Өткен айда біз цифрлық технологиялардың пәндерді оқытуға қандай жақсартулар енгізетіні туралы «Үздік кеңестер» мақаласын жариялаған болатынбыз. Бұл айдағы номерді біз өтіп бара жатқан жылдың қорытындыларын шығаруға арнаймыз.

Глазго колледжі студенттердің оқу үлгіріміне қадағалау жасауға көмектесетін және онлайн форматта кері байланысты қамтамасыз ететін электрондық портфолионы сәтті түрде енгізді. Осы жобаға қанаттанған біз оқырмандарға электрондық портфолионы пайдалану кері байланыстың әдістерін және студенттердің жұмысын бағалауды оңтайландыратын он себеп туралы айтпақшымыз.

Кері байланысты ынталандыру:

  • Арада уақыт өткен соң процеске тарту: электрондық портфолионы оқу жөніндегі ақпаратты сақтау үшін пайдалану студенттерге өздерінің әртүрлі кезеңдерде жеке дамуын  қадағалауына көмектеседі. Глазго колледжінің зерттеушілері  электрондық портфолио студенттерге өткен тапсырмаларды қайталап қарауға және өз қателіктерінен үйренуге мүмкіндік беретінін байқаған. Бұл студенттердің олардың оқу сипатының үзіліссіз екендіктерін түсінуіне  көмектеседі. 
  • Оқытудың толық картинасы: электрондық портфолионы пайдалану студенттерге өздерінің оқуларының толық және егжей-тегжейлі картинасын көрсетеді. Пәннен берілген жазбаша жұмыстарды электрондық портфолиода сақтауға болады, сондай-ақ олардың цифрлық әлеуетін толықтай пайдалануға болады. Бейнежазбалар, аудиожазбалар мен фотолар да  студенттерге кәсіптік білім алуының толық және егжей-тегжейлі картинасын көруге көмектеседі.
  • Нақты сұрақтар қойыңыздар: Сұрақтар қоя отырып, студенттерді өзінің оқуы туралы ойлануға жетелеуге болады. Бұл процесті цифрлық салаға аударыңыз – сіз студенттердің назарын детальдарға: орындалған түрлі тапсырмаларға, ол жұмыстардың сапасына, нақтылығына және әдістеріне, олардың ағымдағы тапсырмаларына аудара аласыз, сондай-ақ оқыту процесі туралы олардың пікірлерін біле аласыз.
  • Кері байланысты қолжетімді етіңіз: кері байланысты бір жерде ұстау студенттерге өздерінің бұған қашан дайын болатыны туралы айтуына мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды сәт – цифрлық түрдегі кері байланысты қағаз сияқты жоғалтып ала алмайсың. Глазго колледжінде электрондық портфолионы пайдалану студенттерге комментарийлерді және оқытушылардың кеңестерін мұқият зерделеуге мүмкіндік береді.

Кері  байланыстың әдістерін жетілдіру: 

  • Студенттердің қызметін қадағалау: электрондық портфолио оқытушыларға белгілі бір уақыт ішінде өз студенттерін оқытудың қалай жүріп жатқанын қадағалауға мүмкіндік береді. Педагогтердің студенттер өз көрсеткіштерін қалай жақсартқанын көру, сондай-ақ көмек керек студенттерді анықтау мүмкіндігі бар.
  • Кафедра жұмысын бағалау: электрондық портфолионы пайдалану Глазго колледжіне оқытушылар құрамының қызметін бағалау процесін жақсартуға көмектесті. Енгізілген жаңашылдықтың арқасында енді мұғалімдер өздерінің түсініктемері мен ескертпелері мұқият дайындалғанына және студенттер үшін пайдалы болғанына дәлелдер келтіре алады.  
  • Кезең-кезеңімен енгізу: оқу процесін ұйымдастыру практикасына цифрлық технологияларды енгізу оңай болмауы және көптеген кедергілерге ұшырауы мүмкін. Солай болғанымен де егер инновациялар кезең-кезеңімен енгізілсе, проблемаларды еңсеруге болады.  Глазго колледжі әуелі электрондық портфолионы 50 студент үшін ашты. Бірте-бірте бұл цифр көбейе бастады, өйткені оқытушылар да, әкімшілік қызметтегілер де жүйемен жұмыс істеуді үйреніп алды.

Студенттердің табыстарын көрсету және басқа да пайдалы кеңестер: 

  • Студенттердің табыстарын көрсету: дәлелдемелердің бір жерде сақталуы студенттерге өздерінің жетістіктерін басқа адамдарға көрсетуіне мүмкіндік береді. Атап айтқанда, студенттер курсты олардың оқу траекториясы мен жетістіктері егжей-тегжейлі сипатталатын бірыңғай құжатпен аяқтайды, мұны олар әлеуетті жұмыс берушілерге көрсете алады. 
  • Таныс бағдарламаларды пайдаланыңыздар: электрондық портфолио оқытушылар мен студенттер үшін қолжетімді болуы керек. Оқытушылар мен студенттер күнделікті өмірде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану инновацияларға басты өту жолын жүзеге асыруға және қатысу пайызын арттыруға көмектесе алады. Глазго колледжінде  Microsoft құралдары осы мақсатқа сәйкес келеді деп ойлайды, сондай-ақ iBooks Author қосымшасы электрондық портфолионы түлектердің болашақ мансабы үшін жұмыс істеуге – болашақ жұмыс берушілер үшін тартымды болуға пайдасын келтіруі мүмкін.  
  • Инклюзивтік оқыту: дислексиядан зардап шегетін студенттердің тапсырмаларды өздеріне ыңғайлы форматтарда орындау мүмкіндігі бар. Глазго колледжінің зерттеушілері дислексиядан зардап шегетін студенттер кері байланысты сенімдірек ала бастағанын және өз жетістіктерін жақсырақ көрсеткендерін байқады.