Осы шығарылымда пайдаланылатын техникалық терминдерді мұқият зерделеңіздер.

Қызметті зерделеу

Практик білім беру контексінде жүргізетін қызметті зерделеу - бұл зерттеу сұрақтарына негізделіп, оларға жауап берген кезде практиктің жұмысы жақсара түсетін үздіксіз кәсіптік білім беру формасы. Қызметті зерделеу барысында оқытушылар, біріншіден, олардың практикасының немесе олардың студенттерді оқытуда өздері жақсартқылары келетін элементін айқындайды. Бұдан кейін сұрақтар мен жауаптарды құрастыру үшін пайдаланатын және оқытудың іргетасы болып табылатын  педагогикалық теорияларды түсіндіруге кезек келеді. Бұдан кейін оқытушы осы сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір тәсілдің ықпалын көрсететін деректерді жинақтайды (мысалға алатын болсақ, белгілі бір жаңа әдіспен оқытқан кездегі студенттердің жұмыстары бойынша деректер). Жауаптар кейіннен ағымдағы кәсіптік практика үшін пайдаланылады. Және оларды да басқалармен бөлісуге болады.

Коучинг

Сарапшы-коуч пен оның қарамағындағы адамның арасындағы, осы адамның жұмысын жақсартатын қарым-қатынастар. Коучтың беретіні оқушының алға басуына және қабілеттеріне сәйкес келуі керек. Басты міндет - оқушылардың өздері шешім қабылдап, өздерінің кәсіптік стандарттары туралы пікір айта алу қабілеттерін дамыту болып табылады.

Оқыту бойынша қоғамдастық

Оқыту бойынша ортақ мақсаттары бар, өздерінің оқуы бойынша бір-бірімен жүйелі түрде қарым-қатынас жасап тұратын және оқуда бір-бірін қолдайтын бір топ практиктер

Үздіксіз кәсіптік білім беру

Өздерінің жұмыстарын үздіксіз жақсарту үшін және уақытпен бірге қадам басу үшін  кәсіпқойлар пайдаланатын оқытып-үйретуші жаттығулар. Кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы оқытушылар оқытудың  және олардың индустриясының жақсы практикасы туралы өз түсініктерін немесе кәсіптік білімдері мен дағдыларын жақсартып, жетілдіргілері келуі мүмкін.

Топтық практиканы дамыту

Үздіксіз кәсіптік дамудың формасы, онда сарапшының білімі мен практикасын оқушыға беруінің орнына екі немесе одан да көп колледждердің оқытушылары  өзара пайда табу үшін өзара ынтымақтасады. Бұл ынтымақтастық әдетте жаңа әдісті дамыту үшін қолданылады және көп жағдайда қызметті зерделеуге сүйенеді.

Менторлық

Неғұрлым тәжірибелі ментор мен тәжірибесі аздау оқушының арасындағы қарым-қатынас. Ментордың рөлі - оқушыны қолдау және оған кәсіптік дамуы, күйлі өмірге жету және қоғамға, институт пен мамандыққа кірігу бойынша кеңестер беру.

Педагогикалық әдістер

Адам санасы, дамуы, мінез-құлқы жәнестуденттердің қажеттіліктеріне бейімделген  дағдыларды үйренуі мен оқытушылардың қалауы туралы түрлі теорияға негізделген, оқытуға деген түрлі тәсілдер.

Педагогика

Қытудың теориясы мен практикасы. Әдетте, педагогика дегенімізді балаларға сабақ берудің педагогикасы мен практикасы деп түсінеді. Андрагогика - ересектерге сабақ берудің теориясы мен практикасы

Егер де сіз осы мақаланы пайдалы деп тапсаңыз, бізге мына электрондық мекенжай бойынша хабарласыңызы: VEE@britishcouncil.org