Жастардың жаһандық жұмыспен қамтылуының үрдістері бүгінгі жас адамдар үшін болашақтың қиын болатынынынан хабар беруде. БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына сәйкес бүгінде әлемдегі жас адамдардың 75 миллионға жуығы жұмыссыз болып табылады, ал бүкіл әлемде ұлғайып, өсіп келе жатқан еңбек ресурстарын қолдау үшін 2030 жылға қарай 470 миллионнан астам жаңа жұмыс орындарын құру талап етіледі. 

Бізге бала кезімізде қойылған – «сен өскен кезде кім болғың келеді?» деген сұрақ таяу арада – «сен өскен кезде жұмысты қалай табамын деп жүрсің?» деген сұрақпен алмастырылуы мүмкін.

Жұмысқа орналасу үшін нақты дағдыларды дамыту

Ұлыбританиядағы "Teach a Man to Fish" («Адамға балық аулауды үйрету») үкіметтік емес ұйымында біз студенттерге дағдыларды тек болашақ үшін ғана дамытып қоймай, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы мүмкіндіктер беру арқылы да жастар арасындағы жұмыссыздыққа назар аудартқымыз келді.

Біздің бағдарламалар бүкіл әлемдегі колледждерге студенттердің бизнестерін бастау үшін оқушыларға 21-ғасырға қажетті дағдыларды дамытуға көмектесетін осы колледждер үшін қаржыландыруды іздеу барысында  қолдау көрсетеді. 2016 жылы студенттер ашқан бизнестер орташа есеппен 780 АҚШ доллары көлемінде таза пайда тапты. Бәлкім, бұл жерде мұндай бизнестердің оқушыларға жұмыспен қамтудың басқа тәсілдері туралы, мысалы, кәсіпкерлік қызмет туралы білуге көмектесетіндігімен маңызды болар.

Біздің "School Enterprise Challenge" бағдарламасы («Кәсіпкерлікті үйрету бағдарламасы») қалай жоспарлау керек, қалай бастау керек, бизнес-студенттерді қалай өсіріп шығару керек деген мәселелер бойынша колледждермен кәсіпкерлікке үйрету моделімен бөліседі. Бұл модел айтарлықтай ықпалды және кез келген елде, Нигерияда өсімдіктерді өсіретін жылыжайдан бастап, Перуде банктік кооперацияға дейін бизнестің кез келген түріне қолдану үшін бейімделе алады. Тегін нұсқаулықтардың және бағдарлама бойынша оқытудың көмегімен оқытушылар өз студенттеріне олардың жасына және қызығушылықтарына қарай, сондай-ақ жергілікті ресурстар мен экономикаға сәйкес келетін бизнес ашу бойынша кеңестер бере алады.

Бизнесті  жүргізуді енгізу оқушыларға нені үйрете алады

Студенттердің бір-біріне ұқсайтын бизнестері болмайтынына қарамастан, кәсіпкерлік қызметті жүргізу студенттерге олар жұмыста және өмірде табысқа жетуіне көмектесетін  дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сіздерге оқушылар студенттік кәсіпкерліктің бір бөлігі болып дамыта алатын бес негізгі дағдыларды ұсынамыз:

Командада жұмыс істеу

Студенттік кәсіпкерлікте қатысушылар өздеріне түрлі рөлдер мен міндеттемелер алады. Көшбасшылық позициядағы студенттер команданы қалай ынталандыру керектігін үйренеді. Басқалар өз құрдастарымен сыныптан немесе достар тобынан тыс өзара қалай іс-қимыл жасау керектігін үйренеді. Командада жұмыс істеу топтың шешім қабылдауын және қиын міндеттерді орындауы үшін топтың әр мүшесінің күшті қасиеттерін пайдалануды да білдіреді.

Коммуникация дағдылары

Кәсіпкер студенттер кәсіби тұрғыдан әрі сеніммен коммуникация жасауға ертерек, жергілікті клиентермен жұмыс жасай жүріп, өзінің бизнес идеясын питчинг жасауға (таныстырылымға) дейін үйренеді. Студенттер өздерінің нысаналы аудиториясын тарту үшін нарықтың маркетингтік талдауын және маркетинг дағдыларын зерделейді. Студенттердің кейбіреуін өздерінің бизнес жобасын оқытушылар комиссиясына таныстыруды өтінуге болады, сондай-ақ олар өзінің бизнес жобасымен халықаралық конференцияларда сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие бола алады. 

Міндеттерді шешу дағдылары

Студенттік кәсіпкерлік оқушыларды сыни ойлау қабілетін дамытуға және олар бетпе-бет келетін  міндеттерді шешуде креативтілікке ынталандырады. Сыни тұрғыдан ойлай білу студенттердің жаңа ақпаратқа немесе бизнес проблемаларға үлкен сенімділікпен келуіне көмектеседі. Сондай-ақ студенттер қиындықтарды мүмкіндіктерге айналдыруға, сөйтіп, өздерінің бизнесін қуатты етуге де үйренеді.

Мақсаттар қою

Студенттер өздерінің бизнес жоспарларында мақсат қоя білуді және қойылған міндеттерге қол жеткізуді және табысты  біткен іс деп емес, оған баратын «жол» деп қарауға да үйренеді. Басқаруды және бизнес мақсаттарға қол жеткізуді зерделеу арқылы оқушылар бұл ұстанымды өздерінің жеке өмірлерінде, отбасында және жергілікті қауымдастықта қолдана алады. Кейбір студенттер тіпті жеке бизнесін өз өмір жағдайларын жақсарта отырып және басқаларға жұмысқа тұру мүмкіндіктерін ұсына отырып, бастайды.

Қаржылық сауаттылық

Бюджеттеу, банк операцияларын жүргізу және арифметикалық қабілеттер, сіз бизнес ортада болсаңыз да, болмасаңыз да маңызды дағдылар болып табылады. Студенттік кәсіпкерлік оқушыларға олардың академиялық оқуы үшін нақты өмірлік мәнмәтін береді және оқытушылардың сынып бөлмесінен тыс жерлердегі өз сабақтарын жоспарлауға көмектеседі.

Студенттік кәсіпкерлік

Шаром Угандадағы Mackay Memorial Collegeнің (Маккей Мемориал колледж) студенті болған кезде ол кәсіпкерлікке оқытатын  "School Enterprise Challenge" бағдарламасы шеңберіндегі студенттік кәсіпкерліктің жобалық менеджері болған. Бұл Шаромның кәсіпкерлікке деген қызығушылығын оятып, құс өсіру саласында өз бизнесін ашуға ынталандырды. "School Enterprise Challenge" бағдарламасына қатысу маған практикалық дағдыларды, сондай-ақ өзімнің жеке бизнесімді ашу үшін аса маңызды маркетинг, жоспарлау және бухгалтерлік есеп дағдыларын үйренуге көмектесті» дейді Шаром. Бүгін ол табысын бір қызметкерді жұмыспен қамтуға пайдаланады және өзінің отбасына қолдау көрсетеді.  Сондай-ақ ол осы күнге дейін колледжге көмектесіп, құс өсіру бойынша бизнес-мектепте тәлімгер болып жұмыс істейді.

Үндістандағы Choithram School (Чойтхрам колледж) колледжінде студенттер ашқан, экологиялық тұрғыдан зиянсыз "Good Earth" кәсіпшілік жобасы   2016 жылы   "School Enterprise Challenge People Award" марапатына ие болды. Олардың ең соңғы бизнес есебінде команда өздерінің көшбасшылықтың жаңа түріне және командадағы жұмыс дағдыларына қалай үйренгендерін сипаттап жазды. 12-сынып оқушысы Юти: «Мен клиенттерді осыншалық сендіре алатынымды ешқашан сезген де емеспін» деді. Ол болашақта университетте бизнесті жүргізуді оқытуды ойластырып жүр.   

Сыртқы сілтемелер