"Кәсіпкерлік" пен "кәсіпкерлік іс" терминдері  жиі өзара алмасып айтыла берсе де, олардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Ол әсіресе кәсіптік-техникалық білім беру (ТжКБ) мәнмәтінінде бар. 

ТжКБ мекемелерінің басым бөлігі шоғырланған кәсіпкерлік бойынша іс-шаралар,  оқушылар бойында  көшбасшылық, ынталандыру, сыни ойлау қабілеті, мәселені шешу дағдылары, ұжымда жұмыс жасау дағдылары, байланыс жасау және таныстыру дағдылары сияқты тұлғаралық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік істі оқыту қадамдары ілгерлеп барады, олар оқушыларға өз ісін бастау арқылы жұмыс жасап үйренуге мүмкіндік береді. Үлкен екпін бизнес ойларды іске асыруды дамытуға, іскерлік қасиеттер мен дағдыларды,  өнімді дамыту, маркетингтік зерттеулерді жүргізуге, қаржыландыру және жоспарлауды үйренуге жасалған. Сондай-ақ оқушылар жас кәсіпкерлерді қолдау қызметтері мен іскер желілерге қол жеткізу үшін де барынша  екпін жасалады.  

Солтүстік Ирландиядағы  Northern Regional College-де (Солтүстік аймақтық колледжі) біз ТжКБ саласындағы халықаралық серіктестікті орындау үшін, Испания, Португалия және Финляндия колледждерімен жұмыс жасай бастадық. Оның мақсаты бизнеске бағытталған кәсіпкерлікті оқытуда жаңа қадамдарды жетілдіру болып табылады. Негізгі көңіл аударғанымыз не нәрсе болды? Бұл бизнес-жоспар.   Бизнес-жоспардың  жасалып бітуі бизнес стартаптарды (даму барысындағы кәсіпорын) қолдайтын көптеген ұйымдар үшін сәттіліктің негізгі  алғышарттарының бірі болып табылады. Қаржы көзін тарту үшін сол кәсіпкер жұмысының қысқа мерзімді немесе орта мерзімді бизнес болашағына баға беру өте маңызды. Бұл әділ немесе қате болуы да мүмкін.   

Көптеген ТжКБ колледждері өз оқушылары арасында кәсіпкерлік ойлау қабілеті мен мінез-құлықты барынша дамытуға талпынса да, бизнес-жоспардың маңыздылығын тағы бір атап өткім келеді. Бұл жұмыс аса таныла қоймағандықтан, ТжКБ оқушылары арасында тәжірибеде қолданылмағандардың бірі болып табылды.  

Бизнес жоспарлауға арналған жаңа тәсілдер

Оған жауап ретінде, біздің серіктестік аясында "Enterprise is VITAL" атауымен ("Кәсіпкерлік  МАҢЫЗДЫ")  Erasmus+ бағдарламасы бойынша біз бизнес жоспарлаудың жаңа үлгісін іске қосып жатырмыз. Ол ТжКБ мекемелерінің оқушыларын үшін барынша орынды ақпарат тәсілдерін қолданады. Бұл тәсіл кәсіпкерліктің бес негізгі алғышарттарын айшықтайды: Көру, Инновация, Топтық жұмыс, Сәттілік және Көшбасшылық.

Үлгі Эрика Эриэл Фокстің ең танымал "Өзімен қалай тіл табысуға болады" (2013ж.) кітабынан бейімделіп алынған. Мұнда жетістікке жету үшін түсініп, дамытуы тиіс төрт мінездеме ерекше аталып өтеді.   Бұл мінездемелер қалыпты бизнес-жоспардың мысалдарымен байланысты екенін айта кету керек:

  • Армандаушы: көру, инновациялар, креативтік, армандаушылық, болашақты бағдарлау, идеяларды тудыру
  • Ойшыл: зерттеу, мәліметтермен жұмыс, қауіп-қатер сараптамасы (ықтимал шығындар туралы ойлау), маркетингтік зерттеулер
  • Жауынгер: орындау, мәселелер, атқарылуы тиіс істер тізімі, соңғы мерзім, мақсаттар, бақылау нүктелері, жоспарлар
  • Махаббат: адамдар, қарым-қатынастар, іскер желілер, коммуникация, байланыстар, клиенттер.

ТжКБ мекемелерінің оқушылары осы эмоционалдық теңеулерге назар аудара отырып, өз бизнесін бастауға маңызды практикалық дағдыларды дұрысырақ түсінеді. "Махаббат" термині оң бағыттағы кері байланысқа әсер етіп, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын көрсетеді.  "Ойшыл" термині тығыз жұмыс кестесінде  деректерді жинау және саралауға уақыт бөлудің маңыздылығын атап көрсетеді. "Жауынгер" іс-ірекет жасауға үндеуші болып табылады. "Армандаушы" мәселелерді инновациялық тұрғыдан шешуге жетелейді.

Біздің ТжКБ мекемелерінің оқушылары  бұл үлгіні тез арада түсініп, оған бейімделіп шықты. Осы арқылы олар қызуқанды пікірталасқа түсіп, өз ойларын мәселені шешуге бағытталған жобалар арқылы талқылауға мүмкіндік алды. Мұның бәрі бизнес-жоспардың дамуына, "бизнес-жоспар" терминін қолданбай-ақ жүзеге асыруына мүмкіндік береді.   

Біздің жұмысымыздың күтпеген нәтижесі мынадай болды. Бизнес пәндерден сабақ бермейтін ТжКБ аясындағы мұғалімдер студенттік кәсіпкерлік бағдарламасына үлкен қызығушылық танытты. Яғни жаңа тәсіл қызметкерлер үшін бизнес жоспарлауды түсінуді жеңілдетті деп  айтуға толық мүмкіндік бар.

Тілдік және сандық құзіреттілікке қосымша Еуропалық Одақ, бастамашылық және кәсіпкерлік, оқыту, өзге ұлттардың мәдениетіне деген құрмет, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік сияқты тура құзіреттіліктер адамдарды барынша икемді және ұтқыр ететінін мойындайды. Өз кезегінде осы қасиеттер арқылы  қазіргі заманғы экономика сұраныстарын сезіну қабілеті пайда болады. ("ЕО Ұсынымдары: Өмірге арналған білім алудың негізгі құзіреттіліктері", 2006ж.). Кәсіпкерліктің кез-келген бағдарламасы осы тура құзіреттілікті қамту деңгейі мен дәрежесін ескеруі тиіс. "Enterprise is VITAL"  жобасының алғашқы жылында біздің студенттер осы тура құзіреттілікті толығымен меңгеріп алды. Халқаралық аралас топтарда жұмыс жасай отырып, олар өздерінің бизнес идеяларын және питч әзірлеп шықты (сатуға бағытталған таныстырылым). Испанияда өткен бизнес жоспарлау бойынша сайыста олар көзге көрнекті үлгілерге негізделе отырып жұмыс жасады. 

Сайыстың әділ қазылар алқасы қатарына жергілікті бизнес көшбасшылар, кәсіпкерлер және Испания мен Ұлыбританиядан келген тәуелсіз стартап агенттіктердің мүшелері енді. Олар "студенттердің айшық көру қабілетін, олардың нарық өтімділігі мен  тұтынушы сұраныстарын түсінуін, шынайы қаржылық болжау мен нақты іс-қимылдарын" жоғары бағалады. Әділ қазылар мүшелері студенттерді сондай-ақ "өздерінің әлсіз тұстарын  және өздерінің әлеуметтік капиталын жасау жолдарын түсінгенімен" құттықтады. Бұл стартап бағдарламалары таныстырылымдарында сирек кездесетін жәйт. Сәтті бизнес-жоспардан одан өзге тағы не талап ете аласыз?  

"Enterprise is VITAL" жобасы туралы көбірек білгіңіз келсе, сізге Northern Regional College-гі Ирвин Абрахаммен байланысу қажет. Оның электрондық мекенжайы мынадай irvine.abraham@nrc.ac.uk.

Ирвин сондай-ақ біздің "VEE" журналының кәсіпкерлік тақырыбына арналған күзгі шығарылымының сарапшыларының бірі болып табылады. Оның өмірбаянымен таныс болып, оған қалай сұрақ қоюға болатынын сілтеме бойынша оқып білуіңізге болады.