Лидс Сити колледжі цифрлық технологиялар индустриясының талаптарына сәйкес келу үшін мүлдем жаңа курсты бастап отыр

Йоркшир аударында тұңғыш рет мобилді қосымшаларда және Ойындарда 3 дәрежелі диплом мобилді технологиялар мен кеңселік қосымшалар әзірлеуді біріктіреді. Курс бизнес, демалыс және есептеу салаларда қарқынмен өсіп келе жатқан мобилді қосымшалар нарығына сәйкес келетін техникалық мамандарды кәсіптік дайындау үшін әзірленген.

Курс оқушылардың кеңселік және мобилді қосымшаларды әзірлеу арқылы қосымшалар және ойындар әлемін ашуына мүмкіндік береді. Курс заманауи қосымшаларды түсіну және әзірлеу , графикамен жұмыс істеуді, цифрлық маркетингке арналған кодтау және пайдаланушылар интерфейтерін жасау дағдыларын жақсартады

Курстың түрлі пәндері студенттердің кеңселік және мобилді қосымшаларды әзірлеу арқылы түрлі бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануы бойынша дағдылар кешенін алуға мүмкіндік береді.

Курстың кейбір пәндерінің тізімі мынау:

  • Медиа-жазып-көрсету
  • Креативті Медиаиндустриямен жұмыс істеу
  • Цифрлық БАҚ-пен жұмыс істеу дағдылары
  • Өндіріс алдындағы портфолио
  • Объектіні арнайы зерттеу 
  • Медиа-науқандар 
  • Қосымшаларды қосу
  • Қосымшаны әзірлеу
  • Веб-сайттарды вәзірлеу
  • Цифрлық ойындарды әзірлеу

Сіздер курстың қолжетімді пәндері туралы мына жерден біле аласыздар (ағылшын тілінде):

Визуальдық және Цифрлық өнер бойынша оқу курсының жетекшілері Ариф Юнус және Тим Бальмфорз: 

Күнделікті өмірде істейтін нәрселеріміздің барлығын да мобилді қосымшалардың көмегімен модельдей алуға болатын заманда, біз соның бәрін де қамтитын және студенттерге креативті медиа индустрия туралы дұрыс біліммен қатар олардың осы дамып келе жатқан индустрияда кәсіптік тұрғыдан дамуға мүмкіндік пен тиісті дағдылар беретін курс ашқымыз келді". Курс өз мақсаттарына қол жеткізу үшін керекті креативтілік пен бағдарлама жасаудың дұрыс арақатынасын ұштастырған және студенттерге осы салада мансап құруға мол мүмкіндік береді".