-Далиндьебо колледжі) 2016-ші жылдың тамыз айында "Жұмысқа орналасудың дағдылары" атты пилоттық жобаның сыйақысын алғаннан кейін, кәсіптік білім беру бойынша біздің халықаралық серіктестікке кірді.  Шамамен бір жылдан кейін біз жобаның айтарлықтай әсерін көрдік: ол оқытудың жаңа бағдарламасын ендіру, студенттердің ғаламдық ойлау қабілетін қалыптастыру және жергілікті қауымдастықпен мықты байланыс орнату болды. 

Халықаралық серіктестікті орнату

Серіктестер арасындағы  жұмысты барынша жеңілдетіп бір-біріне бейімдеу үшін, бизнес тәртіпті оқып жүрген  екі колледж оқушылары үшін біз кіріспе жобаны іске қостық.

  Isle of Wight College-нің оқушылары бизнес аясындағы үшінші дәрежелі дипломдарына қатысты жұмыстарының  маркетингтік бағалау тапсырмаларын аяқтап шықты. Оның ішіне өнімді тексеріп дайындау және маркетингтік зерттеулер бойынша сауалнама жасау енген еді. Бизнес тәртіп бойынша оқып жатқан Мтата оқушылары жергілікті қолөнер бұйымдарын ілгерлетіп жүрген британдық құрдастарына да сауалнама жасап шыққан.  Кейіннен студенттер ойларымен бөлісу үшін skype арқылы кездесті.

Халықаралық серіктестікке осылайша кірістіру, оқушылар арасында ғаламдық ойлау қабілетін қалыптастыруға көмегін тигізеді. Бұл халықаралық стратегияны жүзеге асырудың бірден бір тамаша тәсілі болып табылады. Екі колледждің де бизнес факультеттерінің оқушылары жаңа мәдениет және жаңа әлеуетті тауар нарығы туралы біліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.  Сондай-ақ олар виртуалды түрде құрбыластарымен өзара іс-әрекет жасауға мүмкіндік алды. 

Оқытуды және білім беруді жетілдіру

 Isle of Wight College-ін көргеннен кейін, мұнда  KSD TVET College-нің серіктестері шәкірттік бағдарламаның студенттері және оқушыларымен кездесіп, Ұлыбританияның өндіріс орындарындағы оқытушылық тәжірибемен танысты. KSD TVET College-нің серіктестері оқытудың жаңа бағдарламарын енгізу бойынша жұмыс жасауда. Оның мақсаты Ұлыбританияда оқыған бағдарламаны біріктіре отырып, жаңасын құру. Студенттер үшін сандық маркетинг бойынша бір күндік курс таныстырылды. Жалпы колледж қайта жандану үстінде. Олардың кітапханалары оқытушылық қоры бар орталық іспетті.  Бұл  үлгі Isle of Wight College-не өте ұқсас. 

Қарым-қатынасты нығайту

Колледжден тыс жерде қос серіктес де жергілікті қауымдастықпен қарым-қатынасты нығайтуда. Осылайша серіктестік тәжірибесі мен оның табысты нәтижелері таралып келеді.

KSD TVET College Оңтүстік Африканың жергілікті қауымдастығын халықаралық серіктестіктегі жұмысы туралы сапарлар, кездесулер мен виртуалды платформалар ұйымдастыру арқылы құлағдар етіп отырады. Колледж қызметкерлері көптеген мекемелермен өзара жұмыс атқарады. Олардың қатарында мектеп, шіркеу, бизнес компаниялар(жұмыс орнында оқыту және жұмыс орнында тәжірибе алу бағдарламасы бойынша), аудандық және жергілікті муниципалеттер және халықтық көшбасшылар бар.

Isle of Wight College-де  біз серіктестіктің құрамдас бөлігімен Колледждер Қауымдастығы және Ofsted агенттігімен бөлістік. Ол үшін біз колледжде тұрған барлық мониторларды қолдандық. Осы мониторлар сондай-ақ біздің жұмысымыздың нәтижелерін барынша көп тыңдаушыларға ашық іс-шара кезінде көрсетіп, бөлісуге мүмкіндік береді. Біз серіктестік аясындағы жұмысымызды барынша жариялау үшін, Solent Local Enterprise Partnership ұйымдастыруымен өткізетін жергілікті бизнес қауымдастықтың іс-шараларына арнап буклет жасап шығардық.  

Халықаралық серіктестіктің құндылығы

Біз халықаралық серіктестікті оқушыларды сыртқы өмір мен жұмысқа әзірлеудің негізгі тәсілі ретінде қарастырамыз.Мейлі ол халықаралық сауда-сатттық, өзге мәдениетпен байланысты жұмыс немесе жаһанданған әлемдегі өмірді түсіну болсын. Мұның бәрі маңызды. Екі серіктес те болашақта қарастырылған оқыту бағдарламасының аясын кеңейтіп, алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөлісіп,   зерттеп серіктестік қарым-қатынасты дамытуды көздейді.

Табысты халықаралық серіктестікті құру үшін қажет ең үздік ұсынымдыр:

  • Серіктестікпен  істеуге барлық серіктестер ынталы болуы үшін оларға қажетті жағдай жасап, жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға және күтулі нәтижеге қол жеткізу үшін уақыт пен ресурс бөлінуі керек.   
  • Икемді болу керек - мақсаттар өзгеріп отыруы мүмкін, дегенмен де күтулі нәтижелер жүзеге асырыла алады. Осылайша серіктестер жұмыс барысындағы серпінді өзгерістер арқылы бірі-бірін жақынырақ таниды.  
  • Кішкентайдан бастаңыз - серіктестіктің бастапқы кезеңінде аса өршіл болмаңыз.
  • Жоғары басшылықтан толық қолдауды күтіңіз және жоба бойынша қызметкерлер тарапынан үздіксіз жұмысты қамтамасыз етіңіз. Бұл серіктестер арасындағы жоғары сенім дәрежесіне қол жеткізу  үшін өте маңызды. 

Осы кәсіптік білім беру аясындағы халықаралық серіктестік туралы Isle of Wight College вебсайтынан көбірек біліңіз.