Кәсіптік дамудың дәстүрлі модельдеріне сәйкес, сарапшымен кәсіптік дайындық жекелеген оқытушылардың қажеттіліктері үшін жасалған. Әңгіме білім беру практикаларындағы болашақ жақсартуларға ықпал ете отырып, оқытушылардың тәжірибесі мен білімдерін сақтайтын үздіксіз кәсіптік даму туралы болып отыр.

Алайда, Ұлыбританияда негізі қаланған Stephenson College: топтық практиканы дамыту деген жаңа модельді зерделеді.

Бұл модель тамаша оқыту және білім беріп, үйретуді қолдау үшін сәтті түрде пайдаланылуда.

Академик Майкл Филдинг  топтық практиканы дамытуды жан-жақты қатысу арқылы жұмыстың  өзі үшін басқалардың тәжірибесін ашу және өз тәжірибеңмен бөлісуге көмектесетін жаңа жолдарын  дамыту деп айқындайды. Ол үздіксіз кәсіптік білім беруден ерекшеленеді, өйткені ол тұлғалар арасындағы немесе ұйымдар арасындағы өзара  даму мен өзара қатынас дегенді білдіреді және әр қатысушының ұсынатын нәрсесі болатынын мойындайды. Бұл процесте зерттеулер, соның ішінде бірлескен зерттеулер көп пайдаланылады.

Осыны назарға ала отырып, Stephenson College оқыту бойынша қауымдастық құру үшін  басқа төрт колледжбен және веб-дизайнерлерді, мультипликаторларды, кинокомпания мен баспагерлерді қоса алғанда, шығармашыл кәсіпқойлармен бірікті.   Бірге жұмыс істей отырып және идеяларын бөлісе отырып, бұл қауымдастық оқу бағдарламаларына арналған ресурстар жасау практикаларын жақсарта алады.

Жоба басталғанға дейін барлық әріптес-серіктестер тренингтер мен жиналыстарға шақырылды, сондай-ақ олардан оқу бағдарламалары үшін жаңа ресурстарды жасауға үлес қосу сұралды. Одан кейін қатысушылар жаңа ресурстарды  жасаудың неғұрлым сәйкес келетін тәсілдері туралы идея алмасу үшін шығармашыл кәсіпқойлармен кездесті. Бұл осы процеске көмектесе алатын дағдылар мен рәсімдерді талқылауды да қамтыды.  Ресурстар жасалғаннан кейін барлық колледждер материалдарды бірлесе қайта қарауды бастады. Stephenson College сол кезде мұғалімдермен бірге ішкі тексеріс өткізіп, әріптес-серіктестердің сапалы да, сандық та көрсеткіштерін жинап алды. Сондай-ақ олар жоба нәтижелерін бағалау үшін оқушылардан фокус-топтар құрды.

Stephenson College оқытушыларды оқыту және олардың дағдыларын жақсартуға арналған материалдар дайындау  үшін топтық практиканы дамыту тәсілін қолданудың  пайдалы екендігін байқады.

Қажетті  ресурстар құру үшін кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушыларының да, кәсіби маркетологтардың да қатысуымен өткізілген кездесулер сәйкес келетін  ресурстар құруда жоғары өнімді екенін көрсетті. Бұл кездесулер әсіресе дизайнерлер индустриясын  білуді және оқытушылардың студенттерге не керек екендігінен хабардарлығын  біріктіретін  инновациялық, цифрлық ресурстарды жасау кезінде аса пайдалы болды.

Бірлескен тексеру процесі және әртүрлі колледждердің қатысуы өте тиімді болды және мұғалімдердің талдау жасауын, басқалардың тәжірибесінен үйрену қабілетін  ынталандырып, осы салада айтарлықтай оң өзгерістер жасауына мүмкіндік берді.

Жоба туралы көбірек білу үшін осы жерге басыңыз.

Егер де сіз осы мақалаға пікір жазғыңыз келсе, мына VEE@britishcouncil.org мекенжай бойынша хат жолдаңыз және талқылауға қатысыңыз. Егер өзіңіздің мақалаңызды жібергіңіз келсе, оны қалай істеу керек екендігін осы жерден біле аласыз.