Осы айда біз оқу бағдарламаларының инновацияларын және олардың өнеркәсіп пен техникадағы қарқынды өзгерістерге бейімделуін егжей-тегжейлі қарайтын боламыз. Бізде математикадан оқу бағдарламасын өзектендіру мәселелері бойынша тақырыптық зерттеулер, коучинг (консультация жасау) оқытушыларға олар өзгеріске бейімделуі үшін қалай қолдау көрсететіні  зерттеулер бар, сондай-ақ осы технологияны оқу сапасын арттыру үшін қолдану бойынша өзекті кеңестер және тағы басқалар бар. Оқыңыздар және оқытудағы инновациялар туралы жаңа идеяларды біліңіздер!

Оқу жоспарын өзектендіру

Экзетер колледжінің Медиа Департаменті мен Ұлыбританияның Денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік қызметі (NHS) оқу жоспарының бірлескен жаңа моделін әзірледі. Бұл модель тиісті салада жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларға оқытып, үйретуді көздейді, сондай-ақ NHS-тің қызметкерлерге деген қажеттіліктеріне сай келетін болады.

Тез өзгеретін жергілікті нарықтың сұраныстарына жауаптар

Лидс Сити Колледжінің оқу жоспарын қарқынды түрде өзгеріп отырған жергілікті нарықтың талаптарына бейімдеуі бойынша тәжірибесі туралы біліңіздер. Сіздерге оқу жоспарын жасау үшін жергілікті нарыққа талдау жасау ("Local Market Intelligence") қажеттігі және осы талдаудың құралдары туралы айтып береді

Кіріспе: "Дағдылар бойынша сарапшы"

Енді Сіздің кәсіптік білім берудің тап өзіңізге керек аспектілері және дағдылар туралы сұрақ қою мүмкіндігіңіз бар. Әр ай сайын біз сіздердің нақты дағдылар бойынша қойған сұрақтарыңызға жауап беретін және қиыншылықтарды қалай жеңу керектігі туралы кеңестер беріп, ұсынымдар жасайтын сарапшыларды шақыратын боламыз.