Кәсіптік дағдылар практикасы тәжірибесінің бірі студенттердің халықаралық жарыстарға қатысуы.  WorldSkills қауымдастығының жарыстары жас адамдарды оқуда және өз мансабының басында озық болуға ынталандырады. Біз 2016 жылғы WorldSkills ұлттық жарыстарынан кейбір фотосуреттерді іріктеп алдық. Ол жарыстар осы айда Бирмингемдегі "Skills Show" іс-шара шеңберінде өткен болатын. Қауымдастықтың британиялық филиалының директоры Нейл Бентли былай деп атап көрсетті: «Бұл балаларды олардың отбасылары, достары мен әріптестері ғана емес, тұтастай қоғам мақтан ететін болады: олар – біздің болашағымыз және өз жұмысын барша қажетті дағдылармен орындауға ынталандыратын таланттардың жаңа буынына арналған рөлдік модель».     

"Мына жерде студенттердің қызметтің әр саласындағы: тас қалау және косметикалық ем-шара жасау дағдыларын көрсететін бес  фото сурет. Сіздер осы жас адамдардың өте талантты екендігіне сенесіздер деп үміттенеміз!

Сізде оқушыларыңыздың дағдыларын көрсететін фото суреттер бар ма? Сіздер оларды біздің оқырмандарымызға көрсете аласыздар! Фотоларды  VEE@britishcouncil.org почтасына салуға болады. (Жариялаудың алдында біз оны жариялауға келісіміңізді алу үшін сізбен хабарласамыз).