Өткен айда біз Халл колледжінің оқыту бағдарламасындағы инновацияларға арналған  "Төңкерілген оқыту" ("flipped learning" тәсілі) арқылы жүргізген зерттеуін жариялаған болатынбыз. Бұл айда біз осы инновацияны іс жүзіне асыруға коучингтің оқытушыларға қалай көмектескені туралы айтамыз.

Зерттеуге шолу

Зерттеу Халл колледжі жүргізген "Төңкерілген оқыту" ("flipped learning" тәсілі) арқылы табысты бекіту" жобасының коучинг философиясын түсіндіреді. Жобада құрылыс, инженерия, косметикалық қызмет көрсету және жоғары білім саласындағы пәндік-бағдарланған төрт бағыт болды. Және әрбір салада  "төңкерілген оқытудың" әртүрлі техникасы пайдаланылды. Осы саладағы қызметкерлердің аталған технологияларды пайдаланудағы дағдылары мен сенімділігін жетілдіруге коучингтің жеке техникаларымен  топтық тренингтер жүргізу арқылы қол жеткізілді. 

Бұл зерттеуден кім және неліктен пайда таба алады 

Пәндік-бағдарланған нұсқаушылардың дамытулары индустрия қызметкерлерінің ақпараттық және коммуникациялық технологияларда (АТТ) өздерінің сенімділігі мен құзыреттілігін арттыра алатынын білгісі келген адамдар.  Сіздің ұйымдағы коучингтік мәдениеттің дамуы ресурстарды бірлесе пайдалануға  және жұмыстың тиімді схемаларын енгізуге жәрдемдесе алатынын білгісі келетін адамдар.  Қызметкерлердің немесе сапаның дамуына жауапты адамдар және жеке немесе топтық коучингтің аудиториялардағы техникалық тұрғыдан жабдықталған оқытуға әсерін білгісі келетін қызметкерлер. Техникалық мамандарды оқыту үшін жауапты және коучинг әдісін пайдаланып оқытудың артықшылықтарын түсінгісі келетін қызметкерлер.  

Зерттеудің бір бөлігі болып табылатын курста Халл колледжінің қызметкерлері мыналарды түсіндіреді:

  • Халл колледжінің тобы дегеніміз не екенін  
  • Топ қызметкерлері өздерінің коучинг модельдерін, коучинг процесін және  техникалық тұрғыдан жабдықталған оқытуды қоса алғанда не істегілері келетінін және неліктен солай еткілері келетінін.
  • Зерттеудің оң әсерінің дәлелдерін  
  • Осы әдіс арқылы игерілген сабақтарды  
  • Нәтижелерді одан әрі табысты енгізуге арналған өзекті ұсынымдар 

Сыртқы сілтемелер