Сіз кәсіптік-техникалық білім беру ұйымының мұғалімісіз бе, колледждің немесе кәсіптік-техникалық курстардың жетекшісіз бе, бұл  онлайн-журнал сізге кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы перспективалармен бөлісу және оған жаңа ұстанымдарды зерделеу мүмкіндігін береді.

Кәсіптік-техникалық білім беру дегеніміз не?

Біз British Council-дың (Британ Кеңесінің) бастамасымен кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы мұғалімдер мен басшыларға арналып және дағдыларды дамыту үшін шығарылатын Vocational Education Exchange онлайн-журналының бірінші санының беттерінен сіздерге сәлем жолдаймыз.

Білім беру және бизнес арасындағы алшақтықты еңсеру

Соңғы 20 жылда Қазақстанның техникалық және кәсіби білім беру жүйесі инвестициялардың және жұмыс берушілермен байланыстың жеткіліксіздігінен көп кедергілерге тап болды. Қазіргі уақытта мемлекет әлі де білікті техникалық мамандарға зәру, үкімет осы орайда техникалық және кәсіби білім беру саласына жастарды тарту үшін белсенді іс-қимылдар жасауда. Қазіргі таңда білім беру саласына жұмыс берушілер де белсенді түрде жұмылдырылып отыр. Осы жұмыс аясында Қазақстан WorldSkills-ке еніп, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің басын біріктіретін бірінші ұлттық чемпионатты өткізді.

Кәсіптік-техникалық білім қандай болуы қажет

Жақын уақытта кәсіби білім саласындағы ұстаздарға арналған «InTuition» ақпараттық бюллетенінде жарық көрген білім беру саласын зерттеулер бойынша Ұлттық қордың есебінде, ТиПО-ға, ол қандай болуы керектігіне негізгі екпін жасалып, оны түсініп, оны ендіру мәселесі көтерілген. Ол туралы біз не біле аламыз?