Сабақтарға бақылап отырушылардың қатысуы оқытушыларға ұнай бермейді. Сонымен бірге оқытушылық үрдісті бақылап отыру кәсіптік білім беру саласында сабақ оқыту сапасын арттыруға және материалды игеруге белгілі бір дәрежеде жәрдемдесе алады.  Британиялық Chichester College (Чичестер колледжі) өзінің оқытушылық үрдісті бақылап отыру жүйесін оған коучинг қағидатын енгізе отырып, қайта өңдеді. Оқытушылар мен студенттер атап көрсеткендей, бұл сабақтардың әлдеқайда тиімдірек және қызығырақ болуына көмектескен.

Оқытушылар құрамындағы жетістіктер үшін City and Guilds Beacon Award наградасын, сондай-ақ оқыту және үйрету саласындағы үздік бастамасы үшін Times Education Supplement (TES) наградасын (Best Teaching and Learning Initiative Award) алған колледждің бағдарламасы туралы толығырақ оқыңыздар.

Chichester College қызметкерлері пайдаланылып жүрген оқытушылық үрдісті бақылап отырудың әдістемесі   тиімсіз деген қорытындыға келді. Бақылап отыру жүйесін түзетудің орнына олар оны толығымен қайта өңдеуге шешім қабылдады. Колледж сабақтарда бақылап отыруға рұқсат алу үшін барлық оқытушы-бақылап отырушылар өтуге тиіс бес модуль әзірледі. 

Бес  модуль:

  • мәдениетті өзгерту:  оқыту және үйрету үрдісін бақылап отыру, дербес баға беру және жоспарлау қағидаттарына кіріспе
  • бақылап отыру және оқыту: нақты деректерді жинау, есептерді дайындау, модерация
  • негізгі қорытындылар: жиналған ақпарат негізінде кері байланыс жасауды ұсыну
  • коучинг моделін пайдалана отырып кері байланыс жасау: ауызекі кері байланыстың дағдыларын әзірлеу, жақсартуды талап ететін оқытушылық жұмыста көмек көрсету
  • мақсаттарды белгілеу және жоспарлау. 

Енді бізде нақты нұсқаулық пен үрдісті – бастапқы хабарламадан нәтижелерді талқылау және бағалауды түсіну бар. 

– Мики Ренделл, cпорт-қоғамдық қызметінің басшысы

Бес модуль колледжде «коучинг мәдениетін» енгізу шеңберінде әзірленді. Колледждің барлық деңгейдегі қызметкерлеріне жаңа процестерге комментарий жасау ұсынылды. Нақты деректерді жинауға және талдау жасауға бағдарлану субъективті пікірлерді және соған байланысты белгісіздікті жоюға және барлық оқытушылар тарапынан сенімді нығайтуға көмектесті 

Атқарушы кеңестің құрамына кіретін  студенттер де оқудан өтіп бақылап отырушы ретінде сабаққа қатысуға шақырылды. Бұл студенттердің  оқыту үрдісіне қатысуын кеңейтуге көмектесіп қана қойған жоқ, олар үшін пайдалы оқу тәжірибесі болды. Жоба аяқталғаннан кейін студенттердің 95%-ы сабақ оқыту сапасын жақсы деп атап көрсетті немесе жақсарғанын атап көрсетті (жоба басталғаннан кездегімен болған 85%-бен салыстырғанда)

Бағдарлама  ұлттық деңгейде табысқа жетті. Атап айтқанда, ол оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру саласындағы жетістіктері үшін City and Guilds Beacon Award наградасын, сондай-ақ оқыту және үйрету саласындағы үздік бастамасы үшін Times Education Supplement (TES) наградасын (Best Teaching and Learning Initiative Award) алған. Британияның білім беру саласындағы реттеуші орган Ofsted те осы оқыту үрдісін бақылап отыру бағдарламасын «орнықты және тиімділігі жоғары» деп атап көрсетті.

Оқытушылар жаңа жүйе сенімді нығайтып, сабақтарда бақылап отырушылардың қатысуына байланысты стресті азайтуға көмектескенін айтады. Шаштараз өнері мен сұлулық қызметін көрсету оқытушыларының біреуі былай дейді: «Оқыту ұрдісін бақылап отыру өзіміз үшін пайдалы түйін түйетін ортақ іске айналды. Бақылап отырушылардың пейілдері кеңейе түсті; олар өздері қатысқан сабаққа байланысты біздің ойларымыз бен сезімдерімізді талқылау үшін уақыт бөледі… Біз үшін бұл үрдіс айтарлықтай оңайлады және бұрынғыдай стресс тудырмайды».

Егер де сіз осы мақалаға пікір жазғыңыз келсе, бізге VEE@britishcouncil.org мекенжай бойынша хат жолдаңыз. Егер де өз мақалаңызды жолдағыңыз келсе, оны қалай істеу керек екендігін мына жерден білесіз: 

Біліктілікті арттыру бойынша көбірек материалдар:

Сыртқы сілтемелер