"Vocational Education Exchange" интернет-журналын шығарған сәуір айынан бастап бізге оны Батыс Балкан мен Орталық Кавказдың сегіз елінде шығару мүмкіндігі туды және оны 100000 реттен көп қараған. Қазіргі сәтте ол тоғыз түрлі тілде кәсіптік білім беру саласындағы 150 000-нан астам оқытушылар мен басшылар үшін қолжетімді.

Біздің оқырмандарымыздың білім берудің британиялық секторындағы озық әдістемелер мен материалдарға қолжетімділік алу, сондай-ақ өздерінің әдістемелерімен айырбастау мүмкіндігі бар. Біз осы жылдан кейін бүкіл әлемдегі кәсіптік білім беру саласындағы мамандар осындай мүмкіндікке ие болады деп үміттенеміз!

Көптеген елдерде біздің журналдың бесінші саны үлкен қызығушылық тудырды, онда түлектерді жұмысқа орналастыру және оларға керекті түйінді дағдылар туралы айтқан болатынбыз. Косово мен Сербияда оқырмандар журналдың жұмыс берушілермен өзара қатынасы туралы жазылған үшінші санына да қызығушылық танытты.

Журналда қырықтан астам британиялық авторлардың мақалалары жарияланды, солардың ішінде өзекті кеңестер беретін, өмірден нақты мысалдар келтірілетін мақалалары және жүктеп алуға болатын материалдар жарияланды.

Біздің оқырмандар өздерімен бірге жұмыс істейтін жас адамдардың мансаптық өсуіне қатты алаңдаулы. Біздің журналға кіру рейтингіне сәйкес жас адамдарды жұмысқа орналасуға дайындайтын, оларда түйінді дағдыларды қалыптастыратын, студенттерге  LinkedIn әлеуметтік желісін пайдалануға кеңес беретін және мультимәдени жұмыс ортасында жұмыс істеу барысында табысқа қол жеткізу туралы мақалалар бірінші орында тұр. 

Өзіміздің 2016 жылғы қызметімізді еске ала және 2017 жылды тағатсыздана күте отырып, біздің журнал өз көкжиегін кеңейтіп, біздің оқырмандарымызды сындарлы өзгерістерге жетелейді. Біз ұсынған ресурстар мен құралдар бүкіл әлем бойынша сабақтар мен шеберлік сағаттарында пайдаланылады деп үміттенеміз. 

Жаңа жыл тақап қалды, біз сіздерді талқылау процесіне және білім мен тәжірибе алмасуға тартқымыз келеді. Қаңтар айында біз журналымыздың сіздердің жұмыстарыңызға қалай әсер еткенін, оның мазмұнын қалай жақсартуға болатынын зерттеу үшін сауалнама жүргіземіз. Сондай-ақ біз  «Дағдылар жөніндегі сарапшы» айдарын әрі қарай жалғастыратын боламыз. (сілтеме)

Сіздерге желтоқсан айындағы санымыз ұнады деп үміттенеміз. Біз сіздерге Жаңа жыл бақытты жыл болсын деп тілейміз!