"Vocational Education Exchange" - журналының күзгі санының сарапшыларын назарларыңызға ұсынамыз - бұл кәсіпкерлік білім берудің нағыз мамандары, олар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге әзір және  кәсіптік білім беру саласының негізгі алғышарттарына байланысты ақыл-кеңестерін береді. 

Егер сіз сарапшыларымыздың біріне сұрақ қойғыңыз келсе, өз сұрақтарыңыз бен түсініктемелеріңізді VEE@britishcouncil.org электрондық адресіне 23 қазанға дейін жолдауларыңызды сұраймыз. Жауап беруін қалайтын сарапшының аты-жөнін көрсетуіңізді сұраймыз. 

Біздің сарапшылардың төменде жарияланған өмірбаяндары арқылы сіз өзіңізге қажет сұрағыңызға жауап беретін сарапшыны таңдай аласыз. 

Сіздің сұрағыңыздың жауабы біздің журналдың* күздік санында - қараша және желтоқсан айларында жарияланатын болады. 

Ирвин Абрахам, халықаралық қатынастар менеджері Northern Regional College (Солтүстік аймақтық колледжі), Солтүстік Ирландия, Ұлыбритания

Ирвиннің кәсіптік білім беру саласында 40 жылдық тәжірибесі бар. Оның ұшақ құрастырушының көмекші шебері, жаттықтырушы, бағалаушы және шәкірттік білім алу бағдарламасының сыртқы бақылаушысы, сондай-ақ дәріс беруші, кеңесші, оқыту бойынша менеджер және бизнес дамыту бойынша менеджер сияқты тәжірибесі бар.  Қазір ол Northern Regional College-нің халықаралық департаментін басқарады. 

Ирвиннің басты бағыты  ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру)мекемелері қызметкерлері мен оқушыларының өмір тәжірибесін байыту болып табылады. Ол халықаралық ауқымдағы мақсатты-бағытталған оқуды өзінің түсінігін жүзеге асырудың таптырмас тәсілі деп қарастырады.  

Брайн МакЭван, бағдарламалық менеджер, Young Enterprise Scotland

Брайн колледж оқушылары мен студенттеріне бизнес жүргізуде  дем беру, таныстыру және қолдау үшін жұмыс жасайды. Ол Bridge 2 Business және Start Up бағдарламалары арқылы оқытушылық және оқу саласында  одан кейінгі жоғарғы оқу орындарына жетуге  жәрдемдесу ісіне жауап береді. Ол сондай-ақ Tertiary Enterprise Educators Network-тің (Кәсіпкерлік бойынша ЖОО оқытушыларының желісі) негізін қалаушы.

Брайан бұған дейін дәріс оқушы ретінде жұмыс жасаған, ал қазір ол Шотландияда  команда басқарып отыр. Ол жастарға жеке бизнесті дамыту дағдыларын үйретіп, оқуды бітіргеннен кейін өзін жұмыспен қамтудың нақты тәсілдері мен жолдарын бойына сіңіреді.  

Брайан білім беру саласына дейін бизнес саласында да жұмыс істеген. Брайан колледждер мен университеттердегі сату дағдыларын оқытуды жетілдіруді көздеп отыр. Сондай-ақ ол ісін енді бастап келе жатқан жас кәсіпкерлерге сауда жасау, сату және клиенттермен жұмыс жасау тәсілдері бойынша тәжірибе жинақтап, ақпарат алуға мүмкіндік беруді бас назарда ұстайды. 

Энтони Гриббен, кәсіпкерлікті оқытатын топтың жетекшісі, Еуропалық білім беру қоры

Энтони Гриббен  Еуропалық одақтың мамандандырылған агенттігі - Еуропалық білім беру қорының кәсіпкерлікті үйрету тобының жетекшісі болып табылады,  ол іргелес аймақтардағы еңбек ресурстарын дайындауды ілгерілетуші маман. Оның білім беру саласы, кәсіптік дайындау және еңбек нарығының реформаларын саяси деңгейде жүргізу және оны іске асыру (жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде) деңгейінде 35 жылдан астам тәжірибесі бар.  Энтони өз посттарын жазып, кәсіпкерлік блогында жариялайды.

*Назар салыңыз: сарапшылар барлық сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін, бұл сіздерден түсетін сұрақтардың санына байланысты.