2016 жылы Британ Кеңесінің және Тайландтың Кәсіптік білім беру министрлігі департаментінің қолдауымен (Thai Ministry of Education’s Office for Vocational Education Commission (OVEC) Уэльстегі  "Grŵp Llandrillo Menai" колледждер тобы  Тайландтағы кәсіптік білім беру шеңберінде студенттерді кәсіпкерлікке оқытудың жаңа тәсілі мен бағдарламасын әзірледі. Қазіргі сәтте біз тай елі колледждерінде осы жаңа тәсілді және бағдарламаны сынақтан өткізудеміз.  

Біз Тайландтағы колледждер жаңа бағдарламаны іске асыруына байланысты Ұлыбританияның екі колледжімен - South Eastern Regional колледжі (Солтүстік Ирландиядағы Оңтүстік-шығыс өңірлік колледжі) және  Англиядағы Hertfordshire Regional (Хертфорд Риджинал колледж) ынтымақтастықта, оларға тәлімгерлік қолдау көрсетудеміз. Сондай-ақ осы процесте біз Ұлыбритания мен Тайланд арасында орнықты серіктестік қатынастарды орнатудамыз

Біздің Глазго қаласында қыркүйек айында өткен National Enterprise Educator Премиясында жеңіске жетуіміз - бұл жобаның бастапқы табысы және көп үміт арттырар белгісі болып табылады. Онда біз "Further Education Team Enterprise" (Кәсіптік білім беруде кәсіпкерлікті оқыту жөніндегі команда) номинациясында наградаға ие болдық. Награда алуымыз «Кәсіптік білім беру мекемесінің командасы оқыту бағдарламасында және одан тыс кәсіпкерлікті оқыту бойынша тамаша оқытуды ұсынатынын» мойындайды.

Жобаның орталығында

Біздің тайлық серіктестер тай экономикасын шағын бизнесті көптеп құру және студенттердің бойында кәсіпкерлік дағдылар мен ойлау қабілетін жақсарту, шағын және орта бизнесте еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы нығайтуға ұмтылыс жасайды.

Біз тайлық серіктестердің ұмтылыстарын қолдау үшін мыналарға бағытталған жоба жасадық:

  • Кәсіпкерлікке оқытуды тай кәсіптік білім беру бағдарламасына кіріктіруге негізді қалыптастыра алатын оқыту бағдарламасын әзірлеу
  • Тайландтың барлық колледждерінде жұмыс істейтін барлық мұғалімдер мен бизнес инкубаторлардың (стартаптар) менеджерлерін кәсіптік дамыту бойынша іс-шараларды жобалау және оларды жүргізу
  • Практикада неғұрлым кеңірек қолдануға ұсынымдар беру.

Біз жобаны қалай іске асырамыз

Жоба қызметтің бірнеше түйінді салаларына назар аударады:

  • Тайлық стейкхолдерлермен жергілікті зерттеулер жүргізу, оған саясатты әзірлеуге жауапты адамдар, кәсіпкерлер, мекемелер басшылары мен оқытушылар, стартап бағдарламалардың түлектері және кәсіптік білім беру саласының оқушылары кіреді.
  • Ұлыбританияның қолданылып жүрген кәсіпкерлікті оқыту бағдарламаларын анықтау және оларға Тай үкіметінің басымдықтарына, колледж қажеттіліктеріне және Ұлыбританияның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасының (UK QAA’s Enterprise and Entrepreneurship Education Guidance themes (2012) Кәсіпкерлікке оқытудың басқарушы қағидаттарының міндеттеріне  қатысты талдау жасау. 
  • Кәсіпкерлік бойынша: ойлау; ынталандыру; бизнесті жоспарлау және бизнес үлгілерін қамтитын 2-ші деңгейдегі оқу бағдарламасын әзірлеу
  • Оқытудың кәсіпкерлікті оқытатын негізгі тайлық оқытушылардың оқытуына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін практикалық семинарлар өткізу
  • Тайландта жұмыс істейтін 30 оқытушыны арнайы оқыту бойынша 4 күндік бағдарламаны жобалау және жүргізу
  • Жоғары сапалы оқыту материалдарын әзірлеу үшін және серіктестік қатынастарды дамыту үшін Тайландтағы бес колледжге тәлімгерлік қолдауды қамтамасыз ету 

Бағдарлама барысында біз сондай-ақ өз жұмысымыздың озық практикасының кейбір түйінді салаларын анықтадық:

  • Көп деңгейлі консультация: мүдделі тараптардың пікірлерін қамтамасыз етудің стандартты емес қамтуы,  өйткені әртүрлі пікірлер біздің жұмысымызда назарға алынды
  • Орнықты тәсіл: тай саясатының 51-ші аккредиттелген бағдарламаға және Ұлыбританияның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасының Кәсіпкерлікке оқытудың басқарушы қағидаттарына қатысты басымдықтарына жүйелі түрде талдау жасау.
  • Ынтымақтастық: жаңа бағдарламаны бағдарламаның мазмұны мен құрылымын қарастыратын стратегиялық және  практикалық деңгейлерде келісу, сондай-ақ оны іске асырудың жоба мақсаттарына сәйкестігін көздеу
  • Кәсіпкерлік бойынша оқытушыларды дамытуға арналған кәсіптік дамыту: семинарлар және беделді, танымал көшбасшылардың тәлімгерлігі  және инновациялық, педагогикалық тәсілдерді енгізу.

Кәсіпкерлікке оқытудың жаңа бағыттарын әзірлеу 

Біздің бағдарлама барысында кәсіпкерлікке оқыту бойынша негізгі бағыттарды Ұлыбританияның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасының Кәсіпкерлікке оқытудың басқарушы қағидаттарынан алып, Тайландтың кәсіптік білім беру саласына бейімдедік. Оларды OVEC студенттердің және колледждер түлектерінің кәсіпкерлік қызметін қолдау үшін Тай үкіметі саясатының бір бөлігі ретінде қабылдаған болатын. 

Бағыттардың атаулары

  • Креативтілік
  • Мүмкіндікті/мүмкіндіктерді айқындау және дамыту
  • Шешім қабылдай білуді көрсету
  • Командадағы жұмыс арқылы идеяны генерациялау
  • Рефлексия
  • Тұлғааралық дағдылар.

Кәсіпкерлікке оқытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу

Бұдан басқа біз кәсіпкерлік ойлауға және ынталандыруға (бұрын мұндай болмаған) үйретуге арналған оқытатын бағдарлама әзірлеп, оны бағдарламаға кіріктірдік, сонымен бір мезгілде бизнесті жоспарлауға оқытудың өзін жақсы танытқан әдістерінің құндылығын арттыра түстік.

Жаңа ынтымақтастық

Біз Ұлыбритания мен Тайландта жоба әріптестерінің арасында көп деңгейлі, кросс-секторлы ынтымақтастық жасадық. Ұлыбритания мен Тайландтың кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы ресми институционалдық ынтымақтастық табысты түрде жолға қойылды. Тайлық колледждер елдегі жаңа іскерлік желілер үшін «тең-теңіне» қолдау жасайды, ал сол кезде Ұлыбритания колледждері  тайлық серіктестік колледждеріне сапалы және жедел қолдау жүйесін беру үшін азаматтық сектордың сарапшылық консультациялық ұйымдарымен  ынтымақтастық жасайды.

Біздің жобаның қазіргі кездегі әсері

Жобаны бағалау айтарлықтай әсері бар екенін анықтады, ол мыналарды қамтиды:

  • Тай саясаты басшылығындағы өзгерістер: OVEC кәсіптік білім беру саласы үшін оқытудың алты жаңа базалық бағыттарын қабылдады, олар кәсіпкерлікке оқытудың дәйекті және орнықты тәсілі үшін негізді қамтамасыз етеді
  • Қызметкерлерді оқыту: 30 оқытушы кәсіптік дамытуға арналған арнайы бағдарламаға қатысты, оның шеңберінде оқытушылар оқушылардың бойында кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға қолдау көрсетуге арналған негізгі білім мен практикалық тәсілдерді игерді. Бағдарламаға қатысушылар өздерінің мекемелерінде студенттер мен әріптестерді тарту қабілеттеріне және оларға кәсіпкерлік бойынша стратегияны өзгертуге ықпал етуге рұқсат етуде бойларында сенім пайда болғанын айтты. Мұғалімдердің, бизнес-инкубаторлар менеджерлерінің және іріктеліп алынған бес колледждің директорларынан тұратын командалар тәлімгерлердің қосымша қолдауынан көп пайда көрді. 
  • Оқыту бағдарламасындағы өзгеріс: жаңа бағдарлама қазіргі кезде бес колледжде жүргізілуде
  • Институционалдық тартылу: бес колледждің директорлары оқытудың жаңа бағдарламасын іске асыруды қолдауға және серіктестік қатынастарды дамытуға міндеттеме алды.
  • Ұлыбританиядағы әріптестер үшін біз олардың халықаралық позицияларын, жаңа және неғұрлым жақын әріптестік қатынастарды күшейттік және қызметкерлерді кәсіптік дамытуды жақсарттық. Түптің түбінде біздің оқушылар ойлау кеңістігінің кеңеюінен, жұмыста басқа мәдениеттің тәсілдерін пайдаланудан, жаңа командаларды құрудан және кәсіпкерлік білім беру саласындағы сараптаманы дамытуды ынталандырудан пайда табатын болады.

Болашақ мақсаттар

Біз тайлық әріптестерімізге тәлімгерлік көмек көрсетуді одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Біз осы колледждер жаңа бағдарламаны енгізуде басқа мекемелерге қолдау көрсетіп және олардың кәсіпкерлікке оқыту бойынша қызметін күшейте отырып, өңірлік көшбасшыларға айналады деп ойлаймыз.

Қазіргі кезде бірлескен іс-шараларды өткізу: сыйлық, тұрақты сапаны бақылау процесін, біліктілікті арттырау іс-шараларын ұйымдастыру туралы кліссөздер жүргізілуде. 

Жоба туралы көбірек білу үшін команданың келесі мүшелерінің біреуімен байланысуды өтінеміз:

Grŵp Llandrillo Menai (GLLM) колледждерінің тобы | Кристин Эванс,  коммерциялық қызметтің жетекшісі

Hertford Regional колледжі | Никола Питман, жоба менеджері

South Eastern Regional (SERC) колледжі | Киран МакКенна, кәсіпкерлікке оқытудың жетекшісі