Burton and South Derbyshire College (Бертон және Саут-Дербишир колледжі) оқытушылар жұмысын   бақылап отыру үрдісінің тиімділігін арттыру тәсілдерін зерттеді.

Колледж мамандары коучинг пен тәлімгерліктің оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға қалай жәрдемдесе алатынына талдау жасады. Басқа да төрт колледжбен және британдық өңірлік білім беру желісімен серіктесе отырып, колледж  бірқатар практикалық зерттеулер жүргізді. Оларда  колледж талаптарына сай келмейтін оқытушыларға және студенттерді оқытуда ерекше табыстарға жетіп жүрген оқытушыларға және өздерінің оқыту дағдыларын жетілдіру мақсатында коучингті оқып-үйреніп жүрген мамандарға  көмектесу үшін  коучинг пен тәлімгерлікті қалай пайдалануға болатынына зерттеу жасалды.

Колледж мамандары кәсіптік дағдыларды дамытудың жаңа процесі және оқытушылар коучинг пен тәлімгерліктің арқасында алатын қолдау олардың жұмысының тиімділігін және өздерінің қанағаттану сезімдерін арттырады деген қорытынды жасады. 

Би бөлімініңі базалық бағдарламасындағы тьюторлардың біреуі коучингке қызығып, нәтижелерді ойлауға және талдау жасауға арналған үзілістері бар, екі қарқынды сессиядан тұратын бес күндік бағдарламадан өтуге бел байлады. Бұл процес тьютордың оқыту сапасы үшін өзінің жауапкершілігін сезінуіне және өз басының кәсіби тұрғыдан өсуіне көмектесті: «Өзгерістер менен басталады! Бұл – көзімнің ашылуы еді! Менде қандай да бір міндетті тапсырмаларды орындау қажеттілігі болған жоқ, бірақ өзімнің дамуыма уақыт бөлу мүмкіндігі пайда болды».

Алайда, бақылап отырудан кері байланысқа және коучингке өту оң нәтижелер берген Chichester College-ден айырмашылығы сол, Burton and South Derbyshire College-нің оқытушыларына бұл екі функцияның арасында қарама-қайшылық бар сияқты болып көрінді. Бақылап отырушылар, өздеріне үйреншікті жұмыс мәдениетінен бас тарту қиын және жаңа амалдарды енгізу қажет болғандықтан,  бұл процеске қарсылық білдіре алатыны анықталды. Оқытушылардың біреуі былай деді: «Мен бақылап отырудан кері байланысқа, ал содан кейін бақылап отырудан коучингке өту қиын емес шығар деп ойлаймын, бірақ бақылап отырушының рөлінен бірден коуч рөліне өту – бұл оңай шаруа емес».

Сіз қалай ойлайсыз? Сіз бақылап отырушының рөлінен  коуч рөліне оңай өте алар ма едіңіз? Бұл функциялар бірыңғай процеске айнала ала ма немесе бұлар түрлі міндеттер ме? Бізге VEE@britishcouncil.org электронды поштасына хат жазыңыз.