"Қарым-қатынас жасау - бұл адамдардың өзара сөз алмасуынан артық, қарым-қатынас жасау - бұл әлемнің сізге қалай әсер ететіні және өзіңіздің оған  жауабыңызды сіздің қабылдауыңыз. 

Біздің өзімізді қоршаған әлеммен қарым-қатынасымыз біздің өз-өзімізбен, достарымызбен және отбасымен, іс-қимылдармен, белгілі бір жерлермен және сәттермен қатынастарымызды қоса алғанда бірнеше сегментке бөлінуі мүмкін. Кез келген жиналысты өткізген кезде, мейлі ол кәсіптік оқыту курсы болсын немесе жоғары басшылықтың жиналысы болсын, сіздің мінез-құлқыңыз басқалардың мінез-құлықтарына әсер етеді. 

Қарым-қатынас жасаудың  жеті пайызы вербалды және 93 пайызы - вербалды емес. Вербалды емес қарым-қатынастың 55 пайызы - бұл дене тілі, ал 38 пайызы - дауыс арқылы жасалады. Біз өз денемізбен не істейтініміздің біздің айналамыздағылар үшін, әсіресе, біз ықпал еткіміз келгендерге орасан зор әсері бар.  Міне, өз тәніңіз бен кеңістікті тиімді пайдалану бойынша кеңестер.

Бет-пішіннің құбылуы

Сіз аудиторияға қарата сөйлеген кезіңізде сіздің бет-пішініңіз өз бағаңызды көтеруі мүмкін немесе өзіңізге деген сенімді азайтуы мүмкін. Егер де сіз өз тыңдаушыларыңызбен көз арқылы байланыс орната алмасаңыз немесе бет-пішініңіздің құбылуы сіздің сөздеріңізге сәйкес келмесе, сіз тыңдаушыларыңызды өзіңізден және айтар сөзіңізден алыстатып аласыз.

Біз адамның қалай күлімсірегенін көрмесек те, ол телефонмен сөйлескен кезде оның күлімдеп тұрғанын немесе оның көзі күлімдеп, жан-жағына шуақ шашып тұрғанын  сезіне аламыз, сондықтан күлімдеудің орасан зор күші бар. Сізбен әңгімелесушінің өзіңізді оң қабылдауының негізін оны тыңдап отырған кезде әшейін бас изеу, күлімсіреу арқылы қалауға болады. Сіз дәлізде біреудің қасынан өтіп бара жатқанда күлімдеу сөз алмасудан маңыздырақ болуы мүмкін. Осы кішкентай ғана іс-қимылдар тыңдаушының сіздің сөздеріңізді қабылдауын сол сәтте-ақ ұлғайтады. 

Өзгерістерге апаратын қадамдар

1. Күлімдеу

2. Көзбен байланыс жасау. Топта барлық адамдармен бөлмеде отырып, байланыс орнатудың мәні зор

3. Бас шұлғу

"Маркерлер" жасау

Өз өміріңізде болған жағымсыз бір тәжірибені еске түсіріңіз. Оның қай жерде болғанын ойлаңыз. Енді, сіз сол жерді көрген кезде қандай сезімде болатыныңызды ойлаңыз. Сонша жағымды ой емес, солай емес пе? Егер де сізде жағымсыз жаңалық болса және сіз оны өзіңіз сабақ беріп жүрген жерде хабарласаңыз, онда сізде сол жағдайды қайталауыңыз мүмкін: ол жерге "нашар әсерді" жұқтыру қаупі бар.

Бір топ адамдарға қарап сөйлейтін кезде оны не үшін, қай жерде айтатыныңызды ойластырып алыңыз; егер де сіз қалжыңдағыңыз келсе, қалжыңдар кезде қай жерде тұратыңыздың сайлап алыңыз; егер де сіз салмақты болатын болсаңыз, салмақты сөз айтар кезде қай жерде тұратыныңызды сайлап алыңыз. Менің "босату нүктесі" деген жерім бар, мен оны ережелерді бекіту үшін пайдаланамын.  Менің босату нүктем қашанда қабырғаның жанында, мен сөйлейтін жерден алысырақ орналасқан. Маркерлердің арқасында сіздің тыңдаушыларыңыз іштей сіз оларды болса екен деп қалаған жағдайға кіруге дайын болады. Сонда бұл жағдай ақпараттың араласып не орны ауысып кетуіне жол бермейді.

Өзгерістерге апаратын қадамдар

1. Еденде бір жерді ойша белгілеңіз немесе еденде бір нүктені белгілеу үшін маркерлерді пайдаланыңыз.

2. Эмоцияларыңызды немесе хабарламаларыңызды белгіленген жерлерде шатастырып алмаңыз, яғни, "салмақты нүкте" деп белгіленген жерде қалжың айтпаңыз.

3. Нүктелерді ұдайы пайдаланыңыз және диалог кезінде оларды айналып өтпеңіз.

4. (Бір де бір жағдайда), егер тыңдаушы отырса, онымен бір деңгейде болатындай жерде бірге отырыңыз немесе қатар тұрыңыз, бұл "біреумен сөйлесу" және "біреуге айту" дегеннің айырмашылығы. Жақындық.

Қолдар

Мұғалімдерге, ұйымдастырушылар мен спикерлерге арналған ортақ кеңес бар - сөз сөйлеген кезде қолды пайдалану керек, егер де оны ақылмен пайдалана білсе, бұл тамаша кеңес. Әрбір қимыл бір нәрсені білдіруге тиіс; әйтпесе әрбір қозғалыс сіздің сөздеріңізге сәйкес келмей және аудиторияны, әсіресе, көру арқылы есте сақтайтындарды, сіздің айтып тұрғаныңыздан алаңдатып, проблема тудыратын болады.

Өзгерістерге апаратын қадамдар

1. Сабақ беріп тұрғанда өзіңізді бейнежазбаға түсіріңіз.

2. Жазбаны қарап жүріңіз.

3.Қолыңыздың қимылы айтып жатқан сөздеріңізге сәйкес келеді ме деп өзіңізден сұраңыз.

4. Мұның орнына "егер, мүмкін болса) не істей алатын едім деп ойлаңыз.

Өзіміз құратын ортада, өз мақсаттарымызға қол жеткізуде және өзіміз қалыптастыратын қатынастарда  өз денемізді игере алудың маңызы зор. Өз жұмысыңызды жаңа деңгейге көтеру үшін қарым-қатынас жасаудың 55 пайызына басым назар аударыңыз.

Кевин Джордж

Кевин Джордж - адам жұмысы жөніндегі консультант. Оның жұмысы мінез-құлықты іске асыру арқылы дамуға негізделген. Кевин Премьер-Лиганың, Британ кеңесінің және Консультанттар институтының атынан бағдарламаларды сәтті өткізді. Және бұл тек бірнеше мысал ғана. Бүкіл әлемде 50 000-нан астам адам Кевиннің мінез-құлық бағдарламаларына қатысқан