Қазақстанның теңізге шығатын жолы жоқ, алайда ол - аумағы бойынша дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі. Екі құрлықта орналасып, аумағы бойынша Батыс Еуропаға тең.   

Осындай үлкен аумақта педагогтар үшін кәсіптік білім беру саласы бойынша кәсіби біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру оңай шаруа емес. Алайда кәсіби білім беру орталығы бұл жұмысты каскадты тәсіл арқылы жүзеге асырып келеді. 

Өзінің жобасы жөнінде бізге кәсіби білім беру орталығының  бас жаттықтырушысы Санжар Татібеков пен орталықтың  бас менеджері Әлия Бекішова айтып берді.

Қазақстанның теңізге шығатын жолы жоқ, алайда ол - аумағы бойынша дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі. Екі құрлықта орналасып, аумағы бойынша Батыс Еуропаға тең.   

Осындай үлкен аумақта педагогтар үшін кәсіптік білім беру саласы бойынша кәсіби біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру оңай шаруа емес. Алайда кәсіби білім беру орталығы бұл жұмысты каскадты тәсіл арқылы жүзеге асырып келеді. 

Өзінің жобасы жөнінде бізге кәсіби білім беру орталығының  бас жаттықтырушысы Санжар Татібеков пен орталықтың  бас менеджері Әлия Бекішова айтып берді.

Жахандану мен индустрияландыру жағдайында Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізі міндеттерінің бірі, экономика секторындағы жүйені жетілдіру мен мамандарды қайта дайындау болып табылады. Қарқынды экономикалық үдеріс қазіргі заманға сай дағдылар мен біліктілігі бар мамандарға деген жоғары сұранысты тудырып отыр.   

Қазақстанда Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту (ТжКБ)  сөзсіз экономикалық және әлеуметтік деңгейдің өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ ол еңбек нарығы мен оның жеке мүшелерінің сұранысын қанағаттандыруда үлкен маңызға ие.

Қазақстанның 2016-2019 жылға ғылым мен білімді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты басымдылықтарының бірі , ТжКБ мекемелерінде жоғары білікті мамандар құрамы болуы тиіс. Үнемі оқу, қайта оқу мен біліктілікті арттыру, оның ішінде тәжірибе алмасу да бар, оқытушыларға қажет құзіретті алуға көмектеседі.

2014 жылы «Кәсіпқор» Холдингінің негізінде оқыту орталығы құрылып, ол 2016 жылы кәсіптік білім беру орталығы болып қайта құрылды. 

Бұл орталықтың мақсаты – ТжКБ оқытушыларына біліктілікті арттыру мүмкіндігін беру, оларды жаңа стандарттар мен талаптараға әзірлеп, елдегі барлық колледждер мен тәжірибе бөлісу болып табылады.    

Орталықтың міндеттері мынадай:

  1. Қазақстанда ТжКБ бойынша оқытушылар мен менеджерлердің біліктілігін арттыру бойынша курстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды халықаралық стандарттарға сәйкес өткізу
  2. Қазақстанда ТжКБ бойынша оқытушылар мен менеджерлердің біліктілігін арттыру моделін инновациялық көп деңгейлі етіп енгізу
  3. «Кәсіпқор» Холдингі жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу үшін әзірлеген, нұсқаулық пен әдістемелерді ұсыну
  4. ТжКБ оқытушылар мен менеджерлеріне әзірленген курстардың мониторингі мен тиімділік бағасын білу
  5. Қазақстандағы ТжКБ бойынша Холдингте біліктілігін арттыру курсынан өткен оқутушылар жәйлі деректер базасын құрып, оны үнемі жаңартып отыру. 

Осы мақсатта кәсіптік білім беру орталығы үкіметтің жыл сайынғы тапсырмаларын орындап, ТжКБ бойынша оқытушылар мен менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын ілгерлетіп келеді. 2012 мен  2016 жылдар арасында бағдарлама аясында біліктілікті арттыру курстарын  4000 маман өтті. Орталық оқығандар тізімін облыстық білім беру департаменттерімен бірлесе отырып құрады. 

Біліктілікті арттыру мен оқыту ТжКБ мекемелерінде жаңа дағдыларды дамыту мен жаңа кәсіпті игеру бойынша, модульді білім беру бағдарламасы аясында жүргізіліп келеді.  

Егер шетелдік мекемелерде, оқушының курстарға тікелей қатысуы талап етілмесе, онда біліктілікті арттыру бағдарламасы мен оқытуды Орталықта немесе «Кәсіпқор» Холдингінің серіктес-колледждерінде өтуге болады. Оқытуға арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өткен шетелдік және қазақстандық сарапшылар, штаттан тыс жаттықтырушылар мен өз оқытушылары мен жаттықтырушылары жұмылдырылады. 

Мысалы 2016 жылы Орталық оқытушылар мен менеджерлерге арналған «Жаңа заманның ТжКБ оқытушысы» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді. 

Курс барысына мынадай модульдар енген: 

  1. жаңа парадигма және ТжКБ-ны дамыту стратегиясы
  2. ТжКБ -ның заңды, бағдарламалы және әдістемелік дамуын қолдау
  3. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы атқарымдық дағдылар
  4. кәсіби оқыту негіздері мен кәсіби психология
  5. ТжКБ мекемелерінде курстарды ұйымдастырудың жаңа жоспарлы қадамдары.

Орталық курсының әдістемелері мен мазмұны құзыреттілік тәсілді әзірлеу арқылы кезең-кезеңмен оқу бағдарламаларын және модульді біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Орталық қызметкерлері біріктірілген, интерактивті және тәжірибеге бағытталған оқулық әдістеменің тиімділігін айтып, оның мекемелерде ендірілуіне бар мүмкіндік жасауда. Орталық содай-ақ оқытушылар мен мекемелерге оқу процесінің сапасы мен нәтижелерін бағалауға көмектесіп, студенттерді кәсіби белгілер бойынша іріктеуге арналған жүйе бойыша жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттің үлкен аумағы мен қалалар арасындағы алшақтықты ескере отырып, орталық каскадты оқыту тәсілдерін қолданады. Ел ішінде біліктілікті арттыру курстарын штаттан тыс жаттықтырушылар жүргізеді. Орталықта арнайы комиссия құрылып, оның мүшелері штаттан тыс жаттықтырушылар қандай талаптарға сай келуі керектігін анықтайды. 

Қазіргі уақытта ТжКБ штаттан тыс жаттықтырушысы дәрежесі 282 оқытушыда бар. Бұл дәреже оларға аймақтарда біліктілікті арттыру курстарын өткізіп, ТжКБ жүйесі бойынша озық тәжірибемен бөлісу құқын береді.

Осылайша Орталық параллельді түрде екі мәселені шешіп отыр:ТжКБ-нің оқытушылары мен менеджерлерін оқытады және өзінің штаттан тыс жеке жаттықтырушыларын дайындайды. Орталықта курстан өткен оқытушылар мен менеджерлер,  өзінің Қазақстанда және шет елде алған білімі және тәжірибесімен қызығушылық танытқан тараптармен бөліседі.   

Кәсіби біліктілікті арттыру курстарын өткізгеннен бөлек кәсіптік білім беру Орталығы оқытудың тиімділігін бағалап және қадағалап отырады. Орталық жұмысы нәтижелерінің ашықтығы пен әділдігі тәуелсіз сарапшыларды жұмылдыру арқылы жүзеге асады. Олар кәсіби біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін сандық және сапалы көрсеткіштерді қолдана отырып  бағалайды. Мониторинг, сараптау және бағалау тиімділігінің көмегімен Орталық оқытушылар үшін білім беру аспектілерінің қай түрі барынша тиімді әрі пайдалы екенін анықтайды. Сондай-ақ нені жетілдіру керек, оқушылар алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде қандай дәрежеде қолданып жүр және қандай тақырыптар әсіресе сұранысқа ие екенін анықтайды. Мониторинг, сараптау және бағалау тиімділігінің нәтижелері Орталық жұмысы сапасының жақсы көрсеткіштері болып саналады. 

Орталықта ТжКБ оқытушыларының біліктілігін арттыру және қайта дайындаудың жаңа көп деңгейлі моделін жасау бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл модельдің мақсаты ТжКБ оқытушыларын үздіксіз білім алу мен оқуға ынталандыру болып саналады.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Білім мен кәсіптік дағдылар - қазіргі заманғы білім беру жүйесі, дайындау және қайта дайындаудың басты бағдары болып табылады "- деді. ТжКБ жүйесін жетілдіру үшін және қажет құзіреттілікке қол жеткізу үшін ТжКБ оқытушыларының үздіксіз кәсіптік жетілуін қамтамасыз етіп, оларға  үнемі оқу, қайда дайындық пен біліктілікті арттыру мүмкіндігін жасау керек.     

Кәсіптік білім беру Орталығының елдің дамуында маңызды рөл атқаратын мекемеге айналуға қажет барлық мүмкіншіліктер мен ресурстары бар. "Кәсіпқор" холдингі мемлекеттің ТжКБ-ні дамытудың саясаты мен стратегиясын тиімді түрде жүзеге асыруға көмектесетініне сеніміміз мол.