"Vocational Education Exchange" журналы шыға бастағанына жарты жылдан асты. Біз сіздердің қандай қиындықтармен және міндеттермен бетпе-бет келетіндіктеріңіз туралы және сіздің жұмысыңыз туралы көбірек біліп, оларды шешу үшін пайдасы тиетін нақты кеңестер бергіміз келер еді

2017 жылдан бастап журналда «Дағдылар жөніндегі сарапшы» айдары ашылады.

Бұл айдарда сіздер кәсіптік білім берудің кез келген аспектілері туралы сұрақтар қоя аласыздар.

Әр айда нақты дағды бойынша сарапшы оқырмандардың сұрақтарына жауап беретін болады. Бұл ретте олар жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұлғайтуға арналған дағдыларын жетілдіре отырып, проблемаларды еңсеру бойынша кеңестер береді. 

Сұрақтарыңызды келесі эл. мекенжайына жібере аласыз: VEE@britishcouncil.org.

Қаңтар айында Гринвич университетінен келген сарапшы Трэйси Партридж курсты оқыту шеңберінде студенттеріңіздің нақты академиялық қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру керектігі туралы сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.   

Ай сайын ақпараттық бюллетеньді алып тұру және сұрағыңызға берілген жауапты өткізіп алмау үшін, журналға жазылыңыз.