Студенттерге арналған кәсіпкерлік тақырыбындағы нетворкингтік  іс-шаралар өз ісі болу дегеннің – карьера жасаудың тамаша нұсқасы екенін көрсетеді. Мұндай іс-шаралар егер студенттерге жергілікті кәсіпкерлерден, сондай-ақ коммерциялық  компаниялар мен нетворкингтік ұйымдар өкілдерінен кеңес алу мүмкіндігін тудырса -  барынша тиімді болатынын көрсетіп отыр. 

Біздің бірінші нетворкингтік  конференция Глазго колледжінде (City of Glasgow College)   Entrepreneur Network@CITY деген атаумен өткізіліп, студенттер мен жергілікті кәсіпкерлер арасында өзара қарым-қатынас жасаудың үлгісіне айналды. Төменде біз басқа колледждерге және оқу орындарына нетворкингтік  іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бірнеше пайдалы кеңестер бермекшіміз.

Студенттерге жергілікті кәсіпкерлік қауым өкілдерімен байланыс орнатудың нақты мүмкіндігін беріңіздер

Ең басынан бастап біздің студенттеріміз түрлі кәсіпкерлерді, бизнес-сарапшылар мен  нетворкингтік ұйымдар өкілдерін бір жерде жинау идеясын жақсы қабылдайтыны түсінікті еді.

«Кәсіпкерлер ауылы» стенді іс-шараның орталығына айналды. Бұл жерде студенттер Scottish Women in Business, Bridge 2 Business, Business Gateway, The Prince's Trust сияқты нетворкингтік ұйымдар өкілдеріне барып, оларға өздерін толғандырған сұрақтарын қою мүмкіндігін алды.

Біз сондай-ақ жергілікті жердегі ірі кәсіпкерлерді, сол сияқты колледждердің өз кәсіпорындарын ашқан  түлектерін де шақырдық. Олар сұрақтарға жауап беріп, өз ісін бастау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл адамдардың көбі шағын семинарлар өткізіп, оларда өз білімдері туралы әңгімеледі және түрлі ұсынымдар айтты. Барынша көп назар аудартқандар - өз бизнесін дамытудың нақты тәжірибесімен және болашаққа деген жоспарларымен бөліскен бизнесмендер болды. 

«Бұл іс-шара тап қазір өз болашақтары туралы шешім қабылдау алдында тұрған біздің жастарымызға нетворкингтің мүмкіндіктеріне қолжетімділік туралы маңызды ақпарат беруге жол ашты», - деді  The Prince's Trust қорының басшысы Джен Линдси.

Іс-шараны жоспарлауға және ұйымдастыруға студенттер мен түлектерді тартыңыздар

Entrepreneur Network@CITY конференциясы студенттердің сұранысына берілген жауап болды, сондықтан да біз оларды оны ұйымдастыруға және өткізуге тарту туралы шешім қабылдадық.

Біз «ивент менеджмент» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерден көмек сұрадық. Олардың міндетіне қонақтарды қарсы алу, шақырылған спикерлермен жеке кездесулерді ұйымдастыру және жалпы сұрақтарды шешу кірді.

Сондай-ақ студенттер колледж аумағындағы экрандарға шығарылатын ақпаратты әлеуметтік желілерде жедел орналастыру үшін жауап беретін болды.

Іс-шараны жоспарлау мен өткізуге түлектер де өз үлестерін қосты. Біздің бұрынғы студенттермен өзара қарым-қатынастарымыз олар өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісу үшін қашанда бізге келе алады деген қағидатта құрылған. Өз кезегінде олар колледждің карьераны дамыту немесе бизнесті құруда мүмкін болар қолдауды көрсете алатынын біледі.

Біздің түлектер білімдері мен тәжірибесімен бөлісетін осы конференцияға тікелей қатысудың сыртында, жоспарлау кезеңінде   жергілікті кәсіпорындармен және біздің міндеттерімізді қолдайтын ірі коммерциялық ұйымдармен белсенді түрде жұмыс істеді. Біз ол серіктестерге арнайы өтініш жасап, олардың оқыту бағыттарын таңдауда және алған білімдерімізді кәсіпкерлік ортада қолдануды үйренуінде студенттерге көмектесуін сұрадық.

Іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін арттырыңыздар

Қатысушылар мен спикерлер үшін өзіміздің іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін арттыру үшін біз оның өткізілуін Жаһандық кәсіпкерлік апталығымен және Халықаралық әйелдер кәсіпкерлігі күнімен сәйкес келуін әдейі жоспарладық. Бұл бізге конференцияны жарнамалауға және кәсіпкерлік ортаның көптеген өкілдерінің қатысу кепілдігін алуымызға көмектесті.

Бастапқыда іс-шараның әйелдер мен қыздар үшін техникалық және инженерлік салаларда  өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтуді негізгі тақырып ретінде алғымыз келген. Бұл тақырып гендерге қарамастан, жұмысқа тұру үшін теңдей мүмкіндік жасау жөніндегі  колледж жұмысымен үндеседі. Бірақ біз конференция салалық және кәсіптік мамандануға қарамастан, өз ісін бастағысы келген барлық студенттерге де қызықты болу үшін оның тақырыбын кеңейтуге шешім қабылдадық. 

Өз байланыстарыңызды пайдаланыңыздар

Сіздердің ұйымдармен және кәсіптік қызығушылықтар саласындағы адамдармен байланыстарыңыз – бұл жарнама болсын немесе спикерлерді тарту болсын, сіздің нетворкингтік іс-шараны қолдауға қажетті қолдау алудың тамаша мүмкіндігі.

Біздің колледжде кәсіптік және бизнес орта өкілдерімен бұрыннан қалыптасқан өзара қарым-қатынастар бар және де біз оларды серіктестеріміз үшін де, студенттеріміз үшін де өзара тиімді болуы үшін пайдаланамыз. Осы байланыстардың арқасында біз конференцияны жоспарлау және жарнамалау кезеңінде құнды қолдауға ие бола алдық.

Біз серіктестерден қаржылай көмек сұраған жоқпыз, біз олардан семинарда сөйлеу үшін, кәсіби кеңес қажет студенттермен жеке кездесу өткізу үшін және өз байланыстарын пайдаланып, біздің іс-шарамызды жарнамалау үшін  өз өкілдерін тегін жіберуді өтіндік.

Іс-шара сіздер үшін тудыратын мүмкіндіктерді пайдаланыңыздар

Біздің іс-шараның табысы біздің кампуста өндірістік-инновациялық орталық жасауға алып келді, оның мақсаты – студенттерді жұмысқа орналасуға және өз ісін ашуға дайындау болып табылады.

Бұл жоба біздің студенттерге кәсіптік бағдар беру және қолдау жөніндегі кәдімгі күнделікті жұмысымызбен қатар іске асырылады. Мамандығына қарамастан, әр студенттің осы орталыққа жүгініп, тиісті қолдау алу мүмкіндігі бар. Бұл қолдаудың ішінде шақырылған кәсіпкерлерден және (Young Enterprise Scotland  қоғамдық ұйымы іске асыратын) Bridge 2 Business бағдарламасының өкілінен консультация алу да бар.

"Бұл кәсіпкерлер конкурсы мен жергілікті жерлердегі компаниялардағы өндірістік практиканы қоса алғанда, біз кәсіпкерлікті қолдау және студенттердің өндірістік дағдыларын дамыту бастамаларының шеңберінде  іске асыратын іс-шаралардың тек азғантай бөлігі ғана.

Сыртқы сілтемелер