Егер де сіз өзіңіздің сабақ беруіңіздің сапасын жақсартқыңыз келсе, бірақ оны қалай істеу керек екенін, қай салаға назар аудару керектігін немесе халықаралық деңгейде сізден не күтілетінін білмесеңіз, онда осы ресурс сіздерге арналған.

Education and Training Foundation Англиядағы оқытушыларға арналған кәсіптік стандарттарды жариялайды.

Бұл стандарттар білім беру мен кәсіптік дайындықта тиімді практиканың қажет екендігін нақты көрсетеді. Олар оқытушылар мен басқа практиктерге олардың кәсіптік дамуы үшін саланы таңдауға көмектеседі. Стандарттар оқытушыларды ертерек оқытуды қолдау және ұйымдарды ұлттық эталонмен қамтамасыз ету үшін пайдаланыла алады. Бұл эталонды олар өз қызметкерлерін дамытуда ұстана алады.

Оқытушыларға арналған 2014 жылғы стандарттарды тап осы сияқты оқытушылар шабыт беретін кәсіпқой практиктерді дамыту үшін жасаған болатын. Бұл стандарттар практиктерді іске қосып, жоғары білікті оқытушылардың дамуын қолдайды. 

Стандарттар үш секцияға бөлінген: кәсіби қасиеттер және мінездемелер; кәсіби білімдер және түсіну; және кәсіби дағдылар.

Біріншіден, кәсіби қасиеттер және мінездемелер секциясын қарастырайық. Оқытушылар өздері ұдайы кәсіби тұрғыдан дамып келе жатқанына сенімді болулары үшін өздеріне не қолайлы екенін ойластырып алулары керек, сондай-ақ өздерінің әдеттерінен бас тартып, әріптестерімен кеңесулері керек. олар студенттерді инновациялар, креативтілік, пәнге деген сүйіспеншілік арқылы ынталандырулары керек. Сонымен бір мезгілде жаппай ұмтылысты, әралуандыққа деген құрметтерін оятып, кәсіптік білім беруді қолдау үшін өз әріптестерімен ынтымақтастықта  жұмыс істеулері керек.

Үш стандарттар секциясының екіншісі - бұл кәсіптік білім мен түсіну. Бұл стандарттар секциясы оқытушылардың пән бойынша өз білімдерін сақтап, жаңартып отыруы керектігін және оқу өткізілетін ортасында теорияны қалай түсінетіні туралы айтады. Ол оқытушылардың бұл түсінуді оқыту кезінде оң мінез-құлықты ілгерілету тұрғысынан   пайдалану керектігін көрсетеді. Және де, ол оқытушылардың өздерінің рөлі мен міндеттері туралы нақты түсінігі болуын нақтылайды.

Стандарттардың үшінші және соңғы секциясы барлық кәсіптік дағдыларды қамтиды. Оқытушылар студенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін тиімді бағдарламаларды жоспарлауы және жүзеге асырып, оларды нәтижелерге қол жеткізуге және қауіпсіз әрі инклюзивтік білім беру ортасын құруға ынталандырулары керек. Оқытушылар студенттердіңөздерінің оқулары үшін  өз міндеттерімен бөлісуге көмектесулері және өздерінің кәсіптік дағдыларын жетілдіріп. дамытуға тартулары керек. 

Біз  2014 жылғы стандарттармен пайдалы таныстық болды деп үміттенеміз. Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.etfoundation.co.uk веб-сайтына кіріңіздер.

Егер де сіз осы мақалаға пікір жазғыңыз келсе, мына VEE@britishcouncil.org мекенжай бойынша хат жолдаңыз және талқылауға қатысыңыз. Егер өзіңіздің мақалаңызды жібергіңіз келсе, оны қалай істеу керек екендігін осы жерден біле аласыз.