Кез келген бизнестің, сондай-ақ стартаптардың негізі сату болып табылады. Сату дағдылары өз бизнес идеяларын қаржыландыру үшін, өнімдер мен қызметтерді сатудан пайда табу үшін, шығындарды жабу және түптің түбінде кіріс кіргізу үшін жас кәсіпкерлер үшін аса маңызды болып табылады.

Біздің жас кәсіпкерлер өздері үшін қажетті сату дағдыларын Ұлыбританиядағы бизнестік білім беру курстарында оқып дамытады ма деген сұрақ туындайды.

Бүкіл Шотландия бойынша жастарға кәсіпкерлікті үйрету мүмкіндігін ұсынатын біздің "Young Enterprise Scotland" ұйымында осы мәселені қарастыру үшін біз сауалнама жүргіздік.

Сату дағдыларын үйретуге бағдарланған оқыту курстарының барлығы қайда?

Осы зерттеу барысында біздің назарымызды аударған – сатуды, коммерциялық қызметті, сауданы жүргізуді және кәсіптік білім беру саласында бизнесті дамытуды  зерделеу мүмкіндіктерінің болмауы еді. Ұлыбританиядағы көптеген бизнестік білім беру курстары кәсіпкерліктің (бизнес жоспарды, идеяларды жинауды, стратегиялық ойлауды және маркетинг дағдыларын қоса алғанда) маңызды дағдыларының көпшілігін қамтитын болса да, бизнестік білім беретін курстарды онлайн зерттеу барысында біз бар болғаны Батыс Шотландиядағы кәсіптік білім беру шеңберінде сату дағдыларын үйрету туралы бір рет қана айтылғанын байқадық.  

Біз кәсіпкерлікке оқытудың кейбір бағдарламалары таныстырылым дағдыларына және студенттерді инвестиция жағдайларына тарту үшін оларға таныстырылым (питчинг) жасау мүмкіндігін беруге негізделгенін байқадық. Бірақ соған қарамастан, бұл курстардың оқушыларға сатуды жүргізу және іс жүзінде коммерциялық қызмет жасау мүмкіндіктерін беретініне азғантай ғана дәлелдемелер бар. Жас кәсіпкерлер  кәсіпкерлік бағдарламалары шеңберінде стартаптар үшін гранттық қолдау алуға не инвестицияларды өнімдер мен қызметтерді сатудан алуға иек артпай, конкурстар мен инвесторлар алдында таныстырылымдар (питчинг) жасау арқылы алуға ыңғайлануының өсіп келе жатқан үрдісі сезіледі. 

Бұл кәсіпкерлік, сөзсіз, кәсіпкерлік экожүйесінің симптомы болып табылады, ол назарды позитивті ынталандыруға, бизнес-періштелердің инвестицияларына және тәлімгерлердің басшылығына аударады, бірақ мұның клиенттерге өнімді сатуда үлкен мәні болмайды. "Young Enterprise Scotland"-тегі жұмысымыз барысында біз жас кәсіпкерлер үшін нақты сатуды үйрету мүмкіндіктері ребредингтің, құрылымды өзгертудің, қайта құрылымдаудың және қайталама гранттық қаржыландыруды алу үшін қайтадан тапсырудың пайдасына қабылданбағанына көз жеткіздік. 

Мұның бәрі де, сірә, кәсіпкерлік бағдарламаларында біз оқушыларды өнімді клиенттерге сатудан емес, өз бизнес идеяларын таныстыру саласында табысты болуға үйрететінімізден болар. 

Біздің экономикамыз үшін кәсіпкерлердің сату дағдылары болуы қаншалықты маңызды?

Тарихи деректер Ұлыбританияның орташа есеппен ЭДЫҰ елдерінің басқа экономикаларымен салыстырғанда табысты стартаптарды орнықты жасайтынын көрсетеді. Соңғы он жылдағы экономикалық өсім баяу болды және өсуді қалпына келтірудің оң белгілері болса да, біздің экономикада таяу жылдарда шағын және орта бизнестегі стартаптарға иек арту қажет деп болжанады. Бұл дегеніңіз сата білетін кәсіпкерлерді дамыту деген сөз.

Эдинбург университетінің бизнес-мектебіндегі доктор Бен Шпигель өз ісін енді бастаушы кәсіпкерлердің сату дағдыларын  дамытудың маңыздылығына мән бермей, біз, бәлкім, Шотландияның кәсіпкерлік әлеуетін кідіртетініміз туралы айтады. Саяси зерттеулер институтынан түскен таяу арадағы есеп те Ұлыбритания түлектерінің дағдыларында сату дағдыларының болмауы негізгі кемшіліктердің бірі ретінде айқындайды ("Scotland Skills 2030", 2017).

Біз баяу экономикалық өсу жолымызды өзгерте аламыз ба?

Біздің "Young Enterprise Scotland" ұйымында біз сатудың практикалық дағдыларын жақсартып және стартаптарда, шағын және орта бизнесті   дамыта отырып, осыны істей алатынымызды айтамыз. Дағдылар кәсіптік карьераның барлық кезеңдерінде– олар бизнесті бастау үшін не стартапқа қосылу үшін немесе үлкен кооперациядағы міндеттерін орындау үшін пайдаланылады ма, бәрібір қолданылуы мүмкін. 

Кәсіпкерлікке оқыту жөніндегі курстар мен бағдарламаларды ұйымдастырушылар жас адамдарға нақты өмірде B2B нысанында (business to business – заңды тұлғаларға қызмет көрсету) және B2C нысанында (business to clients – жеке тұлғаларға қызмет көрсету) коммерциялық қызметті жүргізу мүмкіндігін беру үшін, үйрету мен оқытуды шынайы өмірге жақындата түсетін тәсілдерді әзірлеулері керек. Бұл жұмыс істейтін шағын және орташа бизнес арқылы немесе олардың жеке стартаптары арқылы жүзеге асырыла алады.

Егер де біз тауарлар мен қызмет көрсетудің көп санын сату арқылы экономикалық өсімге қол жеткізе алатын болсақ, онда біз жас кәсіпкерлерді, колледж түлектерін және сатудың маңыздылығын түсінетін кәсіпкерлік бағдарламаларының түлектерін дайындау арқылы оған тезірек және тиімдірек қол жеткізе аламыз. 

Сыртқы сілтемелер