"Vocational Education Exchange" журналының желтоқсан айындағы санына қош келдіңіздер!

2016 жыл аяқталып келеді, біз жаңа жылдың тынысын сезудеміз. Тап қазір бізде журнал шығару бойынша өз қызметіміздің нәтижелерін қарап, өтіп бара жатқан жылдың қорытындысын шығару мүмкіндігіміз бар.

Бұл шығарылымда біз журнал қол жеткізген жетістіктерді талқылаймыз, ал одан да маңыздысы, оқырмандарымыз пен студенттеріміздің жетістіктерін атап өтеміз. Шығарылымда сіздерге және сіздердің студенттеріңізге өз жұмысын жүйелеп, жетілдіруге көмектесетін ұсынымдар мен өзекті кеңестер, зерттеулер жарияланған. 

Электрондық портфолио: студенттер жетістігін арттыру құралы

Электрондық портфолио студенттердің оқу үлгерімін қадағалап отыру үшін және онлайн форматта кері байланыс орнату үшін жасалады. Ал олар студенттердің оқу үлгерімін қалай жақсарта алады? Біз бұл сұраққа жауап беретін он себепті құрастырдық!